Архимед күші тақырыбына есептер шығару және қайталау
Архимед күші тақырыбына есептер шығару және қайталау
Мақсаты:
Білімділік: Архимед күші, атмосфералық қысым, газ, сұйық, қатты денелердің қысымы туралы материалдарды пысықтау, бекіту, жүйелеу;
Дамытушылық: Өмірден, табиғаттан, техникадан, күнделікті тіршіліктен мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, пәнге деген қызғушылығын арттыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, өз бетінше ізденуге, алғырлыққа, жинақы болуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жарыс сабағы
Сабақтың типі: қайталау-пысықтау сабағы
Әдісі: жеке, топпен жұмыс, тест
Пәнаралық байланысы: ағылшын, орыс тілдері
Көрнекілігі: сызбалар сызылған плакаттар, физик-ғалымдардың суреттері, тесттер, кеспелер, бағалау парағы, қанатты сөздер жазылған плакаттар.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Негізгі бөлім
- «Бәйге» жарысы
- Полиглот
- Ойлан, тап!
- Сен білесің бе?
- Физикалық тест
- Топбасшылар сайысы
ІІІ. Қорытынды
ІV. Үйге тапсырма
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушыларды түгелдеп, зейінін сабаққа аудару. Оқушыларды топқа бөліп, бүгінгі сабақтың мақсатын таныстырып өту.
ІІ. Негізгі бөлім
- «Бәйге» жарысы
Бұл жарыста оқушыларға өткен тақырыптарды қайталап, пысықтау мақсатында оқушыларға эстафеталық білім картасы таратылады.
Эстафеталық білім картасы
Тобы:_______________ Аты-жөні: ______________________________
№ | Физикалық шамалар | Математикалық өрнегі | Өлшем бірлігі | Өлшейтін құрал |
1 | Жылдамдық | |||
2 | Уақыт | |||
3 | Масса | |||
4 | Көлем | |||
5 | Ауырлық күші | |||
6 | Салмақ | |||
7 | Қысым |
Жалпы балы ______ Бағасы ______
№ | Физикалық шамалар | Математи—калық өрнегі | Өлшем бірлігі | Өлшейтін құрал |
1 | Жылдамдық | ν=l/t | м/с | Спидометр |
2 | Уақыт | t=s/ν | с | Сағат, секундомер |
3 | Масса | m=ρV | кг | Таразы |
4 | Көлем | V=m/ρ | м3 | Мензурка, сызғыш |
5 | Ауырлық күші | Fa=mg | Н | Динамометр |
6 | Салмақ | P=mg | Н | Динамометр |
7 | Қысым | P=F/S | Па | Барометр |
Картаны толтыруға 7 минут беріліп, жиналады да, әр дұрыс жауапқа 1 балдан есептеледі.
- Полиглот
Полиглот бөлімінде физикалық шамалардың белгіленуі беріледі, оқушылар осы физикалық шамалардың қандай шама екенін тауып, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде плакатқа жазып, оны тақтаға шығып оқып береді.
№1
№ | Физикалық шамалар | Қазақ тілінде | Орыс тілінде | Ағылшын тілінде |
1 | V | |||
2 | Fүйк | |||
3 | t | |||
4 | ρ | |||
5 | Fa | |||
6 | h |
№2
№ | Физикалық шамалар | Қазақ тілінде | Орыс тілінде | Ағылшын тілінде |
1 | s | |||
2 | FА | |||
3 | l | |||
4 | P | |||
5 | ν | |||
6 | S |
Жауаптар
№ | Физикалық шамалар | Қазақ тілінде | Орыс тілінде | Ағылшын тілінде |
1 | V | көлем | объем | volume |
2 | Fүйк | үйкеліс күші | сила трения | the working power (force power) |
3 | t | уақыт | время | time |
4 | ρ | тығыздық | плотность | the mass |
5 | Fa | ауырлық күші | сила тяжести | power weight |
6 | h | биіктік | высота | higher |
7 | s | жол | дорога | way |
8 | FА | Архимед күші | сила Архимеда | Archimedes power |
9 | l | ұзындық | длина | the long (length) |
10 | P | салмақ | вес | weight |
11 | ν | жылдамдық | скорость | the speed |
12 | S | аудан | площадь | square |
Ағылшын тілі, орыс тілі мамандары оның дұрыс оқылуына қарап бағалайды. Әрбір дұрыс жауапқа 1 балдан беріледі.
- Ойлан, тап!
Әр топқа өткен тақырыптарға есептер шығарту мақсатында есептер жазылған карточкалар таратылады. Ал қалғандары сұрақтар жазылған карточкалар алып жауап береді. Есептер мен сұрақтар жауаптары 5 балдық жүйемен бағаланады.
- Сен білесің бе?
Бұл кезеңде физик-ғалымдардың суреттері жасырылады. Әр топбасшысы шығып, сурет таңдап алады. Ондағы суреті шыққан ғалымның аты-жөнін, қай елдің ғалымы екенін, ғылым саласына қосқан үлесін айтып өтеді. (Әл-Фараби, Коперник, Ньютон, Паскаль)
- Физикалық тест
10 сұрақтан тұратын тест таратылып алынады
Физикалық тест
- Деформация дегеніміз не?
А) Дененің өзгеруі
Ә) Дененің тоқтауы, сынуы
Б) Дененің ағуы
В) Сыртқы күштің әсерінен дененің көлемі мен пішінің өзгеруі
- Атмосфералық қысым бойынша тікелей биіктікті өлшеуге арналған құрал …
А) барометр
Ә) альтиметр
Б) анероид
В) барометр-анероид
- Ауырлық күші әрекет еткен сұйықтың қысымының негізгі формуласы
А) Р=Ғ/S
Ә) Р=gрh
Б) Р=gт
В) Р=mV
- Пішіні мен көлемі өзгерген денені қандай дене дейді?
А) пластикалық
Ә) деформацияланған
Б) серпімді
В) өзгертілген
- Күшті өлшейтін құрал?
А) танометр
Ә) динамометр
Б) альтиметр
В) амперметр
- Ауырлық күші дегеніміз –
А) салмақ түскендегі күш
Ә) механикалық күш
Б) дененің Жерге тартылу күші
В) сырттан әсер етуші күш
- Тығыздықтың өлшем бірлігі
А) м/с
Ә) м3
Б) сағ
В) кг/м3
- Бір дене екінші дене бетімен қозғалғанда пайда болатын күш ….. деп аталады
А) ауырлық
Ә) серпімділік
Б) қысым
В) үйкеліс
- Нормаль қысым күшін …. әрпімен белгілейді.
А) N
Ә) R
Б)
В)
- Гук заңын өрнектейтін теңдеу
А) Ға=mg
Ә) Ғ=mN
Б) Ғ=kх
В) р=m/V
- Топбасшылар сайысы
Бұл кезең 5-ші кезеңмен қатар жүреді. Әр топтың топбасшысы шығып, тәжірибелер көрсетеді. Тәжірибе түрлері мынадай:
- Мензурка көмегімен денелер (тығыздығы белгілі 2 дене) көлемін өлшеу және осы анықталған көлемді және кестеден дене тығыздығын пайдаланып, дененің массасын анықтау.
- Таразы көмегімен дене массасын өлшеу және анықталып отырған шама бойынша дененің Айдағы және Жердегі ауырлық күшін табу.
ІІІ. Қорытынды
Оқушыларды бағалап, озып шыққан топты анықтап, мадақтау.
ІV. Үйге тапсырма: §55, 29-жаттығу
Бағалау парағы __________________ тобы
№ | Аты-жөні | Эстафета (жеке жұмыс) 1 балдық жүйемен | Полиглот (топтық жұмыс) 1 балдық жүйемен | Ойлан, тап (жеке жұмыс) 5 балдық жүйемен | Физик-ғалымдар (топтық жұмыс) 5 балдық жүйемен | Тест (жеке жұмыс) 1 балдық жүйемен | |
1 | |||||||
2 | |||||||
3 | |||||||
4 | |||||||
5 | |||||||
6 | |||||||
7 | |||||||
8 | |||||||
9 | |||||||
10 | |||||||
11 | |||||||
12 | |||||||
Барлығы
|