Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.
Сабақтың тақырыбы: Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.
Сабақ мақсаты:
1.Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауды еске түсіру арқылы жаңа сабақты түсіндіру.
2.Ойлау қабілетін, танымын, өткізгіштердің тізбектей және параллель жалғауын күнделікті өмірмен байланыстыра отырып оқушыларға жеткізу.
3.Оқушының ғылымға деген қызығушылығын арттыру; еңбекке, ұжымшылдыққа, халық дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: СТО элементтерін қолдану, тест әдісі,т.б.
Көрнекілігі: Слайд, карточкалар, техникалық құралдар,оқулық, т.б.
І. Қызығушылықты ояту.
Үй тапсырмасын тексеру: 1. Сұрақ- жауап
1.Ток күші деп нені айтады? Формуласы. Өлшем бірлігі.
Жауабы: Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасы. I= q t ; (А);
- Өткізгіштегі ток күшін қандай құралмен өлшейді? Ол тізбекке қалай қосылады? Шартты белгісі қандай?
Жауабы: Амперметр; Тізбектей;
- Электр кернеуі деп нені айтады? Ол қандай бірлікпен беріледі? Қандай құралмен өлшейді? Шартты белгісі.
Жауабы: Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасын айтады. U= A q ; (В) ; Вольтметр.
4.Тізбектің бөлігі үшін Ом заңын тұжырымда.
Жауабы: Тізбек бөлігіндегі ток күші- осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал да, өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал. U= I* R, I= U R, R= U I
- Өткізгіштің кедергісі неге және қалай тәуелді? Өлшем бірлігі.
Жауабы: Өткізгіштің ұзындығына, көлденең қимасының ауданына, жасалынған материалдың қасиеттеріне тәуелді. R= L S; (Ом)
- Ток көзіне нелер жатады?
Жауабы: Аккумуляторлар, гальвани элементтері, термопара, күн батареялары
- Токтың әсерлері қандай?
Жауабы: Жылулық, химиялық, магниттік, физиологиялық.
- “Вольтамперлік сипаттама” дегеніміз не?
Жауабы: Өткізгіштегі ток күшінің кернеуге тәуелділігі.
2. Тапсырмалар орындау
Өткізгіш тізбек берілген. Тізбек неден тұрады? Қатесін тап.
Мына суретте амперметрлердің шкалалары көрсетілген. Амперметрдің көрсетуі 2 А. Қатесін тап.
3.Балама тесті (иә, жоқ)
- r — өткізгіштің материалының меншікті кедергісі.(Иә)
- Уақыт бірлігіндегі өндірілген токтың жұмысы кернеу деп аталады.(Иә)
- Меншікті кедергінің өлшем бірлігі- Ом ; (Жоқ)
- 1 Ом- ұштарының арасындағы кернеу 1В болғанда, бойынан 1А ток өтетін өткізгіштің кедергісі. (Иә)
- Берілген өткізгіштің өз бойымен өтетін токқа кедергі жасамайтын физикалық шама- кедергі деп аталады. (Жоқ)
6.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы: I= U* R ; (Жоқ)
7.Ток күшін өлшейтін құрал- амперметр. (Иә)
8.Вольтметр тізбекке тізбектей жалғанады. (Жоқ)
Техника және тұрмыста әр түрлі тұтынушылар: қыздыру шамдары, үтіктер, электр пештері, электрқозғалтқыштары және т. б. қолданылады. Бұлар түрліше жалғанады.
Өткізгіштерді жалғаудың тәсілдерін қарастырайық.
ІІ. Мағынаны тану. Жаңа сабақ
- Өткізгіштердегі кернеу мен 1. Өткізгіштерді тізбектей
өткізгіш кедергісі шама- және параллель жалғаудың
ларының тәуелділігі; теориясы.
- Өткізгіштердегі ток күші 2. Өткізгіштерді тізбектей
мен кедергінің арасындағы және параллель жалғау
кері байланысы. кезіндегі :
— ток күшінің;
— кернеудің;
— кедергінің формулалары.
Ескі әлемнен Жаңа әлемге:
1-жағдай: Өткізгіштерді тізбектей жалғау
Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды.
- I = I1 = I2 = . . . = In
- U = U1 + U2 + . . . + Un
- R = R1 + R2 + . . . + Rn
2-жағдай: Өткізгіштерді параллель жалғау
Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштердің параллель жалғау деп атайды.
Электр тізбегінің екі өткізгіштен артық өткізгіштер түйісетін нүктесін түйін (суретте А және В нүктелері) деп атайды.
Назар аударыңдар:
*** Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда олардың ұзындықтары артатындықтан тізбек бөлігінің кедергісі артады. Ал параллель жалғағанда олардың көлденең қимасының ауданы артатындықтан тізбек бөлігінің кедергісі кемиді.
*** Өткізгіштердің кедергісі бірдей болғанда :
а) тізбектей R= 2R1
б) параллель R = R1 / 2
*** Кедергі әр түрлі болса:
R = (R1 * R2)/ (R1 + R2)
Есте сақта!
Өткізгіштерді параллель жалғағанда, бөліктің толық кедергісі әрқашан бөліктегі ең аз кедергіден кіші болады.
Жаңа әлемнен Ескі әлемге:
1.Өткізгіштердегі кернеу түсуі өткізгіш кедергісінің шамасына тура пропорционал:
U1 : U2 : … : Un = R1 : R2 : … : R n
- Өткізгіштердегі ток күштерінің қатынасы осы өткізгіштердің кедергілерінің кері шамаларының қатынасына тең:
I2 : I2 : … : In = 1/ R1: 1/ R2 : … : 1/ Rn
Семантикалық карта
ІІІ. Толғаныс
Есептер шығару
- Суретте тізбектей жалғанған үш өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі R1=36 Oм өткізгіштегі кернеудің төмендеуі U1 = 9В. Кедергісі R2=64 Oм болатын өткізгіштің кернеуін және олардың ұштарындағы кернеу 120 В болғандағы өткізгіштің R3 кедергісін анықтаңдар.
Жауабы: 16 В, 480 Ом
- Суретте параллель жалғанған екі өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі R1=44 Oм өткізгіш арқылы I1 = 5А ток өтеді. I2 = 0,8 А ток өткендегі өткізгіштің R2 кедергісін анықтаңдар.
Жауабы: 275 Ом
- Кедергілері 20 Ом және 30 Ом болатын екі резистор кернеуі 24 В электр тізбегіне жалғанған. Тізбекке екі резисторды тізбектей және параллель жалғағандағы ток күші қандай? Жауабы: 0,48 А; 2 А
*** Дидактикалық материалдардан есептер шығару.
Тест сұрақтары
1.Тізбектеп қосуда қандай шама тұрақты болады?
а) I ә) U б) R
- Параллель қосқанда ток күші қалай өзгереді?
а) I =0 ә) I = I1 + I2 б) I = I1 — I2
- Тізбектеп қосқанда толық кернеу неге тең?
а) U = U1 + U2 ә) U = 0 б) U = U1 -U2
- Параллель қосқанда тізбектің жалпы кедергісі қалай өзгереді?
а) артады ә) кемиді б) өзгермейді
- Тізбектеп қосқанда тізбектің жалпы кедергісі неге тең?
а) R=0 ә) R = R1 + R2 б) R = R1 — R2
- Параллель қосуда қандай шама тұрақты болады?
а) I ә) U б) R
- 7. Тізбектеп қосуда жалпы кедергісі қалай өзгереді?
а) артады ә) кемиді б) өзгермейді
- Тізбектегі ток күші барлық жерде бірдей болса, өткізгіштер қалай қосылады?
а) параллель ә) тізбектей б) аралас
Тест жауаптары: 1 – а, 2 — ә, 3 – а, 4 — ә, 5 — ә, 6 — ә, 7 – а, 8 – ә
«Бес жолды өлең» стратегиясы «Өткізгіш » сөзіне.
Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.
Үй тапсырмасы:
- 9.4 Венн диаграммасын толтыру.
Есептер шығару