Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Сабақтың тақырыбы: Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
- Сабақтың мақстаты:
- Білімділік. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғаудың негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсіндіру.
- Дамытушылық. Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту.
- Тәрбиелік. Оқушыларды батылдыққа, көрегендікке, еңбекшілдікке тәрбиелеу.
III. Сабақтың түрі: Ашық сабақ.
- Сабақтың әдісі: Тірек-сызбалармен, формулалармен, құрал-жабдықтармен жұмыс.
- Көрнекіліктер: Тірек-сызбалар, құрал-жабдықтар.
- Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру.
- Үй тапсырмасын тексеру. (тірек-сызбалар бойынша жауап беріңдер).
1- тірек-сызба
|
|
|
|
2- тірек-сызба
- Жаңа сабақ:
Техникада және тұрмыста әр түрлі тұтынушылар: қыздыру шамдары, үтіктер, электр пештері, электрқозғалтқыштары және т.б элктр құралдарын пайдаланады. Бұлар әр түрлі жалғанады.
Өткізгіштерді жалғаудың тәсілдерін қарастрайық:
1-жағдай. Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды (1-сурет).
- сурет 2-сурет
2-жағдай. Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштерді параллел жалғау деп атайды (2-сурет).
3-тірек-сызба
|
|
VII. Сабақты қорыту.
- Есептер шығарту
1-есеп. R1 резистордағы кернеу 3 В-қа тең. R2 резистордағы кернеу неге тең?
Берілгені:
U1=3B; R1=1Ом; R2=4Ом
т/к: U2-?
Шешуі:
Екі резистор тібектей жалғанғандықтан өтетін ток күші бірдей. Сондықтан өткізгіштерді тізбектей жалғау кезіндегі формулаларды қолданамыз.
; . формуласынан шығатыны
Жауабы: U2=12B
2-есеп. Әрқайсысы 6 Ом резистордың қосылу сызба нұсқасы суретте көрсетілген. Электр тізбегінің барлық бөлігіндегі жалпы кедергісін анықтаңдар.
Берілгені:
R1=R2=R3=6 Ом
т/к: Rж-?
Шешуі:
Бұл сызбада астыңғы екуі параллаль жалғанып, үстіңгі біреуіне тізбектей жалғанаған. Сондықтан екі түрлі жалғау жағдайын қарастырамыз.
;
Жауабы: Rж=9 Ом
- Тест тапсырмаларын орындату.
VIII. Бағалау.
- Үйге тапсырма. V тарау бойнша барлық формулаларды жаттау.