«Әр түрлі ортадағы электр тогы» тарауы

 

Ашық сабақ

Тақырыбы:

«Әр түрлі ортадағы электр тогы» тарауы

 

Интеграцияланған сабақ түрлері практикада

 

А.О. АСЕНОВА, информатика мұғалімі

Л.З. СЫҒАЕВА, физика мұғалімі

№32 жалпы орта білім беретін мектебі, Семей қаласы

 

Мұғалімнің басты мақсаты – оқушыға терең де тиянақты білім беру, ал білім сапасын арттыру үшін әр мұғалім шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет. Мұғалім пәнді өзі жетік терең білуімен қатар, оны оқушыға меңгерту үшін әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын дұрыс қолдана білуі тиіс. Компьютерді сабақта орынды қолданудың бірқатар артықшылықтары бар, атап айтқанда: оқушылардың пәнге қызығушылығының артуы, оқу процесі қарқынының жоғарылауы, оқушының шығармашылық белсенділігінің көтерілуі, оқу сапасының артуы. Компьютерлік технологияны қолдану барысында мұғалімнің әр оқушымен жеке жұмыс жасауға, әрқайсысына түрлі тапсырмалар беріп, барлық оқушы білімін бағалауға толық мүмкіндігі болады, кімнің қай тақырыпты жақсы меңгергенін немесе қай жерде білімінің осал екенін дөп басып, көмек көрсете алады. Әр оқушы өзі еңбек етеді, кейбір жағдайдағыдай тақтадан немесе жанындағы оқушыдан селқос көшіріп отырмай, есепті өзі шығаруға тырысады. Оқушы мен мұғалім қызметінде информациялық мәдениет қалыптасады. Сонымен қатар оқушының психикасы мен ойлау қабілетіне де игі әсер ететіні сөзсіз.

Интеграция  әртүрлі оқу пәндері мазмұнының өзара әсерлесуі, өзара байланысы деп түсінуге болады.

Өздеріңізге ұсынып отырған интеграциялық сабағымыз информатика мен физика пәнін біріктіріп 10 «А»  сыныбында өтті. Сабақ тақырыбы: «Презентация. MS PowerPoint. Безендіру. Баптау, көрсету» және «Әр түрлі ортадағы электр тогы» тарауы. Ашық сабақ шығармашылық апталығында дәстүрлі емес түрде өткізілді. Сабақта топтық, жұппен және жекелеме жұмыс түрлері болды. Оқушылар берілген тапсырмаларды тақтада, орнында және компьютерде орындап, өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете алды.

Ғылым мен техниканың, өндіріс технологиясының қарқынды дамуы, экономиканы көтерудің күрделі мәселелерін шешу кезеңінде мектептегі оқыту оқушыларды белгілі бір білім қорымен қаруландырумен шектелмеуі тиіс. Олар алған білімдерін өз беттерімен әрі қарай кеңейтіп, тереңдетіп әртүрлі жаңа жағдайларға қолдана алатындай жоғарғы деңгейдегі ойлау қызметін дамытуға қол жеткізу керек. Осындай жаңа жағдай 10 «А» сынып оқушыларының «Әр түрлі ортадағы электр тогы» тарауын қорғауда презентацияны қолдануы. Тараудағы өз тақырыптарын ашу үшін оқушылар компьютер мүмкіндіктерін, интернет жүйесін пайдаланып жұмыстарын қорғай алды.

Төменде ашық сабақтың жоспарымен жүру сәті.

 

Сабақтың тақырыбы: «Әр түрлі ортадағы электр тогы» тарауы бойынша жаңа сабақты «Презентация» тақырыбын қолдана отырып бекіту.

Сабақтың мақсаты: Компьютер мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып  оқушылардың «Әр түрлі ортадағы электр тогы» тарауы бойынша білімдерін бекіту, пысықтау.

Дамытушылық міндеті: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін арттыру, эстетикалық танымын дамыту, болашақта алған теориялық білімдерін практикада ұштастыра білу.

Тәрбиелік міндеті: Оқушыларды компьютерлік сауаттылыққа, ұқыптылыққа, Office қосымшаларын басқа пәндерді оқығанда тиімді қолдана отырып, өз бетімен жұмыс жасауға үйрету.

Сабақтың типі: Презентация-сабақ.

Сабақтың түрі: Жаңа тарауды бекіту.

Сабақтың әдісі: Баяндама, түсіндіру, қорғау, диалог, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер. Электрондық оқулық, оқушылардың дайындап әкелген презентациялары. MS PowerPoint бағдарламасы. Интерактиті тақта.

Жаңа технология: Электрондық оқулық, М.Жампейсованың «Модульдік оқыту» технологиясы. Ақпараттық технология.

Пән аралық байланысы:  информатика, физика, химия.

Сабақтың жоспары:

І кезең. Ұйымдастыру. Мұғалімнің кіріспе сөзі.  (5 минут)

ІІ кезең. Үй тапсырмасы:

  1. Металдардағы электр тогы. (1 топ – 7 минут)
  2. Жартылайөткізгіштердегі электр тогы. (2 топ – 7 минут)
  3. Электролиттердегі электр тогы. (3 топ – 7 минут)
  4. Газдардағы электр тогы. (4 топ – 7 минут)
  5. Вакуумдегі электр тогы. (5 топ – 7 минут)

ІІІ кезең. Қорытындылау. Бағалау. Үйге тапсырма беру. (5 минут)

Сабақтың жүру барысы:

I кезең. Ұйымдастыру: Келген қонақтармен, оқушылармен амандасып, сабақтың мақсатымен, жоспарымен таңыстыру. Оқушылардың көңіл күйін, дайындығын қарап, сабақты бастау.

II-кезең: Үй тапсырмасы. «Әр түрлі ортадағы электр тогы» тарауы бойынша сынып 5 топқа бөлініп, әр топқа өз тақырыбы бойынша презентация жасап әкелу тапсырылған. Баяндамашылар кезек-кезек шығып үй тапсырмасы бойынша  жұмыстарын қорғайды. Баяндамаға 4-5 минут уақыт беріледі.  Болған соң басқа топ мүшелері, мұғалім (1-2 минут) баяндама жасап тұрған топқа сұрақ қойып, білімдерін тексере алады.

1 топ. Металдардағы электр тогы. Топ жетекшісі – Рахимбеков  Орынхан. Топ мүшелері: Сейтханова Гүлсая, Зейнелов Ерболат.

 

 

 

 

Слайд 1                                           Слайд 2

 

Слайд 3                                           Слайд 4

 

Слайд 5                                          Слайд 6

 

Сұрақ-жауап: Металл өткізгіштің кедергісінің температураға тәуелділігі қандай формуламен анықталады?

2 топ. Жартылайөткізгіштердегі электр тогы. Топ жетекшісі – Жеңіс Тұңғат. Топ мүшелері: Тоқтарханова Аяулым, Биахметов Ерасыл.

Слайд 1                                            Слайд 2

 

Слайд 3                                           Слайд 4

 

Сұрақ-жауап: Жартылайөткізгішті қыздырғанда оның кедергісі қалай өзгереді?

3 топ. Электролиттердегі электр тогы. Топ жетекшісі – Мүбараков Қыдырбай.  Топ мүшелері: Төлеутаев Төлеген, Амантаева Құндыз.

Слайд 1                                           Слайд 2

 

Слайд 3                                           Слайд 4

 

                   Слайд 5                                           Слайд 6

 

Сұрақ-жауап: электролиз қайда қолданылады?

4 топ. Газдардағы электр тогы. Топ жетекшісі – Абдыкаримов Думан. Топ мүшелері: Бағдатқызы Фариза, Нурмухамбетова Анар, Мұқаштегі Бауыржан.

Слайд 1                                  Слайд 2

 

Слайд 3                                  Слайд 4

 

Слайд 5                                 Слайд 6

 

Слайд 7

Сұрақ-жауап: Газдарда қандай бөлшектер ток тасушы бола алады?

 

5 топ. Вакуумдегі электр тогы. Топ жетекшісі – Саменов Саят.                  Топ мүшелері: Яғыбаева Сымбат, Бағдарбеков Айдос, Түсіпбаев Дастан.

Слайд 1                                         Слайд 2

 

Слайд 3                                         Слайд 4

 

Сұрақ-жауап: диод деген не? Оның жұмыс істеу принципі қандай?

 

ІII-кезең: Қорытындылау. Бағалау. Үйге тапсырма: тест жұмысына дайындық.

Қорыта келгенде интеграцияның практика жүзінде қолданыстағы бұл бір ғана мысалы. Мұндай тәсілдер сабақтың бірсарынды болып өтуінен сақтайды. Білім сапасы жоғарылап, оқушының жаңа жағдайда өзіне деген сенімінің артып, білімінің нақты, жан-жақты болары сөзсіз. Сондықтан «ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда» демекші, сіздер де өз пәндеріңізді басқа пәндермен біріктіріп, үйлестіріп жұмыс атқаруға болады. Соған ат салысуларыңызға, және де шығармашылық табысқа жетулеріңізге тілектеспіз.