Электр құбылыстары тарауын қорытындылау.
Сабақтың тақырыбы: Электр құбылыстары тарауын қорытындылау.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың алған білім деңгейін анықтау.
- Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, оқушылардың қарым-қатынасын дамытып, нашар үлгеретін оқушыларды ортаға тарту, тілдерін дамыту.
- Ойды жинқтап айту мен уақытты үнемдеуге үйрету.
Көрнекіліктер: компьтер слайдтар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеп, орналастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру ( әртүрлі ортадағы электр тогы )
ІІІ. Кім жылдам ? ( электр өрісі тарауын қайталау )
IV.сұрақ –жауап ( тұрақты ток тарауын қайталау )
- Өз үйіңді адаспай тап
- Бйге бөлімі
VIІ тест сабақты қорытындылау
Әр дұрыс жауапқа бір жетон беріледі . соған қарай бағаланады .
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
- Әдетте металл электр бейтарап екенін қалай түсіндіресің ?
- өткізгіштік қаситіне қарағанда электролит өткізгіш пе диэлектрик пе ?
- электронды сәулелік түтікше дегеніміз не ? ол қйда қолданылыды ?
- …. өйткені еркін электрондардың теріс заряды абс. Шамасы бойынша тордың оң зарядына тең.
- электролит өткізгіш
- …… электр сигналдарын көрінетін кескінге айнаолыратын вакуумды электрондық құрал.
ІІІ « Кім жылдам ? »
- Кез-келген зарядталған бөлшектің айналасында ———-болады?
Электр өрісі
- Электрлік қасиеттері бойынша заттарды қандай екі топқа бөлеміз ? (Электр өткізгіштер Электр өткізбейтіндер )
- Атом құрылысын ашқан ғалым ? ( Резерфорд )
- Кулон заңын тұжырымда ?
( Қозғалмайтын екі нүктелік заряд вакуумде зарядтардың көбейтіндісіне тура , олардың арақашықтығының квадратына кері пропорционал күшпен әрекеттеседі )
- Халықаралық бірліктер жүйесінде ( SI )? Электр зарядының өлшем бірлігі айт ? (Кулон ( Кл ))
- εо = 8,85*10ˉ¹² Кл²/Н*м² қандай тұрақты ? (Электрлік тұрақты )
- Кез-келген өткізгішті өткізгіш зарядының, оның потенциалына қатынасымен анықталатын шама ?
… =q/u Электр сыймдылық белгіленіуі ( С )
- ……………….электр өрісінің энергетикалық сипаттамасы болып табылады ? Потенциалдар айырымы ( φ1 – φ2 = А/q = U.)
ІУ « Сұрақ – жауап »
- Электр тогы дегеніміз не? Еркін электр зарядтарын
тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы
- Ток күші деп нені айтады және формуласы қандай? ( Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасы)
- Электркернеуі деп нені айтады және формуласы қандай? Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы
- Тізбектіңбөлігіүшін Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы
- Ом заңы қалай тұжырымдалады?
- Тізбектің бөлігіндегі ток күші осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал, ал өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал
- Өткізгіш ұштарындағы кернеуді қандай құралмен өлшейді және ол тізбекке қалай қосылады? Вольтметр.
Ол тізбекке параллель қосылады. - Тізбектің бөлігі үшін
Ом заңы қалай тұжырымдалады? Тізбектің бөлігіндегі ток күші осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал, ал өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал
Есеп:
Егер амперметр 2А-ді көрсетсе, ал резисторлардың кедергілері R1=15 Ом, R2=10 Ом, R3=5 Ом өткізгіштер тізбектей жалғанған болса, онда тізбектегі кернеуді табыңдар « 60 в »
№1 Шартты белгілер бойынша схемадан құралдарды атау
№2
График бойынша өткізгіш кедергісінің мәнін табыңыз?
Есеп:
Кедергілері 10 Ом және 15 Ом өткізгіштер паралель жалғанған. Егер электр кернеуі 60 В болатын болса, жалпы ток күші неге тең « 10 А »
№4
Шартты белгілер бойынша схемадан құралдарды атау
Өткізгішті тізбектеп жалғағанда:
а)R=?
ә)I=?
б)U=?
Жауабы:
а)R=R1+R2+….Rn
ә)I=I1=I2=…In
б)U=U1+U2+…Un
Өткізгіштерді параллель жалғағанда:
а)R=?
ә)I=?
б)U=?
Жауабы:
а)
ә)I=I1+I2+…In
б)U=U1=U2=…Un
Ом заңының маңызы:
ЖАУАБЫ:
Ом заңы берілген кернеуде,кедергі белгілі болған жағдайда электр тізбегіндегі тоқ күшін
анықтайды.Сол арқылы ол тоқтың жылулық,химиялық және магниттік әсерлерін есептеуге мүмкіндік береді. Себебі ол шамалар тоқ күшіне тәуелді. Ом заңы барлық тұрақты ток электротехникасының негізі.
Өткізгіштердің кедергісі мен меншікті кедергісі туралы не білеміз?
Жауабы:
Өткізгіштің негізгі электрлік сипаттамасы — кедергі. Берілген кернеуде ток күші осы шамаға тәуелді.Ом заңынан өткізгіштің кедергісін анықтауға болады.
Кедергі өткізгіштің материалына және оның геометриялық өлшемдеріне тәуелді. Ұзындығы l ,көлденең қимасының ауданы S өткізгіштің кедергісі мынаған тең:
— өткізгіштің затына және оның күйіне, температурасына тәуелді шама.Бұл шама өткізгіштің меншікті кедергісі деп аталады. Меншікті кедергінің өлшем бірлігі: Ом м
Электр тогының бар болуы үшін қажетті шарттар:
Затта тұрақты электр тогы пайда болуы және жүріп тұруы үшін,біріншіден ,еркін зарядталған бөлшектер бар болуы қажетті ,екіншіден,оларға белгілі бір бағытта әсер ететін күш қажетті
V « Өз үйіңді адаспай тап »
Формуланы дұрыс табу
VІ « Бәйге »
Тұрақты ток бойынша сұрақтар
VІІ « Тест » қорытындылау
- Т1. Тізбек бөлігінде 3 Кл заряд орын ауыстырғанда электр өрісі 120 Дж жұмыс атқарды. Кернеуді тап.
А) 360 В В) 0,36 кВт С)40 В Д) 4 кВ Е) 40 Вт
- Кедергіні реттеуге арналған құрал-
А) реостат В) резистор С)теристор
Д) транзистор Е) диод
- 15 секундта өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 120 Кл электр заряды өтеді. Тізбектегі ток күшін табындар.
А) 1,8 кА В) 18 А С)180 мА Д) 8 А Е) 8 Дж
- 24В кернеуге 1,5 А ток күшіне есептелінген шам 600 с жанды. Электр тогының атқаратын жұмысын анықтаңдар.
А) 216 кДж В) 21,6 кДж
С)216 Дж Д) 2,16 кДж Е) 3,6 кДж
. Кернеуі 220В ток көзіне электр шамы қосылған. Шамнан өтетін ток күші 0,3А-ге тең, оның 20с ішіндегі жұмысын анықтаңыз
А) 1320 Дж В) 396 Дж С)66 Дж Д) 4400 Дж Е) 6200 Дж
- Кернеудің өлшем бірлігі-
А) Ватт В) Ом
С)Вольт Д) Ампер
Е) Джоуль
- Ток күшінің өлшем бірлігі-
А) Ватт В) Ампер С)Вольт Д) Ом
Е) Джоуль
- Кедергілері 6 және 3 Ом өткізгіштер паралель қосылған. Өткізгіштің жалпы кедергісі-
А) 0,5 Ом В) 2 Ом С)9 Ом
Д) 18 Ом Е) 3 Ом
100 В кернеуге және 0,5 А ток күшіне есептелген электр шамының қуатын анықта.
А) 50 Вт В) 200 Вт
С) 0,005 Вт Д) 500 Вт
Е) 5 кВт
- Кернеуі 10 В электр доғасы ток көзіне қосылған. Электр доғасы 20 А ток күшін тұтынады. Электр доғасының қуатын анықтаңдар.
А) 200 Вт В) 2 Вт С) 0,5 Вт Д) 2 Дж Е) 200 Дж
1 сұрақ – С 6 сұрақ – С
2 сұрақ – А 7 сұрақ – В
3 сұрақ – Д 8 сұрақ – В
4 сұрақ – В 9 сұрақ – А
5 сұрақ – А 10 сұрақ — А
Оқушыларды бағалау