Дененің салмағы. Салмақсыздық
Сабақтың тақырыбы: §18 Дененің салмағы. Салмақсыздық
Білімділік: Салмақ, салмақ бірлігі, формуласы және оның қолданылуы туралы білім беру;
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, қолдана білуге үйрету, жеке тұлғалық қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: білімін жинақтап жеткізе білуге үйрету, сенімділікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, топпен жұмыс
Көрнекілігі: интерактивті тақта, кеспе қағаздары,
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру
- Оқушылармен амандасу, түгендеу,
- Оқушы назарын сабаққа аудару
- Үй тапсырмасын тексеру
- Өтілген материалды еске түсіру
- Тесттік тапсырмалар
- Графиктік диктант
- Формулалар сөйлейді.
Графиктік диктант.
І топ
- Физика табиғат туралы ғылым.
- F=ma үйкеліс күшінің формуласы
- Ньютонның екінші заңы инерция заңы деп аталады.
- Еркін түсу үдеуінің шамасы g =9,8 м/с
- Ньютонның екі заңы бар.
- Гравитациялық тұрақтының сан мәнін ағылшын ғалымы Кавендиш анықтаған.
ІІ топ
- Күштің өлшем бірлігі Джоуль
- Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан Ньютон.
- = Ньютонның бірінші заңы.
- Денелердің өзара әрекеттесу кезіндегі жылдамдығының өзгеру дәрежесін сипаттайтын шама уақыт деп аталады.
- Күшті өлшейтін құрал динамометр
- Ньютонның бірінші заңы инерция заңы деп аталады.
Формулалар сөйлейді !!!
Формулалар | Физикалық атауы |
F =ma | |
= | |
F=kx | |
F=G | |
a= | |
= | |
= |
III . Жаңа сабақты түсіндіру
Дене салмағы, формуласы, өлшем бірлігі, түсірілу нүктесі, салмақсыздық, асқын салмақ
- Салмақ — дененің Жерге тартылуы салдарынан оның тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші P=mg
- Салмақсыздық — дененің салмағы нолге тең болатын дененің күйі P=m(g — a)
- Асқын салмақ — тіректің немесе аспаның үдемелі қозғалысынан туындайтын дене салмағының артуы P=m(a+g)
Сергіту сәті. «Қызықты үзіліс»
- «Р»-ның математикалық және физикалық мағынасы қандай?
- Астана,Пермь,Қызылтас,Қызылорда,Алакөл,Шахтинск және электроскоп осы сөздердің соңғы әріптерінен француз оқымыстысының фамилиясын шыгару керек.
- Сабақты бекіту
- Дененің салмағы дегеніміз не?
- Қандай жағдайда дене салмақсыздық кешеді? Мысалдар келтіріңдер!
- Дененің салмағы мен денеге әрекет ететін ауырлық күшінің арасындағы айырмашылақ неде?
- Лифті 10 м/с2 үдеумен вертикаль төмен қозғалып барады.Лифтінің ішінде тұрған массасы 60 кг адамның салмағы неге тең?
- 15 – жаттығу.
Күн жүйесін планеталарының экватордағы еркін түсу үдеуінің мәндері.
Планеталар | g (м/с2) |
Меркурий | 3,7 |
Шолпан | 8,8 |
Жер | 9,8 |
Марс | 3,8 |
Юпитер | 24 |
Сатурн | 9,1 |
Уран | 9,8 |
Нептун | 13,5 |
Плутон | 0,6 |
Мысалы: m = 50 кг
gжер = 9,8 м/с2
Т/к Ғ=?
F=mgжер =50 кг•9,8 м/с2 = 500 Н
g ай = 1,6 м/с2
F=mg ай =50 кг•1,6 м/с2 = 90 Н
g мер = 3,7 м/с2
F=mgжер =50 кг•3,7 м/с2 = 185 Н
- Қорытындылау
Сөзтізбек құрастыру
- Уақыттың негізгі өлшем бірлігі?
- Табиғат туралы ғылым?
- Еркін түсу үдеуін анықтаған итальян ғалымы?
- Ұзындықтың өлшем бірлігі
- Токтың өлшем бірлігі
- Заттың күйі
- Оқушыларды бағалау
VII. Үйге тапсырма §18 182-184 (Р)