А дыбысы мен әрпі

А дыбысы мен әрпі

Аннотация

Бұл жұмыста А дыбысы терең зерттеліп, оның көп жерде пайдалануы туралы мағынасын аша білген

Пікір

Мектеп табалдырығын аттаған әрбір адам ең алғашқы оқу мен жазуды алфавиттегі А дыбысы мен әрпін танудан бастайды.

Әріптердің барлығының аттары бар. Олардың атауында өзіңдік ерекшеліктер бар.Адамдар сөзді бөліктерге-буынға бөлуге болатыны жайлы, әрбір сөзді өз кезегінде одан әрі бөлшектеп-дыбыстарға бөлінуі түсіндірілген.

Бұл ұсынып отырған жұмыс осы алғашқы әріптің,бірінші болып тұруы,адамның өмірге келуімен байланысты екенін көрсеткен.

Әріптің дыбысталуы,пішіні,бейнесінің өмірдегі басқа заттармен ұқсастығын зерттей отырып, оның жәрдемімен ұлы сөздердің жазылуының маңыздылығын ашып көрсеткен

 

 

Пікір жазушы: оқу ісі меңгерушісі: Акимова С.Қ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

Әріптер тарихында өте ерте кезде ең алғашында суреттер қолданылған.Айтқан сөзді түсіну үшін үш мыңдай жыл бұрын әр түрлі сызықтар,кесінділер пайда болған.

Адам сөзінің дыбыстарына сай келетін әріптер бар алфавит ең бірінші Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан Финикия елінде пайда болған.

Ал орыс алфавитінің негізін қалаған ағайынды Кирилл мен Мефодий.Осыдан кириллица жазуы шыққан.

Қазір дүние жүзінде 65 алфавит бар. Сло алфавиттердің ішінде ең көбі 65 әріп, ең азы-11әріп-Новая Гвинея елінде.

Қазақ елі алғашында 1929 жылы араб,одан кейін латын,ең соңында 1940 жылы орыс алфавитіне көшкен.Міне, оғанда 70 жыл болыпты.

Осының бәрін жинап қарасақ, ең алғаш А әрпі үш мың жыл бұрын туған екен.

Барлық жоқ бір әріп ғана болған. Қазір осы әріппен кез келген сөз, сөйлемді, ойды жазуға болады.

А-латын және орыс графикіне негізделген алфавиттегі бірінші әріп………Түркі тілінде екі түрі бар.Біріншісі қалыпты дыбысталатын,ал екіншісі созылыңқы дыбысталатын.

Қазақ тілінде –алғашқысы созылыңқы

дыбысталатыны сөз мағынасын ажырататын фонаматикалық орны бар.

5-8 ғасырда түрік алфавитінде қолданған (Орхон-Енисей жазуы) А төрт түрлі таңбаланған.Бұлар көрші дауыссыздардың ыңғайына қарай бірде А,бірде Е болып оқылған.Бір текст ішінде екі түрлі таңба жарыса қолданылмаған.

9-14 ғасырда қолданған алфавитте (көне ұйғыр) А сөздің басында-бір түрлі,ортасында екінші түрлі,соңында үшінші түрлі жазылған.Түрік, арабтарда екі түрмен жазылған.

3

Дүниеде белгілі көп алфавиттің арғы негізіболған ескі (финикия) жазуында бұл әріп «алеф» (дене) деп аталған. Ойткені ол өгіздің басын бейнелеген иероглиф

Аа

арқылы таңбаланған Осыдан ескі грек алфавитіндегі а (альфа) және көптеген халықтар әліппесіндегі А қалыптасқан.  А символ ретінде қолданылған.

 

 

Ол тек дыбыс таңбасы ғана емес «бірінші» «бастама» деген ұғымды білдіреді. Грек тілінен ауысқан кейбір сөздерде А болымсыздық мағынаны аңғартады.

А дыбысының пайда болуы,адамның өмірге келуімен байланысты.Адамның шыр етіп туғанда ең алғаш ауыз қуысының кең ашылуынан жуан дауысты А-а-а- дыбысы шыққан. Сонымен қатар қуанғанда,ренжігенде, мұнайғанда,бір нәрсеге таңғалудың барлығы А дыбысы арқылы жасалады.

А дыбысы А әрпімен белгіленеді. Оның ерекшелігі: үш таяқшадан екеуі——-төбелерін түйістірсе,біреуі көлденең тұрады.   А

А әрпі адам өмірінде күнде кездесетін заттарда бар: үйдің шатырында,жер өлшеуіште, циркульде,ракетада, галстукта, шыршада, телеграф столбасында, математикалық циркульда

 

 

 

 

4

телеграф столбасында, сатыда .

 

 

 

пирамидасында, бас қаламыз Астанадағы ғимараттарда, әсем Бәйтерек жиегінде. «Астана-Бәйтерек» Қазақстан Республикасының Астана                        қаласындағы нысандық мәні бар еркерткіш — ғимарат.

Ғимараттың идеясын беруші Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

 

А әрпі әрқашанда «бірінші» деген мағынаны білдіреді.Біздің Астана жас астаналардың ішіндегі ең бірінші жаңа қала.

 

5

А әрпімен ең алғаш адамдар «бірінші» сыныпта танысады. Ең алғашқы баланың сөзі де «Ана»,  «Апа», «Ата»,  «Аға».

Бала дүниеге келгенде ең бірінші анасын көреді.

Қазақтың ұлы адамдарының аттары да А дыбысынан басталады ғой «Абай», «Әліппи»-дің атасы Ахмет Байтұрсынов т.б.

Қаншама қалаларымыздың аттары А-дан басталады.Мысалы: Алматы,Атырау,Ақтау,Ақтөбе.Аудан,ауыл деген сөздерді қалай айтпаймыз.

Ал адамның өмір сүруіне қажетті «ақша» деген сөзге келсек ол да А-дан басталады ғой.Әлемде ақшаның 40-шақты түрі бар ғой. Ұлттық валютамыздың 13 түрі бар екен.

Ал қазақ атамыздың тойы «асабасыз» қызықты өте ме?

Құрамында 12 дәрумені бар «алма» деген жемісімізге келетін болсақ,оның 6 түрі бар екен. «Алма»-дәрумен қоймасы. «Күніне бір алма жесеңіз дәрігер керек болмайды»дейді ағылшын мақалы.оның түрлері:

1.Александр апорты

2.Алатау шұғыласы

3.Шымқай қызыл апорт(Алматы апорты)

4.Пеструшка

5.Салтанат

6.Славянка

 

Осының ішінде Алматы апорты- ең бас жүлдегер иесі.

Бұл жеміс әрине «ағашта» өседі.

Бірінші байлық-денсаулық. Ендеше «А» дәрумені біздің денсаулығымызға өте қажет екен .

 

 

 

 

6

Пайдасы

балықта

бауырда

А                                                                  Адам ағзасы демалады.

шабдалыда                          Терісі жақсарады.

Көзі жақсы көреді.

өрікте

 

Аса бағалы зергерлік «алтын» бұйымдарымыз болмаса,байлығымыз көбейер ме еді?

Табиғатымыздың өзінде тұнып тұрған «А» бар: аспан,аққу,аң, арыстан,ат,ағаш,астық,арпа деген сөздерде.

Ал «Адам»сөзін алсақ,оның негізгі қасиеті-адалдық.

Осы  «А»әрпін зерттегенімде байқағаным ол «Әліппе» оқулығында 32 бетте берілген.

Әліппе оқулығында 557 сөз «А» әрпінен басталады екен.

Ең кереметі менің есептеуім бойынша біздің ауылда 45 адамның есімі «а»-дан басталады.

Маған Қадыр Мырзалиевтің мына өлең жолдары қатты ұнайды.

Тіл сабағы

 

 

-Ата,зейін салдың ба?                Былай берді жауапты:

Бар әріптің алдында                  -Ата,Ана,Ақыл,Ар,Адам…

Неліктен «А» тұрады?-              «А»-дан басталар.

Деп бір күні сұрадым.               Содан шығар,құрбаным,

Атам менің сауатты,                   «А»-ның алда тұрғаны.

 

Қ.Мырзалиев.

7

Кей кезде біз А дыбысы мен әрпіне «Тізбек сөздер» ойынын да ойнаймыз.Мысалы:

Айнұр,Айдын,асқар,Арман,Ақерке,айгүл, алтауымыз Азаматтың ауылына аттандық. Ауылда алма,алмұрт, аса көп екен.Алтауымыз Азаматтың ауылын арбамен араладық.Азаматтың ағасына алғыс айттық.

Осының бәрін қорытындылай келсек «а» дыбысы мен әрпі туралы білу бізге өте қажет екен.

Адам А әрпінен басталатын сөздер арқылы адамгершілікке, адалдыққа, ақ көңілдікке барлық жақсы қасиеттерге өзін — өзі тәрбиелеу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                         Пайдаланылған әдебиет:

 

1.Қазақ энциклопедиасы.   Алматы.  1972 жыл

 

  1. «Что такое.Кто такой» Издательство «Педагогика» Москва

 

  1. «Ұлан» Балалар мен жасөспірімдердің республикалық газеті 2009ж.

 

  1. . «Ұлан» Балалар мен жасөспірімдердің республикалық газеті 2007ж.

 

5.Мен оқимын,ойлаймын,ойнаймын!  Р.Б Нұртазина,А.Д. Сейсенова

«Арман» баспасы,2003ж.

 

6.Әліппе оқулығы

Қорытынды

 

Бұл ұсынылып отырған зерттеу жұмысында алғашқы әріпті танудағы маңыздылғы мен оның жалпы ерекшілігі көрсетілген.

А әрпінен басталатын сөздердің адам өмірінің тіршілігіне керектігі көрсетілген.

А дыбысының ауадай қажеттілігін байқатқан.