Беттік керілу. Жұғу және қылтүтіктік құбылыстар.

 

Сабақтың тақырыбы: Беттік керілу. Жұғу және қылтүтіктік құбылыстар.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға беттік керілу, жұғу және жұқпау туралы, сонымен бірге қылтүтіктік құбылыстар, сұйықтың қылтүтік бойымен көтерілуі туралы  түсінік беру.

ә) дамытушылық: Оқушылардың қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды түсінуі үшін мысалдар келтіру арқылы білімдерін, ой-өрістерін қалыптастыру,  дүниетанымдарын кеңейту;

б) тәрбиелік: Пәнге қызығушылығын арттыра отырып, өзіндік ой қорытуға, байқампаздыққа, іздемпаздыққа, тиянақтылыққа баулу

Сабақтың көрнекілігі:  электронды оқулық, суреттер,суы бар ыдыс, ине, сымнан жасалған рамка .

Сабақтың барысы:      І. Ұйымдастыру

             ІІ. Үй тапсырмасы бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру, тиянақтау.

  1. Неліктен ауа шарлары жылытылған ауамен, сутегімен немесе гелиймен толтырылады?
  2. Ауа шарының көтерілу биіктігі қалай реттеледі?
  3. Не себептен аэростаттарға  газ жартылай ғана тотырылады?
  4. Шар-зондтар қандай мақсатпен ұшырылады?
  5. Есептердің шығарылуын тексеру.

ІІІ.  Жаңа сабақпен таныстыру

а) Оқушылардың ойын түрі —  сабын көпіршігін үрлеу құбылысын еске түсіртіп, үрлеп көрсетіп, құбылыс туралы толық түсінік беру: сұйықтың бетінде орналасқан М1 және оның ішіндегі М2 молекуланы қарастырайық.  Сұйық ішіндегі М2 молеула барлық жағынан басқа молекулалармен қоршалған және олар оны барлық жағынан бірдей «тартады». Сұйық бетіндегі М1 молекуланың жоғары жағында онгдай көршілері жоқ. Оны сұйық ішіндегі молекулалар тартады. Сондықтан сұйық бетіндегі әрбір молекула  оның ішіне енуге бейім болады. Алайда барлық молекулалар сұйық ішіне ене алмайды. Сұйық бетіндегі молекулаларды оны төмен орналасқан молекулалар одан төмен орналасқан молекулалар ғана емес, оның бетіндегі көршілес молекулалар да тартады. Бұл күштердің қорытқы күші сұйықтың беттік керілуін береді. Ол сұйықтың беттік қабатында әрекет ететін күшпен сипатталады және Ғб беттік керілу күші деп аталады.

Ұстара жүзін немесе инені абайлап суға салайық. Ұстар жүзі суға батпайды, су беті сәл ғана иілгендей болады. Ал егер оны тереңірек батырсақ, батып кетеді. Демек, мұнда да беттік қабаттағы молекулааралық күштер ұстара жүзінің төмегі су қабатына өтуіне мүмкіндік  бермейді.

Сымнан жасалған сақина алып, оның екі жерін жіппен қосып, сақинаны сабын ерітіндісіне салып, сабын қабыршағын алайық. Егер жіптің бір жағындағы қабыршақты инемен тесіп жіберсе, онда қабыршақтың екінші жағы жиырылып жіпті өзіне қарай тартатынын байқаймыз.

 

Жұғу құбылысын дәлелдейтін тәжірибелермен таныстыру:

Сұйық қатты дененің бетіне жұғатын болса, онда сұйық тамшысы одан оңай жайылады, ал жұқпайтын болса, жайылмайды.

Қылтүтіктік құбылыстар туралы түсінік беру,

 

 

Егер сұйық қылтүтік

 қабырғасына жұғатын болса,

онда менискінің пішіні ойыс болады

 

 

Қылтүтік бойымен сұйықтың көтерілуі  немесе төмен түсуі кезінде байқалатын байқалатын беттік құбылыстар қылтүтіктік құбылыстар деп аталады.

 

 

Сұйықтық қылтүтіктен көтерілу биіктігі:

 

Мұндағы:  σ –қылтүтік жасалған заттың және сұйықтың тегіне байланысты болатын беттік керілу коэффициенті;     ρ— сұйық тығыздығы;    r –қылтүтік радиусы

 

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту сұрақтарын қою

1.Суретте жұғу құбылысына тәжірибе көрсетілген. Осы эксперименттің нәтижесін қысқаша түсіндіріңдер.

 

                                                      

 

  1. Жұғатын сұйықты жұқпайтын сұйықтан қалай ажыратуға болады?
  2. Қылтүтіктік құбылыстар ……атаймыз.
  3. Сұйықтың қылтүтіктік көтерілу биіктігі…………….. формуласымен анықталады.
  4. Сүңгуір үйрек су бетінде қамыстың сабағынан ұя жасайды. Ұя су бетінде жел қалай соқса, солай қарай жүзеді. Құстың ұясын су бетінде қандай күш ұстап тұрады? Ұяның пішіні мен өлшемі туралы не айтуға болады?
  5. Сүңгуір үйрек суда жақсы сүңгиді. Судың тарапынан әсер ететін ығыстырушы күшті ол қалай азайтады?
  6. Норвегия этнографы және археологы Тур Хейердал 1947 жылы өзінің Полинезия құрлықтарының алғашқы қоныстануы жайлы теориясын дәлелдеу үшін «Кин-Тики» плотында Перуден Полинезияға дейін жүзіп өтті. Плот 9 ағаштан жасалған. Егер сізге осындай серуен жасау керек болса, плот жасау үшін қандай материал пайдаланушы едіңіз?

                                                                     Ү. Есептер шығару.

27-жаттығу — №1-6  –  ауызша орындау.

№7.  Шешуі:  

            кг/м3

                                                                                                                                 Жауабы: 800 кг/м3

№8. Шешуі: Н/м

                                                                                                                                 Жауабы: 0,0375 Н/м

№9. Шешуі:  кг/м3

                        ҮІ. Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау.

ҮІІ.  Үйге: § 49,50