Практикалық жұмыс. «Электр қыздырғышы бар қондырғының ПӘК-ін өлшеу.»
Сабақтың тақырыбы: №6 Практикалық жұмыс.
«Электр қыздырғышы бар қондырғының ПӘК-ін өлшеу.»
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік мақсаты: Электр қыздырғышы бар қондырғының ПӘК-ін анықтау, жұмысты орындап, есептеулерді реттеп жазып, жұмыстан шыққан қорытындыны тұжырымдау.
- Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
- Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: практикалық
Сабақтың әдіс-тәсілдері: кітаппен жұмыс, демонстрация, жаттығулар орындау
Сабақтың көрнекіліктері:плакаттар, суреттер, үлестірме қағаздар, амперметр, вольтметр, ток көзі, реостат, кілт.
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ. ДК.Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
- Практикалық жұмыс жасауға дайындық. (әңгіме)
- Техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқау.
- Практикалық жұмысты оқулықтағы нұсқау бойынша орындау.
- Жұмысты қорытындылау, жұмыс орнын тазалау.
- ДК. Үй тапсырмасын беру: қайталау