Елбасы тартуы

Мақсаты: Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауы туралы білім беру. Еліміздің алдағы 10 жылдығы экономикалық даму бағыттары индустриалды – инновациялық саясатты жүзеге асыру міндеттерімен таныстыру.

Отаның елін, елін сүйетін азамат тәрбиелеу.

Көрнекілік: суреттер, бүктеме, Қазақстан картасы, слайдтар.

 

Сабақ барысы

 

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Елбасының тартуы» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Сабақтың барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Ерлан:   Жатыр алып жарты дүние әлемін,

Бұл даланы анам жаспен суарған.

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далаға жылап келіп, уанғам,

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

  • Балалар, осы өлең жолдарында қай мемлекет туралы жырланған?
  • Біздің ұлтымыз кім?
  • Біз қай тілде сөйлейміз?
  • Мемлекеттік тіліміз қай тіл?
  • Бұл кім?

Балалардың атасы

Жоқ ісінің қатасы

Елді бастап келеді

Қабыл боп ел батасы

Халық қолдап келеді

Соңынан бәрі ереді

Отандағы бар бала

Оны жақсы көреді.

1 – жүргізуші: Қазақстан Республикасының  тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 – жылдың 6 – шілдесінде Алматы облысына қарасты Қарасай батыр ауданының Шамалған ауылында дүниеге келді.

2 – жүргізуші: Елбасының әкесі Әбіш бау – бақша өсірудің білгірі еді. Ол дәулетті орыстар қолында  өскендіктен, егін салуды жақсы білетін. Білімі болмаса да, миуа ағаштарын будандастыруға кәнігі еді. Жұрт Назарбаевтардың бағында өсіп тұрған таңғажайып жемістерді немесе біржағында кәдімгі  апорт алмасы, екінші жағында уылжыған алмұрт пісіп тұрған ағашты тамашалайтын. Әбіш ата ағаш өсірудің  қыр –сырын өзгелерге де үйретуден жалыққан емес. Кең пейіл адам еді.

1 – жүргізуші: Қазақстан Республикасының Президентінің анасы Әлжанның мінезі ақжарқын болатын. Күліп, әзілдеп отырғанды ұнанататын. Қолы ашық, көрші – қолаңнан ештенесін аямайтын жан еді. әлжан ана үй шаруасымен ғана шектелмей, колхоз жұмысына да белсене араласқан.

2 – жүргізуші: Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті: «Менің тағдырымның сол кездегі менімен замандас туған балалрдың тағдырынан ешқандай айырмашылығы жоқ деп санаймын» — деді. Соғыстан кейінгі кезең, қырқыншы жылдардың бас кезі Нұрсұлтан анасына қызылшаны баптап күтуге көмектесіп, әкесіне бидай егуге, бидай піскенде оны қолмен оруға көмектесіп, үлкендердің еңбегңне қолғабыс жасаған.

1 – жүргізуші: Нұрсұлтан аға: орта бойлы, жазық маңдайлы, ақсары бала болатын. Сырттай момақан көрінгенмен, көзінің оты бар, ұстамды, байсалды еді. Сабаққа алғыр, елгезек, дене бітімі қайратты, күшті, қағулы, сергек бала болатын. Сол кездің өзінде ұйымдастырушылық қабілеті байқалып қалатын. Баларды үйіріп артынан ерітіп жүретін.

2 – жүргізуші: Нұрсұлтан Назарбаев бала күнінен спортқа жақын болды. Қақаған  қыста да шаңғы теуіп, жота – жотада жүре беретін. Жазда жайлауға барып, бір жүйрік атқа қонып алып, бүкіл тау – тасты аралап кететін. Елбасы қазір де спортқа әуес.

1 – жүргізуші: Ол 1958 жылы Қарасай ауданындағы Абай атындағы орта мектебін бітірді.

2 – жүргізуші: Мектеп бітірісімен Украинадағы Днепродзержинск техникалық училищесіне түсіп, 1960 жылы бітіріп, Комсомолдық жолдамамен Теміртау қаласына аттанды. Теміртауда болашақ металлургтер дайындайтын фабрика – зауыт училищесіне оқуға түседі. Теміртау қаласындағы қазақ металлург құрылысына қарасты «Домекстрой» тресінде 1960-1969 жылдары әр түрлі жұмыстар атқарады. 1969 – 1971 жылдары Теміртау қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы.

1 – жүргізуші: 1971 -1973 жылдары Теміртау қалалық партия комитетінің екінші хатшысы.

2 – жүргізуші: 1973 – 1977 жылдары Қарағанды металлургия комбинатының хатшысы, Қарағанды облыстық партия комитетінің  хатшысы міндетін атқарады.

1 – жүргізуші: 1979 – 1984 жылдары Қазақстан орталық комитетінің хатшысы. 1984 -1989 жылдар арлығында ҚазақКСР министрлер кеңесінің төрағасы.

2 – жүргізуші: 1989 -1990 жылдарында Қазақстан орталық партия комитетінің 1 – хатшысы, осымен бір мезгілде КОКП орталық комитетінің саяси бюросының мүшесі.

1 – жүргізуші: 1990 жылдың 24 – сәуірінде  Қазақ КСР тұңғыш президенті болып сайланды.  Жұртты аузына қаратқан,

Жақсылықтардың жолдасы.

Нұрын елге таратқан

Сол Нұрсұлтан – Елбасы.

Мұғалім: 2002 жылдан бастап Елбасымыздың жыл сайынғы жолдауын халқымыз асыға күтіп, үміт артады. өйткені елбасын бүгінгі жағдайымыз ғана ойландырып қоймайды, елдің ертеңі, ұрпағымыздың болашағы толғандырады.

Балалар, 29 – қаңтар күні Қ.Р.Парламенті палаталарының отырысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын жариялады. «Жаңа онжылдық Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» — деп аталатын биылғы Жолдауда еліміздің әлеуметтік – экономикалық даму мәселелері, ішкі және сыртқы саясатымыздың басты бағыттары қамтылды.

Биыл «Қазақстан — 2030» стратегиялық бағдарламасының жүзеге аса бастағанына 10 жыл толып отыр. Елбасы алғашқы онжылдықта атқарылған жұмыстарды қорытындылай келсе, еліміз қол жеткізген толағай табыстарды тілге тиек етті.

Сұлтан: 2008 жылы ішкі өнімнің екі есеге артты. Орташа жалақы бес есеге, ал зейнетақы үш есеге өсті.

Азиза: Он жылда елімізде 652 мектеп, 463 денсаулық сақтау нысаны салынды. 350 мың отбасы баспаналы болды.

Аружан: 32 мың шақырым жол салыны, жөндеуден өтті.

Нұрбол: Елбасы ұлттық экономикалық  бәсекеге қабілеттілігін арттыру керектігіне тоқталды. Алдағы 5 жылда қуатты газ – химия кешені, тыңайиқыш өндіретін зауыттар, бірқатар электр станциялары пайдалануға берілмекші. 2014 жылы үш мұнай өңдеу зауыты  қайта жаңғыртылып, ішкі тұтынуды толықтай қамтамасыз етеді.

Гүлім: Сондай – ақ, 2014 жылға қарай елімізде сатылатын азық – түліктің 80% отандық өнімдер болады деп күтілуде.

Малика: «Қазақстан  — 2030 » стратегияын орындай отырып, біз алғашқы онжылдық бағдармасын жасап, оны тамамдадық. Ендігі мақсат  — осы стратегияның келесі онжылдығына  қарай қадам жасау деді мемлекет басшысы.

Дарын: Биыл тағы бір тарихи оқиғаға куә болып отырмыз. Еліміз беделді халықаларық ұйымға – ЕҚЫҰ – ға төрағалық етуде. Президент мұнын өзі елімізге әлемдік қоғамдастық тарапынан көрсетіліп отырған зор құрмет екенін атап өтті. Биыл Астанада ЕҚЫҰ – ның саммитін өткізу жоспарланып отыр екен. Бұл орайда Нұрсұлтан Әбішұлы: «Қазақстанның ЕҚЫҰ – ға төрағалығы әлем халықтарының өркендеуі мен қауіпсіздігін дамытуға бағытталатын болады», — деп баса айтты.

Манас: Мемлекет басшысы ұрпақ тәрбиесіне, білім беру мекемелерін де айналып өтпеді. Мектеп жасына дейінгі оқыту мен тәрбиеноқыту мен тәрбиені қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған «Балапан» бағдарламасын қамтамасыз етуді тапсырды.

Жандос: Сонымен қатар, «2020 жылғы қарай орта білім беруде 12 жылдық оқыту моделі» жүзеге асатыны айтылды.

Елдар: Президент жолдауында халықтың әл – ауқатын көтеруге көңіл бөліп отыр. Алдағы сәуір айында бюджеттік мекемелердің қызметкерлерінің жалақысы мен студенттерді шәкіртақысы 25% өсетін болды.

Азиза: Елбасы ішкі және сыртқы саясаттың бағыттарын айқындай келе, 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жастар дайындалғанын атап өтті.

Малика: Бұл бағдарламаның  түпкі мақсаты  — еліміздің тәуелсіздігін баянды ету, қазақтың ұлт болып өркендеуіне жол ашу, оның тілі мен мәдениетінің кең құлаш жаюына мүмкіндік туғызу.

«Менің Қазақстаным» оқушылар шығармашылығын оқыту, «Менің болашақ ауылым» суреттерін қорғау.

Мұғалім:   Бар жақсылық сендер үшін ұрпағым.

Атып келеді жыл – жыл сайын нұр таңың.

Бұл жөнінде, сан мәртебе жырладым,

Қара қылды қақ жарса егер – Елбасы.

Болашақтан, көп қой  сенің ұтарың.

Қазақ елін, биікке бет алғанда

Сен де соған үнінді қос ұрпағым, — дей келе сендер де біздің еліміздің  жарқын болашағына өздеріңнің білімдеріңмен, үлгілі тәртіптеріңмен үлес қосатыңдарына сенімдімін.

Хор «Өз елім» әні.