Энергия. Энергияның сақталу және бiр түрден екiншi түрге айналу заңы. Ғылым мен техникада практикалық есептерді шығаруда сақталу заңдарын қолдану
Сабақтың тақырыбы | Энергия. Энергияның сақталу және бiр түрден екiншi түрге айналу заңы. Ғылым мен техникада практикалық есептерді шығаруда сақталу заңдарын қолдану | |||
Мақсаты | Кинетикалық және потенциалдық энергиялардың мәнін білу, анықтамасы мен формуласын қорытып шығару арқылы түсіну. Энергияның сақталу заңын демонстрациялау арқылы тұжырымдап, есептер шығарғанда қолдануға үйрету. | |||
Табыс критерийі | 1. Кинетикалық энергияның мәнін, формуласын біледі; 2. Потенциалдлық энергияның мәнін, формуласын біледі; 3. Жұмыс пен энергияның арасындағы байланысты айта алады; 4. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңын түсіндіре, математикалық өрнегін жаза алады; 5. Формулаларды пайдаланып, түрлендіріп есептер шығарады; 6. Алған білімдерін өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіреді. | |||
Сілтеме | Физика. – Алматы: Мектеп, 2013 Бейне жазбалар (ютуб сайтының материалдары) | |||
Негізгі идеясы | Механикалық энергия – дененің механикалық күйінінің сипаттамасы. Оның екі белгісі бар: күй параметрлеріне тәуелді және оның өзгерісі атқарылатын жұмыспен байланысты. Энергияның өлшем бірлігі джоуль (Дж). Қозғалыстағы денеде кинетикалық, орналасуына байланысты потенциалдық энергия болады. Табиғатта энергия жоғалып кетпейді және жоқтан пайда болмайды, ол тек бір түрден екінші түрге айналады. | |||
Әдіс-тәсілдер | Блум таксономиясы, Венн диаграммасы, критерийалды бағалау, ОүБ құралдары, АКТ, ДжТБО, постермен жұмыс, топқа бөлу, «Кіржайғыш» әдісі | |||
Ресурстар | Постер, маркерлер, стикер, үлестірмелі материалдар, жіп, конверт, «Алтын ереже» | |||
Ұзақтығы | 45 минут | |||
Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Формативті бағалау | ||
Ұйымдастыру кезеңі 5 мин | -Сәлеметсіздер ме? Күйлі, қуаттысыздар ма? Өткен тақырыптардан сұрақтар жазылған парақшалар таратау арқылы екі топқа бөлемін. | Таратылған сұрақтарға (өткен тақырыптардан) жауап таңдау (1 немесе 2) арқылы сынып оқушылары екі топқа бөліп, | Қолпаштау, мадақтау. | |
Білу 5 мин | Видеоролик көрсетемін (ютуб сайтынан алынған): 1) «Полет с птицами» 2) «Стрельба из лука» — Бұл көріністерден не білесіңдер? Сендер үшін не белгісіз?
Сабақтың «Табыс критерийімен» (1 қосымша) таныстырамын, бұл кестені әр оқушы сабақтың соңында толтырып, есіктегі ашықхатқа салып кетеді. | Оқушылар көрген физикалық құбылыстарды, шамаларды айтады. Білмейтіндері, мысалы: қозғалыстағы дененің жағдайы, оның атқаратын жұмысы, орналасуына байланысты болатын жағдайы т.с.с. | Қолпаштау, мадақтау. | |
Түсіну 5 мин | 1) Механикалық энергия туралы баяндаймын (презентация арқылы); 2) Дененің кинетикалық және потенциалдық энергияларын, олардың атқарған жұмыстарын қалай есептеуге болады? 3) Видеоролик көрсету «Ньютон шарлары», сұрақ; Біз бұдан нені байқаймыз? | 1) Мұқият тыңдайды, мағлұмат алады; 2) Топпен талқылап, формуланы қорытып шығарады. Артынан оқулықтағы формула-мен салыстырады (оқулықта 94 бет); 3) Видеоролик арқылы олар энергияның бір денеден екіншісіне берілетінін айтады. | Сұрақ қою | |
Қолдану 7 мин | 1) Кинетикалық және потенциалдық энергияны, энергияның сақталу және айналу заңын көрсетіп беріңдер? 2) Демонстрация «Физикаға сенміз бе?». | 1) Оқушылар әртүрлі мысалдар арқылы көрсетіп, демонстрациялайды; 2) Тағы бір көрнекті мысалмен танысады. | Қол шапалақтау | |
Талдау 8 мин | Постермен жұмысты бөліп беремін: І топ – «Венн диаграммасы» (2 қосымша) арқылы кинетикалық және потенциалдық энергияларды салыстыру; ІІ топ – Кестені толтыру (3 қосымша) | Оқушылар топпен тапсырманы орындайды. Постерді қорғап, кіржайғышқа іледі. | Екі жұлдыз, бір тілек | |
Жинақтау 8 мин | Есептің шартымен таныстырып, берілгенің жазамын, салып көрсетемін. Екі топ есепті екі түрлі жолмен шығарады: І топ – Энергияның сақталу заңын пайдаланып; ІІ топ – Кинематиканың негізгі теңдеулерін пайдаланып. Үйге: формуласын пайдаланып шығару. | Екі топ есепті бірлесе шығарып, бір оқушы тақтаға жазып көрсетеді. ДжТБО: тест жұмысы | Бас бармақ | |
Бағалау 5 мин | «Энергияның мен үшін маңызы қандай?» | Оқушылар өз ойларын айтады | ||
Қорытынды | Табыс критерийін толтыру | Табыс критерийін толтырып, есіктегі ашықхатқа салады | Суммативті бағаға айналдыру | |
1 қосымша
табыс критерийлері | игердім | игерме-дім | игеру үшін не істеймін |
1. Кинетикалық энергияның мәнін, формуласын білу | |||
2. Потенциалдлық энергияның мәнін, формуласын білу | |||
3. Жұмыс пен энергияның арасындағы байланысты айта алу | |||
4. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңын түсіндіру, математикалық өрнегін жау | |||
5. Формулаларды пайдаланып, түрлендіріп есептер шығару | |||
6. Өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіру |
2 қосымша
Кинетикалық энергия |
Потенциалдық энергия |
3 қосымша
Механикалық жұмыс | Жұмыстың формуласы | Энергияның формуласы | Жұмыстың энергия өзгерісімен байланысы |
Ауырлық күші Серпімділік күші Үйкеліс күші |
«Энергия. Энергияның сақталу және бiр түрден екiншi түрге айналу заңы»
тақырыбы бойынша тест жұмысы
- Бала динамометрді созып, өзінің тарта алатын ең үлкен күшін анықтады. Ол 400 Н-ға тең болып шықты. Серіппені созғанда бала қандай жұмыс атқарды? Динамометр серіппесінің қатаңдағы 10000 Н/м.
- 12 Дж
- 10 Дж
- 8 Дж
- 6 Дж
- Кинетикалық энергиясы 250 Дж және импульсі 50 кг*м/с дененің массасы неге тең?
- 5 кг
- 20 кг
- 25 кг
- 50 кг
- Серпімді деформацияланған дененің деформациясы 2 есе азайғанда, оның потенциалдық энергиясы?
- 4 есе артады
- 4 есе кемиді
- 2 есе кемиді
- 2 есе артады
- Дененің жылдамдығын 2 есе арттырсақ, онда оның кинетикалық энергиясы?
- 4 есе артады
- 4 есе кемиді
- 2 есе кемиді
- 2 есе артады
- Бала 20 м биіктікке көтерілуде. Баланың массасы 50 кг, жүктің массасы 10 кг болса, баланың атқарған жұмысының шамасы неге тең?
- 9000 Дж
- 24000 Дж
- 12000 Дж
- 8800 Дж