Кинематика негіздері
Тақырыбы: Кинематика негіздері
Мақсаты: 1) Қозғалыстың әр түрлі түрлесімен және қозғалысты сипаттайтын
физикалық шамаларды қайталау.
2) Дененің кеңістіктегі орнын анықтап үйрену, оқушылардың ойлау
жүйесін кеңейту;
3)Оқушылардың өз бетімен ізденуге тәрбиелеу, физика пәніне
қызығушылығын арттыру;
Көрнекілігі: Кестелер, тест сұрақтары, графиктер
Сабақ түрі: Дәстүрлі емес.
Сабақ типі: Қайталау
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру бөлімі
- «Кинематика негіздері» тарауын қайталау
- Ойлы орталық
- Физикалық эстафета
- Сенуің керек, бірақ міндетті түрде тексер
- График аукционы
- Пентагон
- Қорытынды.
- Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен сәлемдесу, сабақ тақырыбымен таныстыру.
- Жаңа сабақ түсіндіру.
А) Мұғалім: Дәптерлеріңе өз ойларыңша Жанамадан Индерге баратын автомобиль қозғалысының траекториясын сызыңдар.
Б) Өз суреттеріңе қараңыздар да, қозғалыс жөнінде не білесіздер бәрін естеріңізге түсіріңіздер.
Мұғалім: тарау бойынша сөйлейді. Осы уақытта оқушылар «Білемін», «Білгім келеді», «Мен жаңадан білдім» картасының графасын толтырып отырады. Бұған 3 – 4 минут уақыт беріледі.
Бекіту.
- «Физикалық лото» карточкалар.
Класс 2 топқа бөлінеді.
Екі топқа жеке – жек физикалық лото карточкалары беріледі. Жауаптар жеке – жеке қиылған болады.
Сұрақтар:
1) Дененің орын ауыстыруы деп дененің бастапқы орнын, оның келесі орнымен қосатын…. кесіндіні айтады. | 2) Бірқалыпты қозғалатын дененің жылдамдығы берілген уақыт ішіндегі … сол уақытқа қатынасына тең … | 3)Үдеу дегеніміз — …., ол жылдамдық өзгерісінің осы өзгеріс болған уақыт аралығының қатынасына тең.
|
4) Механикалық қозғалыс дегеніміз … дененің … кеңістіктегі орнының өзгеруі | 5) Тең айнымалы қозғалыс деп дененің жылдамдығы … бірдей уақыт аралығында … қозғалысты айтады. | 6) Материалдық нүкте деп … денені айтады |
7)Дененің қисық траектория бойымен қозғалысы … деп аталады. | 8) Бұрыштың жылдамдық деп дененің бұрылу бұрышының осы … қатынасымен өлшенетін шаманы айтады. | 9) Шеңбер бойымен бірқалыптықозғалатын дененің үдеуі … деп аталады, шеңбердің кез – келген нүктесінде ол радиус бойымен оның центріне қарай бағытталады. |
Жауаптар:
1. а)кез – келген б) бірдей шамаға өзгеріп отыратын | Бағытталған. |
а) орын ауыстыруды, б) физикалық шама | |||
Қисықсызықты қозғалыс
| Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шама. |
а) уақыттың өтуіне қарай, б) басқа денемен салыстырғанда | |||
Центрге тартқыш үдеу | Қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын |
Бұрылуға кеткен уақытқа.
|
Жауабы: 1-2; 2-3; 3-5;
4-6; 5-1; 6-8; 7-4:
8-9; 9-7;
- Физикалық эстафета.
1 команда:5 оқушы υ,(t) графигі бойынша 1-нен кейін 1 шығады да, есептеу жүргіеді.
Сурет – 1
Жауабы:
- ах = = 2
- х=х0+υ0хt+ 2
- х= 0х+ахt=12-2t
- Sх= 0хt+ 2=12 3-32=36-9=27 м
- ортһ = =9
11 команда: График бойынша есептеу жүргізу.
Сурет – 2.
Жауабы:
- ах = = 2
- х=х0+υ0хt+ 2
- х= 0х+ахt=4+2t
- Sх= 0хt+ 2=8+4=12 м
- ортһ = =6
5.Сенуің керек, бірақ міндетті түрде тексер.
2 командалық капитандары есеп шығарады.
І – тапсырма:
Математикалық нүкте
х=2+3t, у=1+4t теңдеуіне сәйкес қозғалады. Нүктенің жылдамдығын табу керек.
Жауабы: =5 м/с
ІІ тапсырма:
Жолдың бірінші жартысын автомабиль 50 км/сағ, екінші жартысын 80 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті.
Автомабильдің бүкіл жолдағы орташа жылдамдығын табу керек.
Жауабы: орт= 61,5 км/сағ
- Графиктер аукционы.
Графиктер берілген А,В,С,Д,Е,Ғ денелерінің қозғалысы жөнінде қай команда көбірек мағлұмат береді.
Х х ах
А С Е
1 2 3
В Д Ғ
0
0 0
t1 t2 t3 t4 t1 t2 t3 t4 t1 t2 t3 t4
- 0-t1 уақыт аралығында А дене бірқалыпты. С денесі тең үдемелі,
жылдамдық модулі артты. Е денесі үдеудің шамасы уақыт өтуіне қарай артатын, айнымалы үдеумен қозғалды.
- t1-t2 уақыт аралығында А денесі тыныштықта, В және С денесі
бірқалыпты, Д және Е- тең үдемелі, Ғ- үдеудің артуымен.
- t2-t3 аралығында А ОХ осіне қарама – қарсы бірқалыпты, С-тең кемімелі,
яғни жылдамдық модулі кемитін, тұрақты үдеумен, Е денесі – айнымалы үдеумен, (модуль кемитін), В денесі қірқалыпты, Д – тең үдемелі, Ғ – 8 ден 34 артуымен 7.
- 1 нүктені, яғни графиктердің қиылысуын, t3 уақыт аралығында А және В
денесінің координаттарының бірдей екендігін, яғни денелер кездесті.
- 2 нүктесі, яғни t3 уақытында Сжәне Д денелерінің -ның бірдей екендігін
көрсетеді.
- 3 нүктесі, яғни t3 уақытында Е және Ғ денелері бірдей үдеумен
қозғалатынын көрсетеді.
- t0-0 уақытында А денесі координат басында, С денесінің бастапқы
жылдамдығы жоқ., Е денесінің бастапқы үдеуі 0-ге тең.
- t4 уақытында А денесінің координаты, С денесінің жылдамдығы, Е
дененің үдеуі нольге тең.
- Пентагон.
Тақырыптың аты және 5 көмекші сөз айтылады. Дұрыс жауапқа дейін әрбір көмек үшін 1 баладан кемітіп отырады. Әрбір дұрыс емес жауап үшін 1 балл шегеріледі.
Мыс: 1 Физика ғалымы.
Көмекші сөздер:
1.Ұлы итальян ғалымы
2.Телескопты ойлап тапты
- Бір физикалық құбылысты ашу үшін Пиза қаласындағы көлбеу мұнараға шықты.
- Инерция, инерциялық санақ жүйесі түсінігін енгізді.
- Фамилиясы мен аты ұқсас
Жауабы: Галилео Галилей.
Мыс:2. Ғимарат
- Биіктігі 60 метрден ескі ерекше ғимарат
- Симметрия осі жер бетіне көлбеу
- Ғалымдар бұл ғимарат құлайды деп ойлайды.
- Г.Галилей еркін түсу үдеуін зерттегенде, тәжірибесін жасау үшін оның үстіне шықты.
- Пиза қаласында орналасқан.
Жауабы. Пиза мұнарасы
- Қорытынды.
Оқушыларды бағалау. Жеңген команданы марапаттау.
- Үйге тапсырма. 1,1 §1,2.