Иінді таразылар Жай механизмдер.
Пәні: физика
Класы: 7а
Сабақ тақырыбы: Иінді таразылар Жай механизмдер.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға иінді таразылар, жай механизмдер және олардың жұмыс істеу принциптері туралы түсінік беру .
Сабақтың міндеттері:
- Жай механизмдердің түрлерімен таныстыру.
- Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
- Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: дәстүрлі емес, саяхат сабақ
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, есеп шығару
Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор, иінтірек, таразылар, блоктар, жүктер, саяхат бағыты сызылған плакат, суреттер.
Сабақтың құрылымы:
- Ұйымдастыру бөлімі
- Саяхатқа даярлық (үй тапсырмасын тексеру).
- Жаңа сабақты түсіндіру.
А) «Иінді таразылар» елімен танысу. (жаңа тақырыпты түсіндіру)
№1 бөгет (жаңа сабақты бекіту)
Ә)«Жай механизмдер» елімен танысу. (жаңа тақырыпты түсіндіру)
- Сабақты бекіту тапсырмалары:
№2 бөгет
№3 бөгет
№4бөгет
- Үйге тапсырма беру.
- Бағалау.
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысымы мен даярлығын тексеру.
2.Мұғалімнің сөзі: Оқушылар, бүгінгі сабағымызда саяхатқа шығамыз. Саяхатқа шығу үшін төмендегідей тапсырмаларды орындауларыңыз керек:
- Дененің механикалық энергиясы деп қандай энергияны айтады?
- Механикалық энергияның сақталу заңын қалай тұжырымдайды?
- Иіндік деген не?
- Күш иіні дегеніміз не?
- Күш моменті деген не?
- Қандай шарт орындалғанда қозғалмайтын ось төңірегінде айнала алатын дене тепе-теңдікте тұра алады?
Автобуспен саяхатымызды жалғастырайық.
- Енді «Иінді таразылар» елімен танысайық.
Иінді таразылар елімен таныспас бұрын мына сұрақтарға жауап берейік.
Білемін | Білгім келеді | Үйрендім |
Иінді таразылар дененің массасын өлшеу үшін қолданылады.
Зертханалық теңиінді таразының жұмыс істеу принципін демонстрациялау.
Таразы тепе-теңдікте тұрғанда бұл күштердің күш моменттері тең болуы керек, яғни немесе
Зертханалық теңиінді таразыда күш иіндері тұрақты шама:
d1=d2
m1g=m2g
m1=m2.
Егер кір тастарының массасы өлшенетін дененің массасына тең болса, онда теңиінді таразы тепе-теңдік күйде болады.
Аса ауыр денелердің массаларын анықтау үшін қолданылатын таразылардың оң және сол иіндері әр түрлі ұзындықта жасалады.
Ондай таразының тепе-теңдік шарты:
mgℓ=MgL, мұндағы m-кір тастарының массасы, М-өлшенетін дененің массасы.
Иіндері үшін он саны еселік болып келетін таразылар ондық таразылар деп аталады.
Оқушылар, «Иінді таразылар» елімен танысып болсақ әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық.
- Жол бойындағы бөгеттің тапсырмасын орындау:
- Теңиінді таразының тепе-теңдік шарты қалай оқылады?
- Теңиінді және ондық таразылардың жұмыс істеу принциптерінің өзгешелігі неде?
- Бір ғана кір тасымен жұмыс істейтін таразы түрі бар ма? Бар болса, оның жұмыс істеу принципі қандай?
Саяхатымызды одан әрі жалғастырайық.
- Алдымызда тағы бір елдің барын көріп келе жатырмыз. Енді «Жай механизмдер» елімен танысайық:
Күшті түрлендіріп, қозғалыс бағытын өзгерту үшін қолданылатын құралдар механизмдер деп аталады.
Жай механизмдерге мыналар жатады: иіндік, блок, шығыр, көлбеу жазықтық және оның өзге түрлері: сына, бұранда.
d1-жұмысшы күшінің иіні,
d2-жүктің ауырлық күшінің иіні,
Ғ1-жұмысшының жасайтын күші,
Ғ2-көтеретін дененің ауырлық күші.
Жұмысшы күшінің иіні ауырлық күшінің иінінен неше есе үлкен болса, жұмысы күштен сонша есе ұтады.
Әр түрлі иіндіктер тұрмыста жиі қолданылады. Мысалы:
Блок дегеніміз-өз осінің төңірегінен айнала қозғала алатын, шетінде науасы бар доңғалақ тегершік.
Жүк көтергенде айналу осі не жоғары, не төмен қозғалмайтын блок жылжымайтын блок деп аталады (а-сурет).
Жылжымайтын блокты теңиінді иіндік деп қарастыруға болады (ә-сурет).
Жүкпен бірге блоктың айналу осі де көтеріліп немесе төмен түсіп отырса, ондай блок жылжымалы блок деп аталады (б-сурет).
В-суретте жылжымалы блок иіндік ретінде көрсетілген. Мұндағы 0-иіндіктің тіреу нүктесі, Р-ауырлық күшінің иіні –АО, Ғ жұмыс істейтін күштің иіні-ВО.
ВО иіні АО иінінен 2 есе артық болғандықтан Ғ күші Р күшінен 2 есе кем. Күш моменттерінің тепе-теңдік шарты бойынша Бұдан: яғни Күштен ұту үшін жылжымалы және жылжымайтын блоктарды бірге пайдаланады (г-сурет).
«Жай механизмдер» елімен танысып болсақ, саясатымызды әрі қарай жалғастырайық.
№2 бөгет Деңгейлік тапсырмалар.
І деңгей
(Оқулықпен жұмыс)
41 – жаттығу
- 177 — суреттегі иіндіктердің тірек нүктелерін және күш иіндерін сызба түрінде анықтаңдар.
ІІ деңгей
Иіндік (рычаг) тепе – теңдікте болуы үшін А нүктесіне қандай күш түсіру керек?
Берілгені: формула: шешуі:
l1=4cм=0,04м F1 l1= F2 l2 F2=4H*
l2=0,01м
F1=4H Жауабы: Ғ2=1Н
F2-?
ІІІ деңгей
Иіндіктің иіндерінің қатынасы 10:1. Оның ұзын иініне әсер ететін күш 150Н- ға тең болса, онымен ауыр жәшікті 12 см биіктікке көтергенде қанша жұмыс істеледі?
Берілгені: формула: шешуі:
l1 l2
Ғ1=150Н
һ=12 см =0,12м
F1 F2
А — ? A=150H *0,12м*10м=180Дж
№3 бөгет
Семантикалық карта
№ | Ережесі | Механизмдер | Блок | Ондық таразылар | Жылжымалы блок | Жылжымайтын блок |
1 | Жүкпен бірге блоктың айналу осі де көтеріліп немесе төмен түсіп отырады… | + | ||||
2 | Өз осінің төңірегінде айнала алатын, шетінде науасы бар дөңгелек тегершік. | + | ||||
3 | Күшті түрлендіріп, қозғалыс бағытын өзгерту үшін қолданылатын құралдар | + | + | |||
4 | Он саны еселік болып келетін иінді таразылар | + | ||||
5 | Жүк көтергенде айналу осі не жоғары, не төмен қозғалмайды. | + |
- Үйге тапсырма:
- §70.Иінді таразылар. §71. Жай механизмдер.
- 195 бет, 18 – тапсырма орындау;
- ережелерді жаттау;
- Бағалау.