Жылу құбылыстарына шолу
Тақырыбы: Жылу құбылыстарына шолу
Мақсаттары: Теория мен күнделікті өмірдің, салт-дәстүрдің, халықтық педагогиканың байланыс бірлігін көрсету;
Халық ауыз әдебиеті элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың жалпы қабілеттілігін дамыту
Түрі: жарыс-сабақ
Көрнекіліктері: ертегі иллюстрациялар, слайдтар, плакат, шайнек
Құрылымы:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Топтар сәлемдесуі
- Жылу құбылысы Шығайбай үйінде
- Жылу құбылысы мақал-мәтелдерде
- Айтыс
- Викториналық сұрақтар
- Қорытындылау
Жүрісі:
І. Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар!
Тіл мерекесіне орай өткізгелі отырған « жылу құбылысына шолу» атты сыныптан тыс шараға қош келдіңіздер!
Физика еді өмірдің
Асыл бір үлкен саласы
Жаңарды сол физикамен
Ғылым мен техника саласы
Физика патшалығы өмір сүрген
Заңдары салыныпты дана тілмен
Патшалыққа саяхат жасай жүріп
Әр адам табиғаттың сырын білген
Физик, ғалым, астрономдар өтіпті
Қиялменен көкке самғап жетіпті
Табиғаттың саясында тербетіліп
Заңдарын мұра етіп кетіпті
Сайыс толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып
Бұл сайыста байқалар ғұлама ойлар
Жеңсең де, жеңілсең де қалма тасып.
Енді ортаға сайысқа қатысушы екі топты шақырамыз. «Алғырлар» мен «Тапқырлар» -ды қошеметпен қол соғып қарсы алайық.
Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену, жалықпау
Шеберлікті, білімді
Сараптап сендер көріңдер
Әділқазылар алқасы
Әділ баға беріңіздер- дей келе әділқазылар алқасын сайлап алайық.
Алдарыңызда бұл тұрғандар
Білім жолын қуғандар
Қызықты кеш қойғандар
Келешек физик-ғалымдар!
Ендеше сайыс шарттарын таныстырып өтейін.
- Сәлем- сөздің анасы
- Жылу құбылысы Шығайбай үйінде
- Мақал- сөздің мәйегі
- «Жаңылмаймын» Викториналық сұрақтар
ІІ. Ал, қанеки сайысты біз бастайық,
Өзімізді таныстырып тастайық,-деп сөз кезегін әр топқа береміз
Топтардың сәлемдесуі
«Алғырлар» «Тапқырлар»
Ұраны «Жарыс десе жанамыз» Ұраны «Алынбайтын қамал жоқ»
Білімге толы санамыз Ақыл-оймен кеңескен
Бүгінгі күн жеңісті Күштілермен күрескен
Алғырлықпен аламыз Біз тапқырлар алқасы
Есепті біз шешеміз Жеңілмейміз күрестен
Оны мақтан етеміз Ұтсақ та, егер ұтылсақ
Тапқырларға бүгінгі Ренжулер болмасын
Кете қоймас есеміз Жіберілген қателік
Сендермен жарысуға біз де келдік Екінші рет болмасын
Иіліп, Тапқырларға сәлем бердік Сайыскерлер сәлемін
Қабылдашы ағайын
Жанкүйерлер қолдасын
Сайысқа біз түсейік
ІІІ. Өмірдің өзі біздермен санасады
Кімдердің бар онымен таласары
Физика заңдылығын пайдаланып
Сырласар сіздермен халық даналығы- дей келе Шық бермес Шығайбай үйіне қонаққа барамыз. Жылу құбылыстарын ол үйден табуға болады.
Ал ертегі қалай басталушы еді?…
Алдаркөсе есіктен кіреді. Сұрақтар қояды.
- Қазақ киіз үйдің сүйектерін неге киізбен жапқан? Жаздың ыстық айларында неліктен керегені түріп қояды?
- Үй ішіндегі адамдар неге терлеп отыр?
- Бізбике неге темір аяқпен ас әкелді?
- От басында отырған Шығайбай мен Алдаркөсеге шым тезектің қызуы қандай тәсілмен беріліп отыр?
- Ет қазанның қақпағын ашып қойса тез пісе ме, әлде жауып қойса тез пісе ме? Неге?
- Алдар байдың тонын алдап киюі. Тон неге жылы болады?
ІУ. Мақалдар да парасатты қалайды
Тамсандырған, таңқалдырған талайды
Мақалдарды ақылменен шешіңдер
Ал шешіңдер, жарайсыңдар, жарайды
Ендеше екі топ өздерінің жылу құбылысына байланысты мақал-мәтелдерін айтады. Қарсы топ физикалық мағынасын түсіндіру керек.
«Алғырлыр» «Тапқырлар»
- Тонның жылуы терісінен емес, жүнінен 1. Нан піскенше күлше куйеді
- Көсеу ұзын болса, қол күймейді 2. Қазан отпен, адам әрекетпен қызады
- Қол жұмылмай, жылынбайды 3. Аузы күйген үрлеп ішеді
У. Айтысып тер төкпесе
Қазақ, қазақ бола ма?
Механика мен электр айтысы
М: Ассалаумағалейкум, электрім
Немене болып кеткен сенің түрің
Төленбей дер кезінде еңбекақың
Бейшара халге түсті-ау әрбір күнің…
Э: Механикам аман ба?
Тап болған мынау заманда
Өзіңе ешкім көз салмай
Көңілің сенің алаң ба?
М: Немене алаңдаймын бала батыр
өзендер арнасында ағып жатыр
Қадірімді сен менің білмей кетсең,
Сөзсің-ау болатыны заман ақыр.
Э: Қорқытпағын сен мені
Заман ақыр сөзімен
Энергия халық алуда
Электрдің көзінен
М: Мақтанасын электрім сен бекерге
Өмірлерің механикасыз бекер де
Болмаса өткізгіш деген денелерсіз
Өздігінен ағып заряд кетер ме?
Э: Электр емей немене,
Заманға қазір керегі
Электрмен компьютер
Әріптерді тереді
М: Ол жағын дұрыс айттың бала батыр
Электрмен жарықтанып дала жатыр
Кей кезде ашуланып, долданумен
Шығарасыңдар тіпті от сатыр-сұтыр
Э: Физикада басқалар,
Өзіңменен тең бе еді.
Салыстырып өзгемен
Мойындағын сен мені.
Доғарайық, осымен,
Мақсатымыз емес қой
Механика мен электрдің-
Бірін-бірі жеңгені…
УІ. Сұрақтарға ұлағатпен қараңдар
Ойларыңды ептілікке ораңдар
Бір сұраққа тереңірек мән беріп,
Ең шешендер ой толғайды жараңдар! Демекші келесі турымызға көшейік. «Жаңылмаймын» викториналық сұрақтарға жауап беру керек.
« Алғырлар» «Тапқырлар»
- Көзіңмен көресің, 1. Теңізде қандай тастар бомайды?
Бірақ ұстай алмайсың? 2. Сандыққа нені тығып қоюға болмайды ?
- Аяғы жоқ, қолы жоқ 3. Дененің алған немесе жоғалтқан
Бірақ тыныш тұрмайды энергиясы
- Молекулалардың энергиясы 4. Конвекция қайда болмайды?
- Салқын ауа ауыр ма, жеңіл ма? 5. Сұйықтың ең кішкентай бөлшегі
- Дүние жүзінде көп тараған сұйық
Ортақ сұрақ:
Шайды темір шәйнекке демдеген дұрыс па? Фарфор шәйнеккке демдеген дұрыс па?
Түсеміз біз білімнің жарысына
Жеңсеңдер қол соғамыз табысыңа
Талапкердің талабы таудай болар
Аямас тиіп кетсең намысына
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты-дей келе ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
УІІ. Жеңген топты марапаттау. Қорытындылау.