Математика апталығында 3-4 класс оқушыларымен өткізілген «Атажұрт» танымдық ойын кешінің өту барысы.

Математика апталығында 3-4 класс оқушыларымен өткізілген «Атажұрт» танымдық ойын кешінің өту барысы.

Өткізген мұғалім: Тілеубаева.Т.

Ең алдымен топқа бөлу. Топбасшысы және мүшелерімен таныстыру.

І. «Үшбұрыш» тобы. Топбасшысы: Айнұр.

Мүшелері: Жомарт,Аружан,Ерасыл,Аида.

ІІ. «Төртбұрыш» тобы. Топбасшысы: Ұлжан.

Мүшелері: Әймен,Заңғар,Асқанбай,Нұрасыл.

Әр топтың жанашырлары артында отырады.

І-тур. «Өткел».

5-сұрақ қойылады, 30-секундтан беріледі. Дұрыс жауапқа 10-ұпай, дұрыс еместің жауабын жүргізуші өзі айтады.  «Өткелден» жиналған ұпай «Алтын қорда» сақталады.

«Үшбұрыш» тобының топбасшысына қойылады.

1.Фигураның ұзындығы мен енінің көбейтіндісі. (Төртбұрыш)

  1. Бір өркешті түйе? (Нар)
  2. Ең үлкен үш таңбалы сан? (999)
  3. Желтоқсаннан бұрын келетін ай.(Қараша)
  4. Аптаның екінші күні.(Сейсенбі)

« Төртбұрыш» тобыының топбасшысына қойылады.

1.Барлық қабырғасы тең фигура.(Шаршы)

2.Бойына сеніп жылдан құр қалған жануар.(Түйе)

3.Неше мұхит бар.(4-мұхит)(Солтүстік мұзды мұхит,Атлант мұхит,Тынық мұхит,Үнді мұхит)

4.Тамыздан кейін келетін ай.(Қырқүйек)

5.Аптадағы қасиетті күн.(Жұма)

Жиналған ұпайы «Алтын қорда» сақталады.

ІІ-тур. «Белес»

Ұпайы көп топтан бастаймыз. Шартты мынадай:Берілген сұраққа 1-минут беріледі. Жауап болмаса, қарсылас топтан жауап беруге болады. Егер қарсыластың  жауабы дұрыс болмаса,яғни,күйсе жауап бермесеңдер де ұпай өздеріңде қалады. Бір сұрақтың жауабы   25-ұпай.

Екі сұрақ беріледі,қажет етсеңдер қосымша көмек алуға болады.

Ал егер қарсыластың жауабы дұрыс болса,ұпай соларға беріледі.Қосымша көмек алсаңдар, 5-ұпай кемітіледі.

«Үшбұрыш»      (топ мүшелері өз ара келісіп,біреуі жауап береді)

1.Жыл аттарын ретімен атап бер.(тышқан, сиыр,барыс,қоян,ұлу,жылан,

жылқы,қой,мешін,тауық,ит,доңыз)

Қосымша көмек:  «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісінде  жылды алғаш көрген тышқан еді ғой.

2.Әнұранның сөзін және әнін жазған авторларын толық атап бер.

(Сөзі:Ж.Нәжімеденов,Н.Назарбаев.Әні:Ш.Қалдаяқов)

Қосымша көмек: Еліміздің тұңғыш президенті.

 

«Төртбұрыш»

1.Халық өлшемдерін ата.(бармақ,шынтақ,қарыс,сүйем,елі,табан,қадақ(1 кг),пұт(16  кг).

Қосымша көмек: Мысалы бармақ қазы, 1 қадақ ұн деген сияқты.

2.Әлемнің жеті кереметін атап бер:  1. Александрия.

  1. Хепос пирамидасы(үлкен Сфинкс)
  2. Семирамиданың аспалы бағы.
  3. Фодос алыбы.
  4. Галикарнос кесенесі.
  5. Артемиданың ғибадатханасы.
  6. Зевс мүсіні.

Қосымша көмек: Өнер,мәдениет,ақыл-ойдың,сезімталдықтың жемісі.

(дүниетану  14-16 бет.4-с)

 

ІІІ-тур.   «Бекет»

Ұпайы көп топтың жанашырларына сұрақ қоямыз. Шарты: Жанашырлардан бір оқушы толық жауап бере алмаса, екінші оқушының толықтыру мүмкіндігі бар.1-минут уақыт беріледі. Дұрыс жауапқа әр топқа 30-ұпай қосылады.Жанашыр өзі 30-теңге алады.Егер жауап берілмесе топтан 30-ұпай шегеріледі,келесі топқа 30-ұпай қосылады.

«Үшбұрыш»

1.Желтоқсанда құрбан болғандарды атап бер. (Л.Асанова,С.Мұхамеджанова,Қ.Рысқұлбеков,Е.Сыпатаев)

«Төртбұрыш»

1.Жеті қазынаны ата.(Ер жігіт,Сұлу әйел,Берен мылтық,Құмай тазы,

Қыран бүркіт,Жүйрік ат,Білім-ғылым)

 

ІV-тур.  «Асу».  Ақтық тур.

Ең көп ұпай жинаған топтан бастаймыз.     Шарты: 14 терезе.

Қалаған терезені ашады.Онда сұрақ бар.Дұрыс жауапқа 20-ұпай.Жауап бермесе ұпай жоқ.Келесі топта кезекпен қалаған терезені ашады.Осылайша сұраққа жауап береді.

 

1   2   3  4  5

6   7   8  9  10

11  12  13  14

 

1.80-нің жартысын 2-ге бөлгенде неше қалады? (20)

2.Төрт тұсты ата.(Батыс,Шығыс,Оңтүстік,Солтүстік)

  1. 4+4*2 (12)
  2. 30 күнді қалай атайды? (1-ай)
  3. Ең қысқа айды ата. (Ақпан)

6.Әтеш  2  аяғымен тұрғанда 4 кг,бір аяғымен тұрса ше?  (4кг)

  1. Үш биді ата. (Қазыбек би,Төле би,Әйтеке би)
  2. Апта күндерін ата.(дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі,жұма,сенбі,жексенбі)
  3. Жылдың алғашқы айы. (Қаңтар)
  4. Білім күні қай күн. (1-Қыркүйек)
  5. Жылдың соңғы айы. (Желтоқсан)
  6. Жаздың алғашқы айын ата. (Маусым)
  7. 1000 м қашықтық немесе…(1км)
  8. Авторлары айтылады,әуеннен үзінді беріледі.Әннің тақырыбын (немесе қалай аталатынын табу керек)

Ең көп ұпай жинаған топ «Жеңімпаз» болады. «Алтын қордағы» ұпайын қосып,ұпайды аз жинаған топ (теңгесін алып) ойыннан шығады. Ұпайы көп топ «Нартәуекел» деп шешсе, «Жерұйық» супер ойынға,шешуші ойынға қатыса алады.       Шарты: Сұраққа дұрыс жауап берсе,барлық жинаған ұпайлары  2 еселенеді,ал қателессе  2 есе кемиді.Соған «Алтын қордағы»  ұпайын алады.

 

V-тур.  «Жерұйық» -шешуші ойын.

Сұрағы:  Қандай санды бір-бірімен көбейткенде олардың нәтижесі осы екі санның  қосындысымен  тең болады?.

 

(2  мен 2   2*2  2+2   Басқа сандарда мұндай қасиет жоқ)

 

Сөз  қазылар алқасына беріледі.