«Архимед заңы»
Сабақ тақырыбы: «Архимед заңы»
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға «Архимед заңы» тақырыбын түсіндіре отырып, білімдерін толықтыру;
Дамытушылық: Тақырыпқа байланысты жаттығулар арқылы оқушылардың ой-өрісін белсенді дамыту, ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ көрнекіліктері:
- Тірек-сызбалар;
- Сызбалар;
- Үлестірме карточкалар;
- Венн диаграммасы;
- Динамометр, жүк, суы бар ыдыс.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақ барысы:
І – кезең: Ұйымдастыру кезеңі..
ІІ – кезең: Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ – кезең: Теориялық блок.
ІV – кезең: Практикалық блок.
V – кезең: Қорытындылау.
VІ – кезең: Бағалау.
VІІ – кезең: Үйге тапсырма беру.
І – кезең: Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сыныпты жаңа сабақ өтуге даярлау.
ІІ – кезең: Үй тапсырмасын сұрау. Үй тапсырмасына байланысты сұрақтар қою арқылы.
ІІІ – кезең: Теориялық блок.
- Оқушыларға жаңа сабақты баяндау арқылы түсіндіру;
- Тірек-сызбаларды пайдалану.
Тірек-сызбалар:
F=pS=ρghS;
FЫ=F2-F1=ρgh2S-ρgh1S=ρgS(h2— h1)= ρghS= ρgV;
FЫ= ρС gVД немесе FА= ρС gVД
Архимед күші: FА= ρС gVД
- Венн диаграммасы:
Архимед күші мен ауырлық күші
І-қайталау: Оқушыларға жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою:
- Сұйыққа батырылған денеге қандай күштер әсер етеді?
- Архимед заңын тұжырымдаңыз.
- Архимед күшін сипаттайтын формуланы жазыңыз.
- Архимед күшінің өлшем бірлігін қорытып шығарыңыз.
- Архимед күшін анықтайтын формуладағы шамалар.
ІІ-қайталау: «Ойлан-тап» ойыны
Сұйық тығыздығы g кг/м3
Тұрақты шамалар V 9,8Н/кг
Дене көлемі ρ м3
ІV-кезең: Практикалық блок
Оқушылар берілген тақырып бойынша есептер шығарады (үлестірме-карточкалар арқылы).
V-кезең: Бекіту
Динамометр, жүк, суы бар ыдыс көмегімен Архимед заңын сипаттайтын демонстрация көрсету көрсету.
VІ-кезең: Бағалау
VІІ-кезең: Үйге тапсырма беру.