Глосарий физикадан
Глосарий физикадан
Атом – Химиялық элементтің қасиеттерін бойына сақтаған оның ең кіші бөлшегі.
Қысым – белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама.
Масса – денелердің өзара әрекеттесуі кезіндегі жылдамдықтарының өзгеру дәрежесін анықтайтын физикалық шамаға жатады.
Материялық нүкте – қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайда өлшемдерін өлшеуге болатын дене.
Деформация – дене пішінінің және өлшемдерінің өзгеруі
Диффузия – бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулаарылық бос орындарына өзара өтуі.
Күш – денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын физикалық шама.
Молекула – заттың химиялық қасиеттерін бойына сақтаған оның ең кіші бөлшегі.
Ауырлық күші – денелердің Жерге тартылу күші.
Бірқалыпты емес қозғалыс – дене тең уақыт араалығында әр түрлі жол жүреді.
Бір қалыпты қозғалыс – дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүреді.
Жылдамдық – берілген уақыт ішіндегі орын ауыстырудың сол уақыт аралығына қатынасы.
Зат тығыздығы – сол заттың көлемі бірлігіндегі массасына тең физикалық шама.
Дененің салмағы — дененің тірекке немесе аспаға түсірілген күші.
Орын ауыстыру – қозғалыстағы дененің бастапқы орнын оның келесі орынмен қосатын бағытталған кесінді.
Үйкеліс күші – бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш.
Молекула – заттың қасиетін сақтайтын ең кішкентай бөлшек.
Диффузия дегеніміз — әр түрлі заттар біріне-бірі тиіскенде,олардың біреуінің молекуласының екіншісіне өту құбылысы.
Идеал газ деп – газ молекулаларының материалдық нүкте ретінде қарастыруға болатын және олардың бір-бірімен әсерлесуі жоқ,тек қана серпімді соқтығысу -мен әсерлесетін газ.
Қысым P дегеніміз – бірлік ауданға нормаль бойымен әсер ететін күш:
P=F/S
СалыстырмалыY ауа ылғалдылығы деп – сол температурадағы ауадағы су буының p қысымының p қаныққын бу қысымына проценттік қатынасын айтамыз:
Y=P/P*100%
Беттік керілу дегеніміз – керілу коэффициенті санδ жағынан бірлік L ұзындыққа сұйық беттігі тарапынан әсер ететін күшке тең шама:
δ=F/L
Жылу мөлшері дегеніміз – жылу алмасу кезінде денеге берілген немесе денеден алынған ішкі энергия.