Жай механизмдерге түсінік беру.
Сабақтың мақсаты: Жай механизмдерге түсінік беру.
Міндеттері :
- Негізгі ұғымдарды қалыптастыру:жай механизмдер,қозғалмайтын және қозғалатын блоктар.Жай механизмдер жұмыста ұтыс бермейтінін меңгеруді үйрету.
- Оқушыларға дәлелдеуді мәліметтер негізінде өрістету, ойлау қабілеттерін жетілдіру.
- Ғылыми көзқарасын қалыптастыру, оқушыларды ұжымдыққа,шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Оқытудың нәтижелері:
- Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады.
- Берілген тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсінеді
- Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы орындай алады.
- Оқушы өз ойын еркін түрде жеткізе және талдай алады.
- Кейбір оқушылар топтың көмегімен берілген тапсырманы орындайды.
Қамтылатын модульдер:
1-модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс),
2-модуль сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (миға шабуыл), топтастыру стратегиясы бойынша тапсырма орындау,
3-модуль –бағалау,
4 –модуль-АКТ пайдалану (электрондық оқулық),
7 модуль-көшбасшылық (топты басқару және барлық сабақтарда белсенділікпен қатысып отыру)
Қадамдар:
- Үй тапсырмасын тексеру
- интерактивті тақтамен жұмыс
- Топпен жұмыс
- рефлексия
Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті:
- Ұйымдастыру
- Оқушының зейінін сабаққа аудару
- Топқа бөлу, ережесімен таныстыру, топбасшы тағайындау.(3 мин)
- Мәтінді тарату
- Деңгейлік тапсырма
Оқушының іс-әрекеті
І.Үй тапсырмасын тексеру
«Кір жаятын жіп» ойын элементі сұрақтарға жауап беріп жауаптарын жіпке іліу.(12 мин)
1- тапсырма. Модуль СТО. Әдіс: Ассоциация
І-топ
1.Қозғалмайтын ось төңірегінде дене қай бағыттарда айнала алады?
2.Иіндік дегеніміз не?
ІІ-топ
1.Күш иіні деп нені айтамыз?
2.Күш моменті дегеніміз не?
ІІІ-топ
1.Қандай шарт орындалғанда қозғалмайтын ось төңірегінде айнала алатын дене тепе-теңдікте тұра алады?
2.Теңиінді таразылар мен ондық таразылар арасындағы айырмашылықтар қандай?
ІV-топ
1.Салмақсыздық жағдайында таразы жұмыс істей ме?
2.Бір ғана гір тасымен жұмыс істейтін таразы түрі бар ма?
2-тапсырма. Модуль АКТ-ны пайдалану.
Электрондық оқулықпен жұмыс.(5 мин)
3-тапсырма. Жаңа сабақтың мазмұнын ашу.(5 мин)
Модуль СТО. Әдіс: Суретпен жұмыс.
Оқулықтағы 169-сурет бойынша .
4-тапсырма. Модуль СТО. Әдіс: 6 ойлау шляпасы арқылы жаңа сабақтың негізгі түйіндерін атап шығу.(12 мин)
1.Ақ қалпақ-Иіндік,күш иіні,күш моменті
2.Қызыл қалпақ-Теңиінді таразылар мен ондық таразылардың арасындағы айырмашылықтар.
3.Қара қалпақ-Бір ғана гір тасымен жұмыс істейтін таразы түрі бар ма? Бар болса,оның жұмыс істеу принципі қандай?
4.Сары қалпақ-Қозғалмайтын ось төңірегінде дене қай бағыттарда айнала алады?
5.Жасыл қалпақ-Таразының Ай бетіндегі көрсетуі мен Жер бетіндегі көрсетуі бірдей бола ала ма?
6.Көк қалпақ-Қандай шарт орындалғанда қозғалмайтын ось төңірегінде айнала алатын дене тепе-теңдікте тұра алады.
Рефлексия. «Сағат бойынша достар»(4 мин)
Бағалау .Топ басшылары топ мүшелерін жетондар таратып,бағалау парақшасына бағалайды.Сабақ қорытындыланып, жиынтық баға қойылып отырды.(4 мин)
Үйге тапсырма. § 59 Көлбеу жазықтық.Механикалық алтын ережесі.
- 60 Механизмнің ПӘК-і.