Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы.
:7 | |||
Сабақтың тақырыбы: | Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы. | ||
Мақсаты:
| қысым,қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуін өз бетімен ұғынуға жетелеу; оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны қалыптастыру; топтық жұмыс арқылыадамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа баулу. . | ||
Күтілетін нәтиже:
| қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуін ұғынады, формуланы пайдаланып есептер шығара алады, танымдық қабілеті артады, топта ынтымақтастықпен жұмыс істеуге дағдыланады. | ||
Жетістік критерийлері: | деректерді пайдалана алуы, ынтымақтастық жұмыстың болуы, жауаптың нақтылығы, формулаларды дұрыс қолданылуы.
| ||
Түйінді идеялары: | «Білім берудегі жаңа тәсілдер », «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау», «АКТ пайдалану» «Оқытудағы басқару және көшбасшы» | ||
Оқу құралы: (ҚР БжҒМ ұсынылған) | Физика және астрономия.Р.Башарұлы. У.Тоқбергенова. Д.Қазақбаева. Алматы. «Атамұра» 2012ж. |
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Кіріспе | Оқушыларды қарсы алу, ынтымақтастық атмосферасын құру Оқушыларды түрлі-түсті карточка арқылы топтарға бөлу.
| Оқушылар мұғаліммен амандасады. Оқушылар топқа бөлінеді.
| Ауызша мадақтау
| Түрлі-түсті карточкалар
|
Негізгі бөлім
Қызығушы-лығын ояту «Ой қозғау»
| Әр топқа сурет беріледі. І топ: Неге а) жағдайында үстел құмға батпайды, ал ә)жағдайында үстелдің аяғы құмға батады?
ІІ топ: Адамның қармен жүруі қиын, ал аяғына шаңғы байлаған адам қар үстімен жеңіл жүре алады. Мұның себебі не?
ІІІ топ:Суретте көрсетілген күректердің қайсысымен жұмыс істеу жеңілірек?
ІV топ: Қай жағдайда қолың қосымша қысымды сезеді?
V топ: Тігін тігуде ұшы доғал немесе үшкір инелерді қолдануда қайсысымен матаны тесу оңай? Оймақты не үшін пайдаланады? VІ топ: Бүркітін аңға қарай қондырады, Оқ тырнақ аңды қалай оңдырады. Жарқ еткенде түлкінің белі сынып Қар үстінде жыртқыш құс оңдырмады. (Ақтамберді жырау) Неліктен бүркіт аңды тез алады?
| Сұрақтар бойынша топта ақылдасып жауабын айтады. І топ ІІ топ ІІІ топ ІVтоп Vтоп VІ топ | Топтардың жауаптарын фигуралар арқылы бірін-бірі бағалауы жауап толық, нақты, дұрыс-
Жауап нақты емес.
Қосымша жауап берген оқушыларға фигуралар беріледі.
| Топтарға әр түрлі суреттер,
Бағалау парақшалары, фигуралар.
Интерактивті тақта, слайд |
Мағынаны тану сатысы
«Физикалық тәжірибе»
«Миға шабуыл»
| Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар, формулаларды беру.
Тәжірибе жасау
1-тәжірибе :Тұз салынған ыдысқа химиялық қасықты салғанда қасықтың басы тұзға батпайды да, жіңішке сабы батады. 2-тәжірибе:Суы бар поршеньдегі цилиндрді төмен қарай итергенде су жан-жаққа шашырайды. Қатты денелер, сұйықтар және газдар өзіне түсірілген қысымды қалай жеткізеді? | Қажетті формулалар мен мәліметтерді дәптерлеріне жазды.
Тәжірибені бақылайды.
Тәжірибе бойынша ойларын айтады.
Қатты денелер және сұйықтар мен газдарға түсірілген қысым бойынша ой қорытады.
| Ауызша мадақтау, фигуралар
Топ көшбасшысы топты бағалау парағына белгілеп отырады
Мадақтау, бағалау парақтары ,фигуралар
| Интерактивті тақта, слайд
Бағалау парақшалары Тұз салынған ыдыс, химиялық қасық. Суы бар поршеньді цилиндр.
Паскаль шары
|
Білімді бекіту сатысы «Ой қорыту»
| 1. Эксперименттік сұрақтар:
2. Есептер шығару а)Тіреуінің ауданы 0,2 м2жер тегістегіш машинаның күші 6000 Н.. Оның топыраққа түсіретін қысымы қандай? | Сұрақтарға жауап береді, есеп шығарады.
Есепті бірінші болып, әрі дұрыс шығарған оқушы тақтаға шығады.
|
бағалау парақтары |
Интерактивті тақта, слайд
|
Үйге тапсырма Бағалау.
Рефлексия | §33,34 15-жаттығу
Топтардың өзара бағалауы, топ көшбасшыларының бағалау парақшалары және фигшуралар бойынша жиынтық бағалау.
Екі жұлдыз, бір тілек. | Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады
Топ көшбасшылары бағалау парақшаларын толтырады, смайликтер ескеріледі. Осы сабақ бойынша өздерінің пікірлерін стикерге жазып сабақтың басында берілген суретке жапсырады |
Бағалау парақшалары, фигуралар | Оқулық, күнделік Бағалау парақшалары, фигуралар,
Стикерлер |