«Сақталу заңдары» тарауын қайталау.

 

Сабақтың тақырыбы: «Сақталу заңдары» тарауын қайталау.

Сабақтың мақсаты:1.Оқушылардың дене импульсі, импульстің сақталу заңы, реактивтік қозғалыс, энергия, энергияның сақталу заңы, энергияның бір түрден екінші түрге айналуы тақырыптары бойынша алған білімдерін толықтырып бекіту.

  1. Оқушы нені білді, нені есте сақтады осы орайдағы білімдерін  және пәнге қызығушылығын ойын элементтрерін  қолдана отырып дамыту.
  2. Топтың жұмыс жасау арқылы ұйымшылдыққа , бәсекелестікпен жұмыс істеуге адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Қайталау.

Сабақтың әдісі: Сайыс сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электрондық оқулық, слайдтар.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру.

А) Сыныппен  сәлемдесу.

Б) Сынып оқушыларын түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сайыс сынып 2 топқа бөлінеді.

І топ – Импульс

ІІ топ —  Энергия

 

Әр топтың топ жетекшілері сайланады. Топ жетекшісі тобындағы оқушының алған ұпайын бірден бағалау парақша белгілеп, сабақ соңынан бағалайды.

 

Сайыстың жоспары:

І. «Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап»

ІІ. «Қас – қағым сәт»

ІІІ.«Тапқыр болсаң – тауып көр»

ІV. «Қандай сенің қалпағың» атты серпіту.

  1. « Ал, қанекей физиктер»

 

І. «Қас – қағым сәт»  сайысында топ жетекшілері сақталу заңы тарауы бойынша тақтаға шығып 1 минутта бір – біріне көз салмай, бірнеше формула жазуы керек. Кім көп жазады, ұпай жинайды.

 

ІІ. «Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап» сайысында интерактивті тақтада әр топқа арналған 10 сұраққа 2 минутта жауап беру

 

« Импульс » тобына

1 Импульс сөзі қай елдің сөзі?

2 Дене импульсі дегеніміз не?

3 Импульст ің сақталу заңын тұжырымдау.

4 Реактивті қозғалыс дегеніміз не?

5 Кинетикалық энергия формуласы.

6 Неше сатыдан тұрады?

7 Дене импульсінің өлшем бірлігі

8 Бірінші космостық жылдамдық неге тең?

9  Серпімді соққы дегеніміз не?

10  Тұйық жүйе деп қандай жүйені айтады?

 

«Энергия» тобына

  • Импульс» сөзі нені білдіреді?
  • Күш импульсі дегеніміз не?
  • Күш импульсі мен дене имп-ң ар/ғы
  • Энергияның сақталу заңы тұжырымдау
  • Потонциялық энергия формуласы
  • Күш импульсінің өлшем бірлігі
  • Импульс қандай әріппен белгіленеді?
  • Екінші космостық жылдамдық неге тең?
  • Серпімсіз соңы дегеніміз не?
  • Қандай мақсатпен зымырандар көпсатылы болып келеді?

 

III. «Тапқыр болсаң тауып көр» сайысында әр отпқа 3 есептен 6 есеп беріледі

 

Есепті оқушылар уақытпен санаса шығарады

Есеп әр түрлі сандық,сапалық,логикалық болып келеді

 

«Импульс» тобына:

 

№1 есеп

Массасы 4т су шашқыш суды түгел шашып,босағаннан кейін 54км/сағ жылдамдықпен келе жатқандағы импульсі қандай?

 

№2 есеп

Ньютонның III-заңы бойынша  F1=F2 ендеше,неліктен,атқа жегілген арба бүг бағытта жүретінін түсіндір.

 

№3 есеп

Болат пен қорғасыннан жасалған көлемдері бірдей екі дене бірдей жылдамдықпен қозғалып барады,осы денелердің импуьстерін салыстыр.

 

. «Энергия» тобына

 

№1 есеп

Массасы 4 т су шашқыш автомашинасының цлетернасында 2м³ су бар.Машинаның су шашатын жерге 18 км/сағ жылдамдықпен келе жатқандағы импульсі қандай?

 

№2 есеп

А. Байтұрсынұлы аударған  «Аққу,шортан мен шаян »өлеңдеріндегі жүктің,бар күштерімен тартсадағы әлі күнге дейін орынынан қозғалмау себебін механикалық тұрғысынан түсіндір.

 

№3 есеп

Импульстері бірдей алюмини мен қорғасыннан жасалған денелердің өлшемдері бірдей,олардың массаларын салыстыр.

 

  1. «Ал,қанекей физиктер»атты сайысқа сыныптың физика олимпиядасына қатысатын оқушылары шығады.

 

Екі топқа 2 есептен беріледі:

 

«Импульс» тобына

 

№1 есеп

Массасы  50000 кг ғарыш кемесі двигателінің тарту күші 105н,двигателдің 6 с уақыт жұмысы кезіндегі ғарыш кемесі жылдамдығының өзгерісі.

 

№2 есеп

Массасы 10 т бірінші вагон 2м/с жылдамдықпен козғалады,оны 3 м/с жылдамдықпен келе жатқан массасы 10 т екінші вагон қуып жетеді,егер соқтығысу серпімсіз болса,соқтығысқаннан кейінгі бұл вагондардың жылдамдығы?

 

«Энергия» тобына

 

№1 есеп

8 м/с жылдамдықпен айналатын массасы 3 т жер серігінің импульсі неге тең?

 

№2 есеп

Массасы20 кг тыныштықтағы арбада массасы 60 кг адам тұр.Адам арбамен салыстырғанда 1 м/с жылдамдықпен қозғалса,арбаның жермен салыстырғандағы жылдамдығы кандай?

 

  1. «Ой түйін » Қорытынды.

 

Әр топ жетекшілері өз топтарының ауызша,жазбаша жауаптарын талдай келіп әр оқушының белсенділік корсеткенін атап,бағалайды..