«Іздеген –табар, оқыған –озар» атты 7-8 сыныптарға арналған физикадан сыныптан тыс жұмыс.
«Іздеген –табар, оқыған –озар»
атты 7-8 сыныптарға арналған физикадан сыныптан тыс жұмыс.
Мақсаты: Оқушылардың танымдық ойын, белсенділігін, икемділігін арттыру.
Сайыс барысы :
- Сұрақтар сайысы
- Жорға бөлімі
- Сәйкестендіру тапсырмалары
- Топ басшылар сайысы
- Эсперименттік сайыс
- «Бақытты сәт»
- Кроссворд шешу
- Қорытындылау
І. Сұрақтарға жауап беру: 1ұпай
- Сұйықтар мен газдардың бірқатар маңызды қасиетін ашқан ғалым?
- Материяның ажырамас қасиеті.?
- Гелиоцентрлік жүйені ашқан ғалым?
- Ашық күндері ақ қарға қарағанда лас қар неге тез ериді?
- Су астындағы тасты көтеру неге жеңіл?
ІІ. Жорға бөлімі. Кім жылдам? 2ұпай
Әр топ 2 мин ішінде қанша формула жазады.
ІІІ. Сәйкестендіру тапсырмалары : 1ұпай
Бұл денелердің жылдамдықтарын ретпен орналастыр .
Ұшақ, жаяу адам, жеңіл машина , Электр пойыз, күшік
20 км/сағ, 700 км/сағ, 90 км/сағ, 200 км/сағ, 5 км/сағ.
Әр құралдың атын және ол қандай физикалық шаманы өлшейтінін ретпен жазыңдар.
Манометр, динамаметр, таразы, термометр,.
Температураны, күшті, қысымды, массаны.
Шамалардың өлшем бірліктерін Халықаралық бірліктер жүйкесінде жазыңдар.
км/сағ, см, см3 , см 2 , тәулік.
м2 , м, м3 , м/с, с .
ІҮ. Топ басшылар сайысы: 1 ұпай
- Дене пішінінің өзгеруі қалай аталады?
- Космонавтиканың негізін қалаған кім?
- Меркурийдің қазақша аты?
- Комодром қай жерде, аты қандай?
- Ғарышқа ең алғаш ұшқан ұшқыш?
- Судың үш күйін ата?
- Есекқырған деп қай планета аталады?
- Қатынас ыдыстардағы сұйықтың деңгейі қандай?
Ү. Эксперименттік сайыс: 5 ұпай
8 сынып – Кішкентай денелердің өлшемдерін анықтау
7 сынып- Дененің массасын таразыға тартып өлшеу.
ҮІ. «Бақытты сәт» 5ұпай
- Ұзындығы 135 см сымды бір бөлігі екінші бөлігінен 2 есе үлкен етіп 2 бөлікке бөлген. Әр бөліктің ұзындығын табыңдар.
- Екі санның қосындысы 8-ге, айырмасы 2-ге, көбейтіндісі 15-ке тең.Осы сандарды анықтаңдар.
- Тауда 7 ағаш, әр ағаштың түбінде 7 ін, әр інде 7 түлкі, әр түлкіде 7 күшік. Барлығы неше күшік бар?
ҮІІІ. Кроссворд шешу. «Тұрақты ток» 1ұпай
- Қуаттың өлшем бірлігі?( Ватт)
- Заряд орын ауыстырғанда пайда болады?( Жұмыс)
- Ток күшінің өсуіне бөгет жасайтын шама?( Кедергі)
- Бөлшектің ішкі қасиетін сипаттайтын шама?( Заряд)
- Ток көзінің ішкі құрылысына тәуелді шама?( Электр қозғаушы)
- Өткізгіш бойымен зарядтардың бағытталған қозғалысы? ( Электр тогы)
- Электр тогын толық сипаттайтын шама?( тығыздық)
- Үштен кем емес өткізгіштің тоғысқан нүктесі? (Түйін)
- Кедергінің өлшем бірлігі? ( Ом)
- Ток күшіне тура пропорционал шама?( Кернеу)
т | |||||||||||||
ұ | |||||||||||||
р | |||||||||||||
а | |||||||||||||
қ | |||||||||||||
т | |||||||||||||
ы | |||||||||||||
т | |||||||||||||
о | |||||||||||||
к | |||||||||||||
ІХ. Қорытынды.
Ұпай сандары саналып жеңімпаз топ анықталады.