Толық ондықтар мен жүздіктерді көбейту және бөлу

Толық ондықтар мен жүздіктерді көбейту және бөлу

Сабақтың мақсаты:

білімділік: кестеден тыс көбейту амалда-рымен таныстыру; есептеу дағдыларын жетілдіру.

дамытушылық: байқағыштық зейіндерін арттыру. Ізденушілік, логикалық ойлауды дамыту.

тәрбиелік: өсімдіктерді күте білуге және табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, логикалық  (дәлелдеу), көрнекі-лік, ізденушілік

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың типі:  жаңа оқу материалын меңгерту

Сабақтың формасы: ұжымдық, жеке дара

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Көрнекі-құрал: арифметикалық ребустар, суреттер, тест, қима-қағаздар.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

            Сәлемдесу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. № 1 Амалдарды орында.

10 . ( 77+23) : 10 =  100

10  . (32+68) : 10  = 100

100 . (2+6): 100=8

10 . ( 888-880): 10 = 8

10 . ( 45-40) : 10 = 5

100 . ( 4+5) : 100= 9

  1. № 8 (логикалық тапсырманың жауабы)

Дүниетану- көгілдір, математика- қызыл,  қазақ тілі- жасыл

 

ІІІ.Қызығушылықтарын ояту.  (Жаңа тақырыпты табу)

Арифметикалық ребустарды шешің-дер.

* *            4 *               4         2**

х    2         х       *         х  ***     х       *

8 0           8 *            800        80*

 

800   2**       80  *

  8**   *          *    2*

0                  0

   0

  • Балалар, мына ребусқа қарап бүгінгі

сабақтың тақырыбын табуға бола ма?

  • Ендеше, бүгінгі сабақтың тақырыбы

қандай?

  • Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз

«Гүлдер әлеміне саяхат» түрінде өткізі-леді.

  • Кәнеки, бүгінгі сабағымыздың мақ-

сатын қойып көрейікші.

  • Ең бірінші тапсырманы орындаған-

нан кейін гүлдердің тіршілігі туралы таныссасыңдар.

            ІҮ. Жаңа тақырыпты меңгертуге дайындық.

1-тапсырма. № 1 (ауызша) «Кім тап-

қыр?» ойын-сайыс түрінде  өтеді. Мақсаты: 10-ға көбейту және бөле білу дағдыларын анықтау.

 

 

Алоэ — үй гүлдерінің королі

 

Алоэ -суккулентті (ылғалдылықты сақтай алатын арнайы ұлпасы бар) өсімдік-тер тобына жататын гүл. Шыққан жері Оң-түстік  Африка аймағы болып саналады.  Негізінен, құрғақ әрі құмды шөлдерде өсе-ді. Алоэ сөзі араб тілінен шыққан. Мағына-сы ”ащы” деген сөзді білдіреді. Сондай-ақ, емдік қасиетіне байланысты ”Үй гүлдері-нің королі” деген де балама атқа ие.  Алоэ-нің етті, семсер тәріздес жасыл, жалпақ әрі жуан жапырақтары бар. Жапырақтары гүл бойында су қорын сақтауда үлкен маңызға ие.

Алоэнің түрлері

Алоэ вера     Шұбар алоэ         Сабын алоэ   

Қорқынышты алоэ    Ағаш тәріздес алоэ

2- тапсырма. № 2 «Ойлан, тап!» ойыны.  Шарты: ауызша есептеу дағдыларын арт-тыру мақсатында  есептеу, теңдеу арқылы табуға болатынын айта алу.

Бөлінгіш6001000340700670
Бөлгіш1001010  
Бөліндінің мәні   767

ФУКСИЯ ГҮЛІ   (FUCHSIA)

Фуксия — күрең от (Onagraceae)  тұқымдасына жататын көпжылдық  бұта-тектес өсімдік. Оның жүзден астам (110) түрі бар. Бір-бірінен түстері мен гүлдерінің пішіні арқылы ерекшеленеді. Үйде бөлме гүлі ретінде өсірілетін фуксия “Гибридті фуксия” деп аталады.

Қысқаша сипаттамасы.

             Фуксия гүлінің отаны — Оңтүстік және Орталық Америка, Жаңа Зеландия.  Фуксия табиғи ортада үнемі жасыл бұта-лы, жапырақтары ұсақ әрі дөңгелік болып келген, сабағы (шыбығы) қызыл түсті бо-лып келеді.  Үлкен ағаштар секілді өсетін (12 – 15 метр) ерекше түрі бар. Фуксияны гүлдері қызыл, күлгін және роза түстес бо-лады. Гүлі кейбір түрлерінде сәндеп бай-ланған бантик тәрізді болса, енді бірінде ұзынша келген қытай шамдарына ұқсайды. Гүлдің ұзын және жіңішке гүлсабағы бо-лады.

Ү. Жаңа тақырыпты түсіндіру    № 3 (ауызша) орындалады.

20 . 4 = 20+20+20+20 =80 немесе

20 . 4 =2 онд. . 4 = 8 онд. = 80

—  Қайсысын есептеуге тиімді?

. 20 = 4 . 2 онд. =8 онд.= 80

200 . 4  = 2 жүзд. . 4 = 800 жүзд.=800

80: 4 = 8 онд.: 4=2 онд. = 20

4 . 200 = 4 . 2 жүзд.= 8 жүзд.= 800

80: 20 =8 онд. : 2 онд.= 4 онд. =40

800: 4 = 8 жүзд. : 4 = 2 жүзд. =200

800: 200 = 8 жүзд. : 2 жүзд. =4 жүзд. =400

ҮІ. Жаңа тақырыпты бекіту

3-тапсырма № 4 ( жазбаша) 1-қатар-ға: 1-баған, 2- қатарға: 2-баған

5 . 20 = 5 . 2 онд.= 10 онд. = 100

800: 2 = 8 жүзд. : 2  = 4 жүзд. = 400  т.б.

            Кактус-тропикалық елдерден шық-қан, өзіндік ерекше пішіні бар, тікенекті гүл. Кактустардың көбі керемет гүлдейді. Экзотикалық гүл ретінде саналатын как-тустар басқа гүлдер секілді үнемі әрі ұқып-ты күтімді қажет ете бермейді. Кактус-тардың үш мыңға тарта түрлері бар. Со-лардың бір мыңға жуығы Мексикада өседі. Негізінен, көктем мен жаз мезгілдерінде жылдам өседі. Кактус гүлдерінің аурула-рын емдеу үшін Бордо сұйықтығы, фунда-зол (бенлат) және жасыл өсімдіктерді қор-ғауға арналған мыс хлориді қолданылады. Кактустардың жаулары-кенелер мен шы-бындардың кейбір түрлері.

                         

Сергіту сәті:  Шеңберге тұрып көбейту амалын айту, шешуін тауып допты қайта лақтыру.  Мысалы, 50 мен 2-нің көбейтін-дісі нешеге тең?

4-тапсырма. Өткен тақырыппен жұмыс. № 5 (жұптық) (жазбаша)

а) Самса – 20 тг-ден 4     20 . 4 + 50 . 2 = 180

Шырын – 50 тг-ден 2 қ.

Төлейді-?

Жауабы: барлық затқа 180 теңге төлейді.

ә) Кәмпит -300 тг-лік 3 қ.

1000- (300 . 3) = 100

Бар ақшасы- 1000 тг

Қайтарады- ? теңге

Жауабы: 1000 теңгеден 100 теңге қайта-рады.

б) Ақша – 200 тг-лік 3  400. 2 — 200 . 3 = 200

Кәмпит – 400 тг-лік 2 қ.

Жетпейді-? Теңге

Жауабы: кәмпит алу үшін  200 теңге жет-пейді.

            Раушан гүлі (Роза гүлі)

Раушан гүлі көне грек зама-нында гүлдер әлемінің патшайымы болып саналған. Сондай-ақ, сұлулықтың да сим-волы болды. Бір ерекшелігі, раушан гүлі-нің түсінің әр түрлі болуына байланысты әр түрлі сенімдер мен көзқарастар болған. Мысалы, ақ раушан адалдықтың, пәктіктің белгісі болса, өз кезегінде, сары раушан айрылысу мен махаббаттағы тұрақсыздық-тың (сатқындық) белгісі болған. Раушан гүлінің екі түрі бар: жабайы және мәдени. Осыдан 2000 жылдай алдын адамдар рау-шан гүлдерін сәндік өсімдік (гүл) ретінде өсіре бастады. Ал раушанның гүлінен алы-натын раушан майы парфюмерияда қол-данысқа енді және түрлі парфюмериялық өнімдер үшін негізгі шикізат көзі болып саналды. Раушан гүлі мәдени өсімдік бо-лып саналады. Кейбір деректерге сүйенсек, раушан гүлінің 250-ге тарта түрлері бар екен. Олар бір-бірінен сабақтары мен күл-те жапырақтары арқылы ерекшеленеді.

5-6 тапсырма.  № 7,  № 8 (логикалық  тап-сырма  жеке дара)

№ 7. Сурет бойынша өрнектер жаз және олардың мәнін тап.

1-сурет.  200 . 2 + 50 = 450                            3-сурет.  500+ 20 .10= 700

2-сурет.  200 . 3 +20 . 5 = 700                        4-сурет.  200 . 4 + 20 . 3= 860

№ 8. Төрт қорапта ақ. қара, қызыл және жасыл шарлар бір-бірден жатыр.  Егер бар-лық жазулар дұрыс емес екені белгілі бол-са, қай шар қайсысында жатыр?

1-қорап: ақ      2-қорап: жасыл

3-қорап:қызыл    4-қорап: қара

Түрлі гүлдер әлеміне саяхат

 

 

 

 

 

Қорытындылау.  Тест

  1. Амалдың дұрыс шешімін тап. (50+10): 60

а) 1           б) 600         в) 60          г) 120

  1. Дұрыс жазылуын тап.

А)  20 . 4 =20 . 4 = 8 онд. = 80

Б)  20 . 4 =2 онд. . 4 = 8 онд. = 80

В)  20 . 4 =2 онд. . 4 = 80

  1. Ұзындығы 4 см шаршының ауданы неше см болады?

а) 8 см2     б) 18 см 2    в) 16 см2       г) 12 см2

  1. 30 түрлі  6  гүл шоғы бар.  Бір гүл шоғында неше гүл бар?

а) 5        б) 180         в) 36         г) 24

 

Дұрыс жауаптары: 1 – а,  2- в,  3- в,  4- а

 

Үйге тапсырма.  № 4   3-4 –баған,  № 8 –ге ұқсас есеп құрыңдар.

Бағалау.  (оқушылар жұптасып бір-біріне мына төмендегі бағалау парағына қояды)

 

Бағалау парағы

 

Оқушыының аты-жөні

 

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасы1-тапсырма2-тапсырма3-тапсырма4-тапсырма5-тапсырма6-тапсырма бағасы
1Ниязов М
2Даулетов