Толқындық құбылыстар
Сабақтың тақырыбы: Толқындық құбылыстар
Сабақтың мақсаты: 1) Оқыту –оқушыларға механикалық толқын туралы түсінік беру және толқынның түрлерін,жылдамдығын,ұзындығын меңгерту.
2) Дамыту –оқушының сабақ барысында пәнге қызығушылығын арттыру және танымдық ой-өрісін дамыту.
3) Тәрбиелеу –оқушыны шапшаңдыққа, алғырлыққа және өз бетінше ізденуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, карточкалар, графиктер, «Дода» ойыны (сызбасы).
Сабақтың барысы:
- Ұйымтастыру кезеңі
- Оқушылардың көңілін сабаққа аудару
Жоспар:
- Үй тапсырмасын «Дода» ойыны арқылы сұрау;
- Нашар оқушымен жұмыс;
- Дарынды оқушымен жұмыс;
- Жаңа сабақ:
Жаңа сабақты Шаталовтың тірек –сызбасы арқылы түсіндірдім.
Толқындық құбылыстар |
Механикалақ толқын |
Толқын жылдамдығы |
Толқын ұзындығы |
λ = VxT |
Қума |
Көлденең |
V =λxU |
Энергия тасымалдайды |
Сұйықта, қатты денеде, газда |
Қатты дене |
Сабақты бекіту: «Есепке қалайсың?»
- Жиілігі 740 Гц дыбыс толқынының суда таралу жылдамдығы 1480 м/с. Толқын ұзындығы неге тең?
Жауабы: (2 м)
- Болаттағы толқынның ең жақын нүктелерінің арақашықтығы 1,54 м болса, дыбыс тербелісінің жиілігі неге тең? Болатта дыбыс толқынының жылдамдығы 5000 м/с.
- Қозғалмай тұрған бақылаушының жанынан 4 толқын жалы өтті. Бөлшектердің тербеліс периоды қандай?
Нашар оқушыларға / тірек сызба арқылы / карточка берілді.
Өлшем бірлігі |
Формуласы |
Белгілену |
Физикалық шама сиымдылық кедергі |
1 оқушы:
2 оқушы:
Магнит ағыны |
Белгілену |
Өлшем бірлігі |
Формуласы |
Формуласы |
Өлшем бірлігі |
Белгілену |
Э. Қ. К |
3 оқушы:
4 оқушы:
Период |
Өлшем бірлігі |
Белгілену |
Формуласы |
Дарынды оқушыға берілетін жұмыс.
Толқын жағаға келіп соғады. Әрі 10 с сайын жағалаудың жиек сызығын 4 толқын кесіп өтеді. Толқын жолдарының ара қашықтығы 8 м болса, толқын жылдамдығы қандай?
Үй тапсырмасын сұрау «Дода»
Карточкаларда формулаға, анықтамаға, физикалақ шамаға байланысты сұрақтар бар.
Сабақты қорыту.
- Толқын дегеніміз не?
- Көлденең толқын қандай ортада пайда болып таралады?
- Толқын ұзындығы дегеніміз не?
- Толқын жылдамдығы деп нені түсінесіңдер?
- Толқын энергияны тасымалдайтынын қалай дәлелдеуге болады?
Үйге тапсырма беру. §30 оқу, формуланы жаттау, 25 жаттығу №2,№3.
Оқушыны бағалау.