“ Физика біздің болашағымыз ”
Тақырыбы: “ Физика біздің болашағымыз ”
Мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, пән бойынша алған білімдерін қорытындылау, тәлім-тәрбиесін, танымдық қабілетін, ой-өрісін кеңейту, белсенділігін арттыру. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекілігі: компьютер, слайдтар, активстудио.
Кештің жоспары
- Ашылуы.
- Қатысатын оқушыларды екі топқа бөлу. Әділ қазыларды сайлау.
- Топтар жарысы.
- Жарыс шарттарымен таныстыру.
- Қазылар алқасының қорытындысы.
І. Ашылуы.
Мұғалім: Қайырлы кеш қадірменді оқушылар, ұстаздар! Баршаңыз да «Физика біздің болашағымыз» атты кешке қош келдіңіздер! Халқымызда жақсы бастама жалғасын тапса, сәтті болғаны деп жатады ғой. Ендеше, бүгінгі күн көпшілік қатысып отырған көңілді топтар сайысы сіздердің көңілдеріңізден шығып, қуанышқа бөлесе, жарқын бастамаға ұйытқы болған біздер де қуанарымыз әбден анық.
ІІ. Топқа бөлу. Әділ қазыларды сайлау.
Балалар, біз бүгін сіздермен «Физика біздің болашағымыз» атты ойын-сайысын екі топқа бөлініп өткіземіз. Алдымен топқа бөлеміз. Одан кейін мен сіздерге жұмбақ жасырамын, соның шешімін тапқан топ сол атқа ие болады.
1.Құрметтейік ғалымды, Қасына емес басына,
Ғылымды алға жылжытқан. Алма түсіп қасына,
Инерция құбылысын Тартылыс заңын таптым деп
Айтшы, достар, кім ашқан? Кетті ғалым асыға
(Галилео Галилей) (Исаак Ньютон)
ІІІ. Топтар жарысы.
Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты ол
Еңбектену жалықпау
Сәт – сапар тілеп бәріңе
Сайысты енді бастайық
Сайыс мынадай белестерден тұрады:
- «Өткел» кезеңі
- «Белес» кезеңі
- «Бекет» кезеңі
4.»Асу» кезеңі
5.«Серпілу» кезеңі
- «Жерұйық» кезеңі
Ойынның алғашқы “Өткел” кезеңінде топтар өздерін таныстырады.
“БЕЛЕС” кезеңінде сұрақ алдымен топ басшыларына қойылады.
“ Галилей ” тобына
- Молекулалары бей – берекет үлкен қозғалыста болатын заттың агрегаттық күйі ( газ )
- Физика гректің қандай сөзінен шыққан? ( табиғат)
- Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы. (телескоп)
- Тығыздықтың өлшем бірлігі (кг\м3)
- Сандық мәнімен бірге бағыты да көрсетілген қандай физикалық шаманы ата (күш)
- Ғылыми деректермен негізделген жорамалқалай аталады? (болжам)
“ Ньютон ” тобына
- Дене молекулалары бір–біріне жанасқан кезде өз-өзінен бір–біріне ену құбылысы қалай аталады. (диффузия)
- Жұлдыздар жүйелері шоғырларын не деп атайды? (галактика)
- Массасы 1кг отын түгел жанғанда қандай жылу мөлшері бөлініп шығаттынын көрсететін физикалық шаманы ата(отынның меншікті жану жылуы)
- Физикада «бірінші ұстаз» атанған ғалым (Аристотель)
- Үйкеліс күшінің формуласын ата?
Заттың қандай агрегаттық күйлері болады? (қатты,сұйық,газ тәріздес).
|
“Бекет” кезеңінде сұрақтар топқа қойылады.Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Қосымша көмек алса, ұпай саны кемиді.Сұрақты қиынсынса және қарсыластары жауап беруге ынта танытса,жауап беру кезегін қарсыластар кезегіне беруге құқы бар.Бұл жағдайда ұпай қарсыластарына жазылады.Егер топ кезегін бермей өздері жауап беріп, олары дұрыс болмай шықса, тиесілі ұпайлары жинаған ұпайларынан алынып тасталады.
«Шерлок Холмс» деп аталады. Шерлок Холмс өте білімді, байқағыш және ойшыл адам болған. Сонымен бірге, Осы сайыс кезінде ол кісінің «физик» болғанына көздеріңіз жетеді.
Жарыс шарты:
Әрбір сұраққа жауап беру алдында ұпайды таңдап алады (10-20 ұпай қағазға жазып көрсетеді). Дұрыс жауап бергенде таңдап алынған ұпай жалпы ұпайға қосылады, егер жауап дұрыс болмаған жағдайда таңдап алынған ұпай жалпы ұпайдан шегеріледі.
1-сұрақ:
Қыс мезгілі болатын. Шерлок Холмс даладан бір үйге кіреді. Қырау басқан терезенің саңылауынан жолдың бір шет ғана көрінеді. «Мына үйдің қызы жалқау екен»-деп ойлапты. Неліктен ол мұндай ойға келді?
Жауап. Ол үйдің терезесін қырау басып тұр. Онда, терезе жақтауларының аралығына тесіктер арқылы бөлмеден жылы дымқыл ауа кіріп, суық ауамен жанасқанда терезеге қатып қалады. Бұдан шығатын қорытынды, терезе дұрыстап жылыланбаған.
2-сұрақ:
Бір үйге келген Шерлок Холмс, үй иелерімен әңгімелесіп отырып, бірер минуттан кейін ол: «Сіздің ас үйіңізде шәйнек қайнап жатыр»-деген екен. Оның отырған бөлмесінен ас үй көрінбеген, онда ол мұны қайдан білді?
Жауап. Әдетте шәйнек қайнағанда қақпағы бүлкілдеп тұрады, оның қозғалуы ішіндегі су қайнап бу түзілген кезде қысымы артады да, ол қақпақты көтеріп жібереді, қақпақ ашылғанда бу сыртқа шығып, іштегі қысым азаяды, қақпақ орнына түседі, сол кезде дыбыс шығарады. Процесс осылай жалғаса береді.
3-сұрақ:
«Құймақ ыстық кезінде ғана тәтті»-дейді Шерлок Холмсты ас ішуге шақырған аспазшы,- «Олар көпке дейін ыстық болып тұруы үшін, мен құймақ салынған табақты металл подносқа салып қоямын»-депті сөзін жалғастырған аспазшы. «Одан да құймақты ағаш подносқа салған дұрыс болар»,-деп Шерлак Холмс кеңес беріпті. Бұл кеңесінің астарында не жатыр?
Жауап. Ағаштың жылуөткізгіштігі металға қарағанда аз болады. Сондықтан ағаш подноста табақ баяу суйды.
4-сұрақ:
Шерлок Холмс түскен үйдің иесі, есікке барып, ішке мысықты кіргізеді. Мысықты көрген, Шерлок Холмс «Сыртта ауа-райы суық екен»,-дейді. Ол мұны үйде отырып қалай білді?
Жауап. Мысықтың жүніне қарап анықтаған. Суық күнде мысықтың жүні әдеттегіден де қобырайып үлпілдеп тұрады, оның әр талының аралығында көбірек ауа болады, ол жылуды нашар өткізеді.
“ Асу” кезеңінде сұрақтар барлық топ ойыншыларына қойылады.Сұрақтары топ капитаны алдарына ілінген ұяшықты терезелерден өздері таңдайды. Әр топқа екі сұрақтан қойылады.Осы кезең соңында жинаған ұпай сандарымен жеңімпаз топ анықталады.
1 | Физикалық құрал |
2 | Ғалым туралы |
3 | Физикалық заңдылықтар |
- Ғалым туралы
А) Негізгі сұрақ. Ғалымға Герон патшасы алтын тәж жасаған ұстаның адалдығын сынауды тапсырған. Тәжді бұзбай – жармай ішінде қоспасы бар – жоғын білуді ұсынған.Бір жолы моншаға барып, толтыра су құйылған ваннаға түскен, су жартылай төгілген, сонда оның ойына мәселенің шешуі келген.Ол қуанғаннан “Эврика! Эврика!” деп айқайлап жіберген.Тәждің салмағын ауада, суға батырып өлшеген.Аңыз бойынша тәж затының тығыздығы таза алтынның тығыздығынан кем болып шықты. Ұстаның өтірігі әйгіленіп, ғалым тамаша табысқа ие болған. Бұл сұрақ бойынша қай ғалым туралы айтылады?
Қосымша көмек: Өзінің туған қаласын Сиракузды қорғау үшін әскери машина ойлап тапты.Ол маған тіреу нүктесін беріңдер, Жер шарында орнынан қозғалта аламын.
Жауабы: Архимед (б.з.б. 287 – 212).
Б) 1.Негізгі сұрақ. Бұл құбылысты алғаш рет суда
қалықтаған Плаун спорасын микроскоппен қарап
бөлшектерін пайдаланады. Бұл бөлшектер бей –
берекет қозғалыста болады.
Ең ғажабы бұл қозғалыс еш уақытта тоқтамайды.
Температура артқан сайын молекулуның қозғалғыш—
тығы артады.Бұл құбылыс қозғалысты газда,
ауада, қалықтаған тозаңнан немесе түтіннің бөлшектерінде байқаған болады. Бұл құбылысты неміс физигі ПОЛЬ бақылаушыны қызықтыратын етіп әдемі суреттеген. Бұл қандай тәжірбе, оны ашқан ғалымының есімі?
Қосымша көмек: Бұл суықта немесе газда қалықтаған бөлшектердің жылулық қозғалысы.
Жауабы: Бұл құбылысты алғаш рет 1827 ж ағылшын батонигі Р.Броун ашқан, Броуындық қозғалыс деп атаймыз
- Физикалық құрал.
Негізгі сұрақ Ауа райын сипаттайтын шама атмосфералық қысым қорап ішіндегі қысым тұрақты.Сондықтан атмосфералық қысым өзгергенде мебрана көп немесе аз майысады.Ал мебранаға стрелка бекітілген.Осы стрелка шкаладан атмосфералық қысымды нұсқайды.Бұл қандай физикалық құрал деп ойлайсыз?
Қосымша көмек: Бұл құралды итальян ғалымы тәжірбие жүзінде Торричели ойлап тапты .
Жауабы: Барометр
- Физикалық заңдылықтар
Негізгі сұрақ: Ол бір жазықтық бойында орналасқан саңылауы бар шардан және поршенді цилиндрден тұрады.Егер шарға су немесе түтін толтырып, поршенді бассақ, шардың саңылауларынан су немесе түтін барлық бағытқа бірдей ұзындыққа шапшып, будақтап шығаратынын байқаймыз.Бұл қандай физикалық құрал деп ойлайсыз?
Қосымша көмек: Бұл құралмен жасаған тәжірбиелерге сүйене отырып , “ сұйыққа немесе газға түсірілген қысым осы сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі” деген қағиданы алдық.
Жауабы: Паскаль шары.
«Күн шуағы»
Физик Кирхгоф өзінің ойлап тапқан спектрлік анализі жайында сөз болғанда, Күннің спектрінде алтын бар екенін айтады. Сонда әріптестерінің бірі: «Одан қандай пайда бар, бірібір алтынды Күннен ала алмайсың ғой?!»,-депті. Кейін осы жаңалығы үшін Кирхгофқа алтын медаль беріледі. Сонда ғалым: «Мен Күндегі алтынды алдым»,-деген екен.
Слайдпен жұмыс, тапсырмасы бұлт басқан күн берілген, Жер бетіне күннің шуағы керек, ол үшін формулаларды дұрыс табу арқылы бұлтты сейілтеміз. Әр дұрыс формулаға 100 ұпайдан беріледі.
- Қазылар алқасының қорытындысымен танысу (сөз қазылар алқасына беріледі)
Қорытындылау.