Сынақ (зачет) сабағы
Сынақ (зачет)сабағы
Мақсаты: 1. Тарау бойынша алған білімдерін тиянақтау, білімін тексеру.
2.Тарау бойынша алған білімдерін дамыту, оқушы санасына сіңіру.
3.Оқушыларды өз бетімен еңбектенуге , теориялық білімдерін
практикамен ұштастыра білу.
Сабақтың әдісі: ұжымдық, топпен жұмыс.
Ұйымдастыру кезеңі: сыныпты бірнеше топтарға бөлу, әр топта 5 не 6 оқушыдан.
Сынақ екі кезеңне тұрады.
Бірінші кезең: оқушылар алған білімдерін тест немесе ауызша тарау бойынша барлық сұрақтарға жауап береді .( сұрақтар тек қана бір тараудың көлемінде немесе барлық өткен тарау бойынша алуға болады)
Топ басшылары сайланып, дайындықтарын баяндайды.
Әр топ басшылары келіп , жетон алады. Бұл жетондарда «Сенім», «Өкіл», «Барлығы», «Таңдау», «Емтихан қабылдаушы» деген сөздер жазылған.
- «Таңдау» сөзі түскен топтан сұраққа жауап беретін оқушыны мұғалім таңдайды.
- «Өкіл» сөзі түскен топтан сұраққа жауап беретін оқушыны топ өздері таңдайды.
- «Сенім» сөзі түскен топ, топ басшысына сенім артады, яғни сынақты топ басшысы алады.
- «Барлығы» деген сөз түскен топ ,барлығы мұғалімге жауап береді.
- «Емтихан қабылдаушы» сөзі түскен топ барлық топ басшыларынан сынақ алады.
- Екінші кезең: оқушы өткен тарау бойынша немесе барлық тараулар бойынша формулаларды толық және жақсы түсіну , есеп шығара білу осы формулаларды жақсы меңгеруге тікелей байланысты.
Мысалы: кинематиканың негізгі теңдеуі деп аталатын екі формуланы
2
v = v+at. S= vt + at / 2
қорытып шығарғаннан кейін осы екі формуладан тағы 22 – формула туындатуға болады.
Бұл формуланы меңгеру екі бағытта жүргізіледі.
1) а – үдеу үшін (12 формула)
2) g- үдеу үшін (12 формула)
Кинематиканың негізгі теңдеуі v = v0+at. S=v0t + at 2/ 2
- Бастапқы жылдамдығы бар бірқалыпты
үдемелі қозғалыстың жылдамдығы v = v0+at.
- Бастапқы жылдамдығы бар бірқалыпты
үдемелі қозғалыстың орын ауыстыруы S=v0t+ at2 / 2
- Бастапқы жылдамдығы бар бірқалыпты
кемімелі қозғалыстың жылдамдығы v = v0 — at.
- Бастапқы жылдамдығы бар бірқалыпты
кемімелі қозғалыстың орын ауыстыруы . S=v0t – at2 / 2
- Бастапқы жылдамдығы жоқ бірқалыпты
үдемелі қозғалыстың жылдамдығы v = at
- Бастапқы жылдамдығы жоқ бірқалыпты
үдемелі қозғалыстың орын ауыстыруы S= at2 / 2
- Бастапқы жылдамдығы жоқ бірқалыпты
кемімелі қозғалыстың жылдамдығы v = — at.
- Бастапқы жылдамдығы жоқ бірқалыпты
кемімелі қозғалыстың орын ауыстыруы . S= — at2 / 2
- Бастапқы жылдамдығы бар бірқалыпты
үдемелі қозғалыстың уақытқа байланыссыз жылдамдығы v = 2 + 2as.
10.Бастапқы жылдамдығы бар бірқалыпты
кемімелі қозғалыстың уақытқа байланыссыз жылдамдығы v = 2 — 2as.
11.Бастапқы жылдамдығы жоқ бірқалыпты
үдемелі қозғалыстың уақытқа байланыссыз жылдамдығы v =
12.Бастапқы жылдамдығы жоқ бірқалыпты
кемімелі қозғалыстың уақытқа байланыссыз жылдамдығы v =
- Бастапқы жылдамдығы бар бірқалыпты
вертикаль еркін төмен түскен дене жылдамдығы v = v0 + gt.
.
- Бастапқы жылдамдығы бар бірқалыпты
еркін төмен түскен дене биіктігі һ= vvt +gt2 / 2
- Бастапқы жылдамдығы бар вертикаль
еркін жоғары қозғалған дене жылдамдығы v = v0 — gt.
- Бастапқы жылдамдығы бар вертикаль
еркін жоғарықозғалған дене биіктігі һ= vvt – gt2 / 2
- Бастапқы жылдамдығы жоқ вертикаль
еркін төмен түскен дене жылдамдығы v = gt.
- Бастапқы жылдамдығы жоқ вертикаль
еркін төмен түскен дене биіктігі һ= gt2 / 2
- Бастапқы жылдамдығы жоқ вертикаль
еркін жоғары қозғалған дене жылдамдығы v = — gt.
- Бастапқы жылдамдығы жоқ вертикаль
еркін жоғары қозғалған дене биіктігі һ= -gt2 / 2
21.Бастапқы жылдамдығы бар бірқалыпты вертикаль
еркін төмен түскен дене уақытқа байланыссыз жылдамдығы v = v0 2 -2gһ
22.Бастапқы жылдамдығы бар бірқалыпты вертикаль
еркін жоғары қозғалған дене уақытқа байланыссыз жылдамдығы v = v0 2 -2gһ
23.Бастапқы жылдамдығы жоқ бірқалыпты вертикаль
еркін төмен түскен дене уақытқа байланыссыз жылдамдығы v=һ
24.Бастапқы жылдамдығы бар бірқалыпты вертикаль
еркін жоғары қозғалған дене уақытқа байланыссыз жылдамдығы v = — 2gһ