Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Сабақтың тақырыбы:
Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
БҚО, Сырым ауданы, Бұлдырты аулы, Бұлдырты ЖББ орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Тұрсынова Бағымгүл Әбілдақызы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тұрақты ток заңдарын білу,білімдерін тұрмыста, техникада, күнделікті қажеттілікке қолдана білуге үйрету.
Тәрбиелілік: Іскерлікке, ұқыптылыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін дамытуға, пікір таластыруға, өзбетімен ізденуге, өзіндік қор жасауға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: аралас, жаңа білімді қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, салыстыру, көрнекілеу, тәжиребелік, бағалау.
Пәнаралық байланыс: информатика, математика,сызу.
Сабақта пайдаланылған көрнекіліктер: компьютер, тапсырмалар, бағалау парағы, электр шамдары, кілт, батарея, бүктеме қағаз, үлестірме қағаз, кодоскоп, экран, тақта, реостаттар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1) оқушылармен сәлемдесу, психологиялық көніл-күйін байқау
2) сабаққа керекті құрал-жабдықтарды түгендеу
3) сабаққа қатысуын қадағалау, сабақ мақсатымен таныстыру
ІІ. Үй тапсырмасын қайталау
Миға шабуыл: Сыныпты екі топқа бөліп, топпен жұмыс жүргізу. Компьютер-мен жұмыс жасау.
- Өткізгіш ұштарындағы кернеу 12 В, ал оның кедергісі 6 Ом, ток күші неге тең?I=
- Егер 20 с ішінде 12 Ом кедергі арқылы 6 Кл заряд өтетін болса, кедергідегі кернеуді табыңдар?I===0,3А, U=IR=0,3·12=3,6 В
- Электр бұрғы орамының кедергісі 20 Ом, егер электр бұрғы 19 А ток күшіне есептелген болса, онда оған қандай кернеу берілуі тиіс? I=U=IR=20·19=380 В
- Өткізгіштен 0,40 А ток өткенде, өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырымы 8,0 В болды. Өткізгіштің кедергісі неге тең?R===20 Ом
Сабақты бекіту
Карточкамен жұмыс
- Электр тогы дегеніміз не?
- Өткізгіштік ток дегеніміз не?
- Электр тогының пайда болуының қажетті шарттары қандай?
- Ток күші дегеніміз не?
- Ток тығыздығы дегеніміз не?
- Электр кернеуі дегеніміз не?
- Ток көзінің электр қозғаушы күші дегеніміз не?
- Вольтамперлік сипаттама деп не айтылады?
- Өткізгіштің кедергісі дегеніміз не?
- Ток күшінің кернеуімен кедергіге тәуелділік заңын ашқан қай ғалым?
Блок схема
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру ( Тірек конспект, кодоскоп арқылы)
- Тұрмыста және техникада әртүрлі қыздыру шамдары, үтіктер, электр пештері, тұтынушылар, электрқозғалтқыштары т.б. қолданылады.
Өткізгіштерді жалғаудың екі түрі бар
1) тізбектей жалғау схемасы
R1 R2
Rn
- I=I1=I2=…=In3. R=R1 + R2 + … + Rn
- U=U1 + U2 + … + Un4. U1:U2:…:Un=R1 :R2 : … :Rn
Сонымен өткізгіштерді тізбектей қосқанда:
1) барлық өткізгіштердегі ток күші бірдей;
2) тізбектің жалпы кернеуі жеке өткізгіштердің кернеулерінің қосындысына тең;
3) тізбектің жалпы кедергісі жеке өткізгіштердің кедергілерінің қосындысына тең;
4) өткізгіштердегі кернеу түсі өткізгіш кедергісінің шамасына тура пропорционал.
2) параллель жалғау схемасы
I1 R1
I2 R2
Iа b I
In Rn
- U = U1 = U2 = … = Un .3. = + + … + .
- I = I1 + I2 + … + In. 4. I1 : I2 : … : In = : : … : .
Қорыта айтсақ өткізгіштерді параллель қосқанда:
1) әр өткізгіштегі кернеу түсуі бірдей және тізбектің берілген бөлігіндегі жалпы кернеуге тең;
2) тізбектің тармақталмаған бөлігіндегі ток күші өткізгіштердегі токтардың қосындысына тең;
3) жалпы кедергіге кері шама өткізгіштердің кедергілерінің кері шамалары-ның қосындысына тең;
4) өткізгіштердегі ток күштерінің қатынасы осы өткізгіштердің кедергілері-нің шамаларының қатынасына тең.
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау трамвай, троллейбус, электр генераторлары, тоңазытқыш, теледидар, электр желдеткіш, аспаптар, музыкалық центрлерде қолданылады.
ІV. Сынып жұмысы
- Диалог.
- Бетпе-бет: «Сен маған, мен саған» екі топ бір-біріне сұрақ қояды.
— өткізгіштерді тізбектей қосқанда барлық өткізгіштерде бірдей болатын қандай шама?
— өткізгіштерді параллель қосқанда барлық өткізгіштерде бірдей болатын қандай шама?
— тізбектің учаскесі үшін Ом заңы қандай?
— өткізгіш кедергісі дегеніміз не, белгіленуі, өлшем бірлігі?
- Кім шапшаң? Әр топқа құрылғылар беріледі де, сызба бойынша екі топ тізбек құрастырады.
- Деңгейлік есептер шығару.
а) Егер R1 =120 Ом кедергі арқылы 6 А ток өтіп жатса, R2 = 80 Ом кедергі арқылы өтіп жатқан токты табу керек.
Берілгені: Шешуі:
R1 =120 Ом I1R1 = I2R2
I1 = 6 А R1 R2
R2 = 80 Ом I2 = = =9 А
т/к: I2 -?
б) Ом резисторларды АВ нүктелерінде ток көзіне қосқандағы олардың жалпы кедергісі қандай?
R2
А В
R3 R1 Жауабы: = + ⇒ R = 1,6 Ом
R4
- Жаңа сабақты бекіту. Сабақты топтастыру стратегиясы әдісімен қоры-тындылау.
I = I1 = I2 = … = In
U = U1 + U2 + … + Un
R = R1 + R2 + … + Rn
|
= .
U = U1 = U2 = … = Un .
I = I1 + I2 + … + In.
= + + … + .
=
Топтастыру стратегиясы Ом заңы – электр тогының негізгі заңдарының бірі.
Сабақты оқушылар Венн диаграммасы арқылы қорытындылайды.
«Ой қозғау» Венн диаграммасы.
Үйге тапсырма: §9.4. оқу, 18 жаттығу (1,2).
Оқушы білімін бағалау. Топ басшылары «Бағалау парағы» арқылы тобын-дағы әр оқушының жауабына қарай бағаны өздері қояды.