Ш.Смаханұлы Тәкаппар

Сабақтың тақырыбы: Ш.Смаханұлы: Тәкаппар

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік:

Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, жаңа сабақты меңгерту. Мысалды оқи отырып, түпкі негізгі ойды анықтау. Ш.Смаханұлы туралы әңгімелеу.

  1. Дамытушылық:

Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілетін шыңдау.

  1. Тәрбиелік:

Адамгершілікке, адалдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын әдістер:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, шығармашылық, бес жол өлең, блок тапсырма: «Ас картасы» психологиялық тренинг, өздігімен оқу, ойын, ассоциация.

Оқыту технологиялары:

Ақпараттық технология, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы.

Сабақтың көрнекілігі: Ш.Смаханұлы суреті, бәйге тапсырмалары, Ас картасы, бес жол өлең, балық суреті, ойынға көрнекілік, топтауға берілген сөздер.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру. /Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау/

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Б.Соқпақбаев «Бурыл ат» «Бәйге» ойынын ойнату арқылы тексеріледі.

 

 

Оқушылар өздері ұпай таңдайды.

20               10               30

10               30               20

1/Сол жақтағы 20-«Бурыл ат» әңгімесінің авторы кім?

2/Сол жақтағы 10-Қандай ұлттық ойын желісіне құрылған?

3/Оң жақтағы 20-Бурылға мініп шабатын бала кім?

4/Оң жақтағы 30-Сынампаз қариялар жарысқа қатысатын бурыл ат туралы не айтты?

5/Ортадағы 10-Бурыл аттың бәйгеден бірінші келетініне кім сенімді еді?

6/ Ортадағы 30-Мәреге жалғыз дара болып қай ат келді?

ІІІ. Жаңа сабақ

1/кіріспе

Сықақшы — ақын Шона Смаханұлы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық аулында туып өскен. Балаларға арналған «Шимайбек пен Шеңқетпе» «Көріп жүр ғой көздерің» «Ұр, тоқпағым, ұр» сияқты әзіл-оспақ кітаптарының авторы.

Ол елін сүйген ұлтжанды, қайсар қаламгер. Қандай құрметке де лайық. Бүгін біз Шона Смаханұлының «Тәкаппар» мысалын оқимыз. Көркем шығарманың басқа түрінен мысалдың өзгешелігі мысалда белгілі бір үгіт, тәлім-тәрбиелік мән болады. Және де оқылуы да өзгеше. Ш.Смаханұлының суреті мен «Ас» картасы ілінеді.

2/

N1

«Ас картасы»

балық        құрлық

мақтану     жылапты

теңіз

 

5 сөзден тұратын блок ілініп белгілі уақыт ішінде берілген сөздер қатарын есте сақтап қалу тапсырылады.

 

Оқушылар көздерін жұмған сәтте блоктан бірнеше сөз алынып тасталады.

 

N2

«Ас картасы»

…..              құрлық

мақтану     …….

теңіз

Блокты қайта құру тапсырылды

 

3/Үн таспадан тыңдау

Тыңдап болған соң блоктағы сөздерге байланысты әңгімеде не айтылғанын сұрау. Мақтанып көп сөйлейтін, өзімшіл адамдар кездесе ме?

4/Сөздік жұмыс.

Тәкаппар — өркөкірек, менмен.

Құрлық — сусыз жер.

5/Оқулықпен жұмыс. /іштей оқу/

Сергіту жаттығуы:

Бұғының үйі үлкен

Ол әйнектен қарады.

Қоян келді жүгіріп,

Есікті тарс-тарс қағады.

Тарс-тарс,

Есікті аш

Орманда зұлым аңшы бар.

Қоян-қоян кіре ғой

Қолыңды маған бере ғой.

6/«Балық аулауға» барайық. Теңізде мақтаншақ балықтар бар екен.

Теңізді солардан тазартайық. Ол үшін балықтың артындағы сөзден сөйлем құрайды. Сөздер: жақсы, жаман, ұқыпты.

7/Тақтамен жұмыс.

5 жолды өлең құрату.

  1. Не? Балық.
  2. Қандай? Тәкаппар, мақтаншақ
  3. Не істейді? Жүзеді, жылады, өкінеді.
  4. Сөйлем. Мақтаншақтық жаман әдет.
  5. Мағыналас сөз. Су жануары.

8/Жақсы жаман әдеттерді топтастыру.

9/Поэзия минуты. Өтілген тақырыпқа байланысты жаттаған өлеңдерін оқиды.

10/Психологиялық тренинг.

Әдемі әуен ойналады. Қол ұстасып тұру. Бір-бірінің жақсы қылықтарын айтып мадақтау.

  1. Оқушылардың білімін бағалау.

VІ. Үйге тапсырма.

79-80 бет оқу.

 

 

Б. Н. Ажмагамбетова

Семей қаласы Қ.Рысқұлбеков атындағы №33 орта мектеп

бастауыш сынып мұғалімі.