Пифагор теоремасы. Конденсаторлар
Сабақтың тақырыбы: Пифагор теоремасы. Конденсаторлар
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Пифагор теоремасына есептер шығарта отырып, «конденсаторлар» ұғымын енгізу. Конденсатор түрлері мен қызметі туралы толық мағлұмат бере отырып, конденсатордың сыйымдылығы формуласын беру.
- Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру.Белсенділіктерін арттыру , оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту.
- Тәрбиелік: Оқуға саналы сезімге ,жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге
тәрбиелеу.Тез ойлап , тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту, бекіту сабағы
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Сабақтың көрнекілігі: презентация, интерактивті тақта, конденсатор түрлері, сөзжұмбақ, ребус.
Сабақтың өту әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, есептер шығарту
Пәнаралық байланыс: физика, информатика, геометрия
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен сәлемдесу, олардың сабаққа қатысуын, дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Математика пәнінің мұғалімі:
Балалар, Пифагор кім? /Жауап алынады/
ІV.Есептер шығарту.
А деңгейлі тапсырма:
Берілгені: тік бұрышты үшбұрыш
|
|
a, b – катеттер, с – гипотенуза
Табу керек: с
Шешуі:
c=
|
Жауабы: 20
B деңгейлі тапсырма:
№260
С деңгейлі тапсырма:
|
№261
V.Ребус шешейік:
Физика пәнінің мұғалімі:
VІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
1745 жылы Лейден қаласында неміс физигі Эвальд Юрген фон Клейст және голланд физигі Питер ван Мушенбрук тарихта ең алғашқы конденсатор – «лейден банкасын» жасады. Конденсатор деп жұқа диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіштен тұратын жүйені айтамыз. Ол латынның “condenso”- қоюлату, жинақтау деген сөзінен шыққан. Әр аттас электр зарядтарын жинақтау үшін конденсаторлар қолданылады. С – конденсатордың электрсыйымдылығы.
Конденсатордың электрсыйымдылығы деп конденсатор зарядтарының конденсатор пластиналары арасындағы потенциалдар айырымына қатынасымен өлшенетін физикалық шама . С = q / U
1Ф = 1Кл / 1В 1 Фарад – 1 Кл заряд бергенде, потенциалдар айырымы 1В –қа өзгеретін өткізгіштің электрсыйымдылығы. 1 мкФ =10-6 Ф, 1нФ = 10-9 Ф, 1 пФ = 10-12 Ф .
Жазық конденсатор Сфералық конденсатор
Конденсатор
Цилиндрлік конденсатор
Жазық конденсатордың сыйымдылығы пластиналардың ауданы мен пластиналарды бөлетін диэлектриктің салыстырмалы диэлектрлік өтімділігіне тура пропорционал және пластиналардың арақашықтығына кері пропорционал.
С= εε0S/d
Конденсатор түрлері
Конденсатор Vibe PC-15 Lloyd конденсаторы(Чехия)
VІІ. Физикадан есептер шығарту.
1.Сыйымдылығы 2*10-2 Ф конденсаторға 6*10-2 Кл заряд беру үшін конденсаторды қандай кернеуге дейін зарядтау керек? /3В/
- Оқшауланған өткізгішті 40 В потенциалға дейін зарядтап, 1,6*102 Кл электр зарядын берген. Өткізгіштің электр сыйымдылығын анықтаңдар? /4Ф/
- Сыйымдылығы 2,5*10 -5 Ф болатын өткізгішті 2*105 В потенциалға дейін зарядтау үшін қажет заряд мөлшері? /5Кл/
Математика пәнінің мұғалімі:
Балалар, жоғарыдағы есептердің жауаптарына назар аударайықшы.
Сіз білесіз бе?
Қабырғалары 3, 4, 5 сандарымен өрнектелетін тік бұрышты үшбұрыш «Египет үшбұрышы» деп аталған.
Ұлы математик Пифогор б.з.д. 548 жылы өткен 58-ші Олимпиадада жекпе-жек күресінің жеңімпазы болған.
Кейінірек тағы да бірнеше олимпадалардың жүлдегері атанған.
1940 жылы Пифагор теоемасының 370 түрлі дәлелдеуі көрсетілген кітап жарыққа шыққан. Оның ішінде АҚШ президенті Гарфилютің де дәлелдеуі бар.
Атақты Фалес спорт ойындарының жанкүйері болғаны соншалық, олимпиада алаңында Пифагордың жекпе-жек күресі кезінде трибунада жан тәсілім еткен.
VІІІ. Сабақты бекіту.
Тест /математика/
Тест жұмысы /физика/
- Конденсатордың электрсыйымдылығы қандай әріппен белгіленеді?
А) U ; B) q ; C) φ; D) C
- 2. Конденсатордың электрсыйымдылығының формуласы?
А) U = Cq; B) q = C/U; C) C = q/U; D) C = qU.
- 3. Конденсатордың электрсыйымдылығының өлшем бірлігі?
А) Кл; В) Ф; С) В; D) Вт.
- Жазық конденсатордың сыйымдылығы қалай анықталады?
А) С= εε0S/d; B) С= εε0Sd; C) С= S/d; D) С= εε0S
- Конденсатордың қандай түрлері бар?
А) жазық, паралелль, цилиндрлік; В) Жазық, сфералық, цилиндрлі;
С) Сфералық және жазық; Д) Параллель, сфералық , жазық.
ІХ. Үй тапсырмасы:
- 34, 17-жаттығу, Конденсатор түрлерінен материал жинақтап келу.
1.3. Пифагор теоремасы, №262