Ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат
Бүгінгі таңда тәуелсіз мемлекет алдында тұрған негізгі мақсаттардың бірі – дүниежүзілік білім әлеміне ену болып отыр. Бұл салада білім беру ісінің мазмұнын жаңа бағытқа бұрып, құрылымдық жүйесін жаңарту, өзгерістер енгізу – білім реформасын жүзеге асыру алғы шартта тұрған баршамызға аян. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев білім мекемелерінің 3 съезінде: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да оларға жүктелген міндет ауыр болады», — деген сөзі әр мұғалімді ойландырады.
Қазіргі кезеңде «Көктем»қазақ орта мектебінің алдына қойған өзекті мәселесі «Педагогтардың кәсіби шеберлігі арқылы оқушылардың танымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру». Осы өзекті мәселені шешуде мектеп ұжымы оқу-тәрбие үрдісін жеке тұлғаның дамуына,танымдық құзыреттілігінің қалыптасуына бағыттады, мұғалімдердің кәсіби шеберлік қабілеттерінің дамуына бейімді жүйе туғызуына көп көңіл бөліп келеді.Алға қойған міндеттер мен мақсаттарды іске асыруда мектеп ұжымы оқушы мен мұғалім жеке тұлғасының жан-жақты жетілуі мен шығармашылық қабілеттерінің өсуіне педагогикалық-психологиялық ахуалдарының өте қажет және бұл мәселені зерттеп, оқып үйренуді талап етеді деп шешті.
Бастауыш білім беруде соңғы жылдары оқушы тұлғасын дамыту, бастауыш сынып оқушыларының білігін қалыптастырып, олардың білім, білік, дағдысын жоғары деңгейге жеткізу мақсаттары қойылып отыр.Озық ойлы, тапқыр да, нәзік сезімтал шәкірттердің іскерлігін, мүмкіндігін ескеріп, бағыт -бағдар беру, ой -өрісін дамытатындай логикалық ой тастау- әрбір ұстаздың міндеті.Мен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, оқытудың жаңа әдіс — тәсілін қолдану сияқты мәселелерді басты міндетке қоя отырып,2011 жылы «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы бойынша Қазақстан Оқу Ассоциасының ұйымдастырған семинарына қатысып куәлігін алдым.Осы курс ұйымдастырушысы, лектор Сара Есқазиеваның білікті үйретуімен бұл технологиямен өз шығармашылығымда жаңа өзгеріс, жаңа әдістерді қолдандым.
Бұл бағдарлама әлемнің түпкір — түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі, мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізде Джорд Соростың ашық қоғам институты, «Сорос — Қазақстан» қоры арқылы келген бұл бағдарлама мектеп тәжірибелеріне ене бастады. Бағдарлама құрылымы үш деңгейден тұрады.1.Қызығушылықты ояту. 2.Мағынаны ашу.3. Ой толғаныс. Сын тұрғысынан оқыту бағдарламасы стратегиялардан тұрады. Бұл бағдарламада қолдануға болатын стратегиялар көп . Өз сабақтарымда оның 25 түрін пайдаланудамын. Олар:1. Негізгі ойды суреттеу 2.Топтастыру 3. Бес жол өлең 4. Эссе жазу 5. Болжам кестесі 6. Галереяға саяхат 7. РАФТ 8 ЖИГСО – 1 9.ЖИГСО – 2 10.Автор орындығы . 11.Инсерт 12. Венн диаграмма 13.Кубизм 14. Кідіріспен оқу 15. Әдебиет үйірмесі 16. Қос жазба күнделік 17. Авторға сұрақ қою 18. .Әлемді шарлау.19 Ой қозғау 20. Оқиға желісі аталған стратегияларды пайдалана отырып , ең бастысы – оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, олардың бір — бірімен пікір таластырып, ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса бастады.
«Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»- деп ғұлама ғалым Ж. Аймауытов айтқандай, сабақ процесінде ең басты тұлға ОҚУШЫ екенін түсіндім. Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерге әбден қалыптасып қалған мұғалімге өзінің көзқарасын, философиясын өзгерту оңай емес. Сын тұрғысынан ойлау әдісін топпен жұмыс істеуді қолдана отырып, оқушылардың ойын, еркін сөйлеуін, тілін дамытып, бір — бірін тыңдай білуге, өзінің де басқаның да жауабын сын тұрғысынан баға бере отырып, құрмет көрсетуге бағыт беремін.Осы бағдарламаның стратегияларын меңгеріп, тәжірибе жүзінде бірнеше жыл қолдану барысында көптеген жетістіктерге жеттім.
Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығы отыратын оқушылар өз ойларын аз да болса жүйелеп, еркін айта бастады. Бұрын шығарма, мазмұндама жұмыстарында оқушылар өз ойын білдіруге, әңгіме құрауда көптеген қиындықтарға кездесетін. Қазір күнде өтілген әңгімеден соң, оқушылар ой — толғанысын жасап өз ойын жазбаша білдіреді, кейде мәтіндегі ойға байланысты мақал да кірістіріп жазады.Осы бағытта оқушыларға шығармашылық тапсырма дайындадым.
- тапсырма «Кім шапшаң ?»
Шарты берілген жұмбақ өлеңді құрастыр.
________ жел гуледі
_________ бас имеді
Ағаш _____________
—————- биледі
- тапсырма
Аяқталмаған мәтінді логикалық ойды бұзбай жалғастырып айту.
Мысалы: Қоңырау соғылып, балалар үзіліске шықты. Келесі сабақта математика болады. Мұғалім үйге тапсырма берген болатын. Сыныпта Дамирден басқа ешкім жоқ болатын, ол Айдынның сөмкесін ақтара бастады……………
(Оқиғаны әр оқушы немесе топ әр түрлі аяқтап ауызша айтып береді.)
- тапсырма
Өз ойыңнан ертегі құрастырып айту.
Ол биік ағашты таңдайды да балтасын сермейді ағаш қуысынан бір алтын құс шыға келеді. Құс адамша тіл қатады…………….
_______________.__ _ _ _ _ _ _ ?
Ертегі құрастыру қиын болса, тірек сөздер беру керек.
( Шал мен кемпір, үш тілек, қалпына түседі)
4 тапсырма
Берілген мақал негізіне шағын әңгіме жаз.
Батыр туса ел ырысы.
Жаңбыр жауса жер ырысы.
5.тапсырма
Тірек сөздерді пайдалана отырып, қызықты, күлкілі әңгіме жаз.
Тірек сөз: Теледидар, Асан, үлбіреген ақ қардай, әкесі, қоян, мұнтаздай таза.
- тапсырма. Ұйқасын тауып жаз.
Қой сүйеді баласын қоңырым деп
Ештеңені білмеген момыным деп
Анам сүйеді мені құлыным деп
Желбіреген желкеңде тұлымың деп.
___________ «___________ »
___________» ____________»
___________»_____________»
__________» ________»________»
8 тапсырма
Р- әрпіне қатысты жаңылтпаштар құрастыр.
Торта қойдым Бал арасын араладым
Орта қойдым Ал арамен араладым
Жорта қойдым.
Бұл тапсырмаларды күнделікті сабағымда үзбей пайдалана отырып, оқушы шығармашылығын арттыруда шағын жеңіл тапсырмалар көмегін байқадым.
Оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көңіл бөлемін.Топта жұмыс жасауда алғашқыда оқушылар бір — бірін тыңдамай,сыныпта шу болатын. Барлығы да жазғандарын сабақтан соң топ мүшелері өз ойларын, жазған жұмыстарын талдау барысында жақсы жазылған жұмысты таңдай алатын болды. Бір — бірінің пікірін мұқият тыңдауға үйренді.
Оқушыларды топқа бөлу «Топтастыру»стратегиясын қолдану барысында мынандай жетістіктерге жетуге болады:
1. Оқушылар бір — бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады.
2.Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды.
3.Топтарының сұрақтарына жауап береді.
4.Барлық оқушылар жұмыс істей бастайды.
5. Қорытынды шығарады.
Осындай топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі болады, шыңдалады.
Оқушылар жұмыс жасау барысында бір — біріне көмектесіп, ойларын ортаға салады, ынталарына күш — қуат бере отырып, өздерінің білім алуын көтермелейді, оқуға, жазуға, тыңдауға, сөйлеуге кең мүмкіндіктер беретін ортада оқушы өз пікірлерін еркін жеткізуіне жағдайлар жасайды. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып және сол ойларды кесте арқылы көрсетеді. Шамалары келгенше қорғап шығуға тырысады. «Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» бағдарламасының қай әдісін алсақ та оқушының белсенділігін, ойлау қабілетін, шығармашылығын жан — жақты дамытатынын байқадым. Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың пәнге қызығушылығы артты. Оқушылардың білім сапасы көтерілді. Оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс — әрекетке қабілеті артты. Өз беттерімен өлең шығарып, өлеңдері аудандық газеттерге жарияланды.Осы жұмысты өткізу барысында бақылау нәтижесімен ата- аналар таныстырылып, оларға ақыл кеңес берілді.
Қорытындылай келе мынадай түйін түюге болады.
Қазіргі замандағы ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс — әрекетіне қабілетті, еркін және жан — жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықты шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Шығармашыл адамның бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттер мен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болу керек.