«Тұрақты электр тогы» тарауын қорытындылау
«Тұрақты электр тогы» тарауын қорытындылау
Сабақтың мақсаты:«Тұрақты электр тогы» тарауы бойынша алған білімдерінтиянақтау, тапсырмаларды орындауда ептілік, тапқырлық, іскерлігін жетілдіру.
Міндеттер:
- Білімділік:Тұрақты ток заңдары бойынша негізгі ұғымдар мен формулаларды оқып білу.
- Дамытушылық:а) Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, практикалық дағдыларын қалыптастыру.
б) Сабақ барысында оқушылардың өз білімін бағалау, бақылау дағдысын дамыту.
- Тәрбиелілік: Формулаларды пайдалану жолдарының оқушы жүрегіне жетіп, шешімін табуда еңбекқорлыққа, өз беттерінше жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі:бекіту, бағалау сабағы.
Сабақтың түрі:Қорытындылау, білімді жинақтау.
Сабақтың әдісі: ауызша, жазбаша, жауап алу, жекелей топтық жұмыс, ойын, тест, деңгейлік тапсырма, тәжірибе жасау.
Қажетті құралдар мен көрнекіліктер: Интерактивті тақта, флипчарт, слайд, виртуалды стенд, демонстрациялық тәжірибелерге арналған құрал-жабдықтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
ә) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;
б) психологиялық әзірлеу;
в) сынып оқушыларын 2 топқа бөлу және ат қою: 1-топ — «Вольт», 2-топ –«Ампер».
Сабақтың ұраны:«Барлық теоремалар мен ережелерді білу жеткіліксіз,
оларды меңгере білу керек» П. Л. Чебышев
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1-бөлім . Нені білдім?
Қызығушылықты ояту кезеңі.
Интерактивті тақтада ’’электр тогы’’суреті көрсетіліп
ой шақыру стратегиясы’’бойынша тұрақты электр тогы еске түсіру.
Ой тудыру. (Миға шабуыл).
Бүгінгі сабақта не туралы айтамыз?
Диалог арқылы талдау.
- Электр деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?
- Күнделікті өмірде электрленуді қай жерден көруге болады?
- Электр тогының қолданылатын жерлерін ата?
- Электр тогының тұрмыста қолданылуы.
- Электр тогының өндірісте қолданылуы.
- Электр тогының ауыл шаруашылығында қолданылуы.
С.И. Офицеровтің әдістемесі бойынша интеллектуалдық гимнастика.
Тірек-сызба арқылы осы тарауға байланысты физикалық таңбалар мен өлшем бірліктерді еске түсіру.
1-тапсырма. Физикалық шамалар
Меншікті кедергі | R | Ом*мм2/м | R=ῥ*l/S |
Электр қозғаушы күші | ɛ | 1В=1Дж/Кл | ɛ=A,/q |
2-тапсырма. Менің ойым
- Шартты белгілерін сызып көрсет
Гальвани элемент
Өткізгіш сым
Қыздыру шамы
Кедергі
Кілт
Вольтметр
Амперметр
- Мына таңба дұрыс па? Дұрыс таңбаны қағып ал.
- Р- қысым
- R -қуат
- I – ток күші
- R- кедергі
- Q – жылу мөлшері
- q — кернеу
- U — заряд
- А – жұмыс
- Құралдарды тану.
- Токты күшін өлшейтін құрал.
- Электр кернеуін өлшейтін құрал.
2-бөлім.Нені үйрендім?
Физикалық лото ойыны
Топқа «Ампер, Вольта, Ом, Джоуль-Ленц» сурет бөліктері беріледі. Бөліктің артына жазылған есептерді оқушылар орындайды.
Ампер: Электр шамы арқылы 10 минутта 300Кл электр заряд өтеді. Шамдағы ток күшін анықта. Жауабы: 0,5А
Ампер:Электр пеші арқылы 2 минутта 600Кл заряд өтеді. Пештің спиральіндегі ток күшін анықта. Жауабы: 5 А
Вольта: Өткізгіш арқылы 12 Кл заряд өткенде 600 Дж жұмыс жасалады. Өткізгіштің ұштарындағы кернеу неге тең болады.
Жауабы: 50 В
Вольта: Тізбекте 25 Кл заряд өткенде 500Дж жұмыс істелді, тізбектегі кернеу неге тең? Жауабы: 20 В
Ом: 120 вольтқа лайықталған электр шамының кедергісі неге тең болады, егер ондағы ток күші 0,5 А болса? Жауабы: 240 Ом
Ом: Электр шамында 6,3 В, 0,22 А деп жазылған. Шаманың кедергісі неге тең? Жауабы: 28,6 Ом
Джоуль-Ленц: Кедергісі 100 Ом реостатта 1 сағатта қанша жылу мөлшері бөлінеді, егер ток күші 2 А болса. Жауабы:1,44 МДж
Джоуль-Ленц: Электр пеші металлды балқыту үшін 800А ток тұтынады, кернеу 60В тең. Осы пеште 1 минутта қанша жылу мөлшері бөлнеді.
Жауабы: 2,88 МДж
3-бөлім. Нені жасай аламын?
1-тапсырма.
Виртуалды стедті пайдаланып әр түрлі металдардағы кедергілерді өлшеу. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау, өткізгіштердің аралас жалғауын тәжірибе арқылы көрсету.
Сергіту сәті: Бір-біріне «ток заңдарына» байланысты жұмбақтарын жасырады.
«Біліміңді тексер». Деңгейлік тапсырмалар. Сандықшаның ішіндегі тапсырмаларды оқушылар таңдайды.
Оқушылар тізбек құрастырып есептерін шығарады. Схемасын сызу керек.
А деңгейі
- Құралдар: ток көзі, өткізгіш сымдар, амперметр, электр шамы, кілт.
1 минут уақыт ішінде 12,5 А ток тізбек бойымен өткен зарядты анықта
Схемасы:
Есеп. Бер. t= 1мин=60c I=q/t
I= 12.5 A q=It
q=? q= 12.5A*60c=750Кл
В деңгейі
- Құралдар: ток көзі, өткізгіш сымдар, амперметр, вольтметр, электр шамы, кілт.
Өткізгіш ұштарындағы кернеу 220В тең болған кезде амперметр 5 А ток көрсетеді. Сондағы кедергінің қанша болғынын есепте.
Схемасы:
Есеп. Бер. U=220 В I=U/R
I=5A R=U/I
R=? R=220В/5A= 44Ом
С деңгейі
- Құралдар: Электр шамы, өткізгіш сымдар, амперметр, ток көзі, кілт, реостат.
Реостаттың тиегін оңға жылжытқанда шамның жарықтығы қалай өзгереді, егер кернеу 360В, ал кедергісі 0,6 Ом болса?
Схемасы:
Есеп. Бер. U=360В I=U/R
R=0.6 Ом I=360В/0,6Ом =600A
R=?
- Құралдар: амперметр, кедергі, вольтметр, өткізгіш сымдар.
Тізбек бойындағы ток күші 225А-ге, ал кедергісі 0,25 Ом болса, онда
өткізгіш ұштарындағы потенциалдар айырымы – кернеу қаншаға тең болғаны?
Схемасы:
Есеп. Бер. I=225A I=U/R
R=0.25Ом U=I*R
U=? U=225A*0.25Ом=56.25В
Шағын тест.
- Электр тогы дегеніміз не?
А) зат атомдарының реттелген қозғалысы
Б) зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы
В) зат бөлшектерінің реттелген қозғалысы
Д) зарядталған бөлшектердің жылулық қозғалысы
- Ток күшін өлшейтін құрал қалай аталады және тізбекке қалай жалғанады?
А) вольтметр, параллель
Б) амперметр, параллель
В) амперметр, тізбектей
Д) вольтметр тізбектей
- Тізбек бөлігіндегі кернеуді өлшейтін құрал қалай аталады және тізбекке қалай жалғанады?
А) амперметр, тізбектей
Б) амперметр, параллель
В) вольтметр, параллель
Д) вольтметр, тізбектей
- Өткізгіштерді тізбектей қосқанда қандай шама бірдей болады.
А) уақыт
Б) кернеу
В) ток күші
Д) кедергі
- Өткізгіштерді паралель қосқанда қандай шама өзгермейді?
А) уақыт
Б) кернеу
В) ток күші
Д) кедергі
Жауаптары: 1-Б, 2-В, 3-В, 4-В, 5-Б.
Үйге тапсырма: §35-44 қайталау.
Бағалау.Оқушылар сабақ барысында алған смайликтеріне сәйкес бағаланады.
Қорытындылау: Женімпаз аталған топты марапаттау.