Математикалық маятниктің тербелісі.
Сабақтың тақырыбы: Математикалық маятниктің тербелісі.
Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға математикалық маятниктің
тербелісінің физикалық заңдылықтарын түсіндіру;
б) оқушылардың танымдық, шығармашылық, өз бетінше
ойлау мен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту;
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын
қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты түсіндіру;
Сабақтың түрі: аралас;
Сабақтың көрнекілігі: плакат, мультимедиалық объект.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Өтілген тақырыпты қайталау:
А) тақтаға екі оқушы үйге берілген есепті шығарады.
Б) Қалған оқушылармен сұрақ-жауап:
- Тербелмелі қозғалыс кезінде дененің кинетикалық энергиясы қай жағдайда ең үлкен мәнге ие болады? Неліктен?
- Серіппеге бекітілген дененің потенциалдық энергиясы қай жағдайда ең үлкен мәнге ие болады? Неліктен?
- Тербеліп тұрған дене траекториясының кез келген нүктесіндегі толық энергия неге тең?
- Өшетін тербеліске мысалдар келтіріңдер.
- Айырмашылығы неде?
|
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
- Математикалық маятниктің анықтамасын түсіндіру;
- Математикалық маятникте тербеліс тудыратын күшті талдау;
- Математикалық маятниктің периоды;
, , , , ,
, , ,
* Сонымен математикалық маятниктің периоды қандай шамаларға, қалай тәуелді екен?
- Гармониялық тербеліс графигі;
x Т
А
О t
- Жаңа тақырыпты бекіту – тест.
І нұсқа
- Суретте Оу осі бойымен тербелетін дене координатасының уақытқа тәуелділік графигі кескінделген. Тербеліс амплитудасы қандай?
А) 4см; В) 2см; С) 1см; Д) 0,5см; Е) 0.
- Суреттегі график бойынша тербеліс жиілігін анықтаңдар.
А) 1с; В) 2с; С) 4см; Д) ½ Гц; Е) ¼ Гц.
- Дене тербелісінің амплитудасы 0,5 м болса бір период ішінде дене қандай жол жүреді?
А) 0; В) 0,5 м; С) 1м; Д) 2м; Е) 2,5м.
- Ұзындығы 4,9 м математикалық маятниктің тербеліс периоды неге тең?
А) 4,4с; В) 3,2с; С) 7,2с; Д) 52,4с; Е) 13,2с
- Математикалық маятниктің тербеліс периоды Т0. Егер оның ұзындығын n есе арттырса, тербеліс периоды қандай болады?
А) nT0 B) n2T0 С) Д) Е)
ІІ нұсқа
- Суретте дененің координатасының уақытқа тәуелділік графигі кескінделген. Тербеліс периоды неге тең?
А) 1с; В) 2с; С) 4см; Д) ½ Гц; Е) ¼ Гц.
- Суретте дене координатасының уақытқа тәуелді графигі берілген. Дене тербелісінің циклдік жиілігі неге тең?
А) В) С) Д) Е)
- 4с ішінде маятник 8 тербеліс жасайды. Тербеліс периоды неге тең?
А) 8с; В) 4с; С) 2с; Д) 0,5 с; Е) 32с.
- Ұзындығы 2,45м математикалық маятник 60с ішінде қанша тербеліс жасайды?
А) 190; В) 19; С) 2; Д)38; Е) 76.
- Тербеліс теңдеуі x=10 cos(16πt+8) (Барлық шамалар СИ жүйесінде берілген). Тербеліс периоды неге тең?
А) 10с; В) 8с; С) 16с; Д) 1/8 с; Е) 1/16 с.
Жауаптары: І нұсқа: В, Е, Д, А, С.
ІІ нұсқа: С, В, Д, В, Д.
- Есеп шығару
- Үйге тапсырма: §27(І,ІІ), 22-жаттығу (4,5)