Лоренц күші
Сабақтың тақырыбы: Лоренц күші
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік. Магнит өрісін теренрек зерттеу жолдарын қарастыру.
- Дамытушылық. Магнит өрісінің қозғалған зарядталған бөлшекке әсерін қарастыру. Лоренц күші туралы ұғым ендіру.
- Тәрбиелік. Тақырыптың мазмұны мен мағынасын түсіндіріп,заңдылықтарды тұжырымдай білуге,оны практикада қолдана білуге жаттығу.
Құрал-жабдықтар,көрнекіліктер: электрондық оқулық. Лоренц күші.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеру.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап,оқулықпен жұмыс,есеп шығару.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру
- Үй тапсырмасын тексеру. 1) сұрақтар, 2) физикалық диктант
- Жаңа сабақты баяндау
- Сабақты бекіту
- Сабақты қорытындылау
- Үйге тапсырма.
І. Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақтар,физикалық диктант
ІІ. Жаңа сабақты баяндау.
Жалпы пікір алысу мақсатында сұрақ-жауап тәсілін ұйымдастыру
- Магнит өрісінің пайда болу себептері
- Ампер күшінің көмегімен не анықтауға болады?
- параллель тоқтардың әсерін түсіріңдер.
- Ампер күшінің өткізгіштің бойындағы қозғалатын зарядтарға әсер етуші екенін баяндау
- Қозғалған зарядқа әсер етуші қортқы күш электр және магниттік күштің векторлық қосындысына тең Fк=Fэл+Fл немесе Fк= E qо + qо Bυsinα. Α-магнит индукция векторы мен бөлшек жылдамдығы арасындағы бұрыш.
- Кітаптағы мысалдарды әр оқушы өз бетінше талдайды.
- Лоренц күшінің жұмысы не себептен нольге тең?
ІІІ. Сабақты бекіту.
- Электр өрісі мен магнит өрісін салыстыру. Венн диограммасы.
- Есептер шығару №7 есеп.
IV.Сабақты қорытындылау
Оқушылардың білім-білік дағдысының қалыптасуын бағалау-тест.
- V. Үйге тарсырма:10.9