Дененің салмағы. Салмақсыздық

 

Сабақтың тақырыбы: Дененің салмағы. Салмақсыздық

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Салмақ, салмақ бірлігі, формуласы және оның өзгеру себептері туралы  білім беру;

Дамытушылық: салмақтың адам өміріндегі маңыздылығы көрсету арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, алған білімдерін қолдана білуге үйрету, жеке тұлғалық қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: білімін жинақтап жеткізе білуге үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыр, сенімділікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, көрсетілім, сызбалармен жұмыс, есептер шығару, деңгейлік тапсырмалар орындау

Көрнекіліктері: слайдтар, плакаттар, карточкалар,

Құралдар:    динамометр, GLX-explorer мәліметті тіркеу құрылғысы

 

 

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

А)Есепті  әр қатар бойынша шығарылуын тексеру

Б) серпімділік күші мен деформацияның тұрыс пен техникада қолданылуы презентация

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау

Тірек сызбаны толтыру арқылы алған білімдерін жинақтау

А) серпімділік күші

Б) деформация

ІV. Жаңа сабақ

Гагариннің сөзі: «Ұшу кезінде мені орындыққа жаншып, қол – аяғымды қозғалтуға мүмкіндік бермейтін үлкен күштің пайда болғанын сездім»

Сонда Гагаринге әсер еткен қандай күш екен.

Әрине орындыққа әсер  адамның әсер ететін күшті біз білеміз. Ол – салмақ

7 сыныптағы  салмақтың анықтамасын еске түсірелік.

Дененің тіреуге немесе аспаға әсер ететін күші салмақ деп аталады. Салмаққа қарсы күші тіреудің немесе аспаның реакция күші.

Салмақ пен массаның айрмашылығы неде?

Жауабы: салмақ бұл күш, ал масса табиғатта бар барлық денеге тән инерттілік  және гравитациялық қасиетін сипаттайтын шама.

Ал ауырлық күші мен салмақтың арасындағы айырмашылық неде?

Жауабы: ауырлық күші Жердің денені өзіне тартуы салдарынан болатын күш.

Ал салмақ бұл дененің басқа бір денеге әсерін көрсететін күш.

Ал енді мен қазір сендерге тәжірибе көрсетейін, ал сендер динамометрдің көрсетуін бақылап отырыңдар. Алғашқыда динамометр көрсетуі тұрақты, ал екінші жағдайда еркін құрағанда көрсетуі азаяды, ал жоғары үдей қозғалғанда көрсетуі артады. Мұның себебі не деп ойлайсыңдар.

Жауабы: үдеуде.

Яғни дене үдеумен жоғары немесе төмен қозғалғанда оның салмағы өзгереді екен.

(слайд бойынша түсіндіру)

 

  1. Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары

А) ауызша есептеулер жүргізу (әр қатар бойынша)

1Жерде массасы 6 кг жәшік жатыр. Жәшіктің салмағы қандай?60Н
2Массасы 50 кг адамның Жерге түсіретін салмағы қандай?500Н
3Массасы 40 кг бала 5кг сөмкені өзімен көтеріп ұстап тұр. Баланың салмағы қандай?450Н

Б) тақта орындату

 

1

Лифтінің жоғары көтеріле бастау сәтіндегі үдеуі а=0,2м/с2 болса, массасы 50 кг баланың лифтідегі салмағы қандай?510Н
2Массасы 500г допты тік жоғары 0,6 м/с2 үдеумен лақтырсақ онда доптың салмағы неге тең?5,3Н
3Дене 1,5м/с2 үдеумен төмен қарай түскенде салмағы неге тең? Дене массасы 40 кг340Н

 

  1. VI. Қорытындылау.

А)Кестеге мәліметтер жинақтау

шартыФормуласыНәтижесіҚозғалыс атауы
а=0P=mgСалмағы өзгермейдіБірқалыпты немесе тыныштықта
а  үдеумен төмен қозғалғандаP=m(g-а) Салмағы нольге тең боладыcалмақсыздық
а үдеумен жоғары қозғалғандаP=m(g+а)Салмағы артып кетеді.Асқын салмақ

Әр оқушының ойын тыңдау:

Тақырыптың негізгі түйіні – дене салмағын өзгертуге болады.

VII. Бағалау

VIIІ. Үйге тапсырма: §18. Дененің салмағы. Салмақсыздық  15-жаттығу (2-4)