Меншікті кедергі. Электр кедергісінің температураға тәуелділігі. Асқан өткізгіштік
Сабақ тақырыбы: Меншікті кедергі.
Электр кедергісінің температураға тәуелділігі. Асқан өткізгіштік
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік. Практикалық жұмыстар арқылы меншікті кедергі, электр кедергісінің температураға тәуелділігі, асқан өткізгіштік туралы оқушыларға алғашқы түсініктер беру, жаңа білімді қалыптастыру.
- Дамытушылық. Оқушылардың іскерлік қабілеттерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
- Тәрбиелік. Оқушыларды ұйымшылдыққа, мейірімділікке, адамгершілікке, еңбекшілдікке, ізденімпаздаққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақ типі: дәстүрлі емес (ізденіс сабағы)
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, экспримент,формула бойынша есептер шығарту.
Көрнекіліктер: Физика тапсырмалар жинағы, физика есептерінің жинағы.Электронды оқулық.
Құрал-жабдықтар: Вольтметр, амперметр, кедергі, айырып-қосқыш, тоқ көзі, өткізгіш сымдар,кілт.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа даярлау,сабақ мақсатымен таныстыру.
II.Үй тапсырмасын сұрау.
1.Кесте толтыру.
Физикалық шама | Белгіленуі | Өлшем бірлігі | Формуласы |
Кернеу | |||
Ток күші | |||
Кедергі |
2.Шартты белгілерді оқу.
А |
V |
3.Графикпен жұмыс.
График бойынша ток күшін анықтау.
III.Жаңа сабақ
1.Эксприментке қажетті құралдармен таныстыру.
2.Экспримент жасау.(Оқушылар 3 топқа бөлініп,3 түрлі жағдай бойынша тәжрибе жасап, алған нәтижелеріне талдау жасайды.)
А.Көлденең қимасы мен материалы бірдей өткізгіштің ұзындығы L және 2L болатын тізбек құрап нәтижесін салыстырып талдау.
(Мыс сым)
Ә.Әртүрлі материалдан жасалған,көлденең қимасы мен ұзындығы бірдей өткізгіш сым арқылы тізбек құрып нәтижесін талдау. (Мыс және темір сым)
Б.Бірдей материалдан жасалған ұзындығы бірдей,көлденең қимасы әртүрлі өткізгіш сым арқылы тізбек құрып,нәтижесін талдау.
(Мыс сым)
3 топтың алған нәтижелерін салыстра отырып,меншікті кедергі ұғымымен таныстырып,формуласын қорытындылау.
(1)
(2)
Мұндағ, меншікті кедергі,SI жүйесіндегі өлшем бірлігі: Ом.М
s-өткізгіштің көлденең қима ауданы;
өткізгіш сым қзындығы.
Кедергінің температураға тәуелділігін Эо арқылы көрсету.
,(3)
Бұдан
(4)
Мұндағы R-өткізгіштің t температурадағы кедергісі;
өткізгіштің 0с-тағы кедергісі;
t- температура:
кедергінің температуралық коэффиценткедергінің температуралық коэффиценті.
Кедергінің температураға тәуелділік графтгі.
Асқын өткізгіштік-Таза металдардың және кейбір қоспалардың абсолют нөлге жақын температурада кедергісінің кенет нөлге дейін төмендеу құбылысы |
IV.Бекіту.19-жаттығу.1-2-есеп.»ңғ-бет,87-сурет бойынша есеп шығару.
V.Үйге тапсырма.19-ж.3,5,6.
VI.Бағалау.