Атажұрт
Атажұрт
Мақсаты : Туған елге,туған жерге деген суйіспеншіліктерін арттыру.Оқушыларды озық ойлы болуға тәрбиелеу,білімді және жан-жақты болуға үйрету.
Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер.топ аттары.
Мұғалімнің кіріспе сөзі : Біз бүгін «Атажұрт» деп аталатын теледидардан өздеріңіз көріп жүрген интелектуальдық ойынды өткіземіз.Ойын шарты мынадай :
Қатысушы 2 топ І.-топ «Ата мекен»
ІІ-топ : «Жерұйық»
Ойын бес кезеңнен тұрады :І. «Өткел» Бұл кезеңде әр топ туған жер,туған ел туралы ақындар жырлаған жыр шумақтарынан үзінді оқиды.
ІІ. «Белес» Әр сұраққа он ұпайдан ,әр топқа 5 сұрақтан қойылады .
ІІІ. «Бекет» Әр топқа 4 сұрақтан беріледі.Әр сұраққа он ұпайдан.
ІУ. «Асу» Ұяшықтан сұрақ таңдау .Ұяшықты әр топ кезекпен таңдайды.
У. «Жерұйық» Оқушыларға тапсырма жазылған конверт беріледі,конвертте екі тапсырма беріледі.
І-кезең «Өткел»
Туған жер,туған ел туралы жыр шумақтарын оқу.
ІІ-кезең «Белес»
- Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі (карта)
- Қазақстан республикасының ұлтаралық тілі (орыс тілі )
- Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазым (президент)
- Қазақстан республикасының ұлттық валютасы қашан енгізілді (1993 жылы,15 қараша )
- Бірінші маусым қандай мереке (балаларды қорғау күні )
ІІ-топ сұрақтары:
- Үш жұртты ата. (өз жұрты,қайын жұрты,нағашы жұрты )
- Қазақстанда неше облыс орталығы бар ? (14)
- Қазақтың ұлттық сал-дәстүрлерін ата.(беташар,тұсау кесер,шілдехана)
- «Бөбек» қорының президенті кім ? (Сара Алпысқызы)
- Бір заттың көлемін кішірейтіп көрсететін сан (масштаб )
ІІІ-кезең «Бекет»
- «Менің атым Қожа» повесінің авторы кім ?(Б.Соқпақбаев.)
- Қазақстан республикасының Әнұранының сөзін жазған кімдер?(Нұрсұлтан Назарбаев,Жұмекен Нәжімеденов.)
- Республикалық «Айгөлек» журналының бас редакторы кім ?(Қымбат Әбілдақызы)
- Біз надан боп өсірдік,Иектегі сақалды.
Өнер жігіт көркі деп,Ескермедік мақалды.-деп басталатын өлеңнің авторы кім ? (Ы.Алтынсарин )
2-топқа сұрақтар :
1.Қазақ Ордасының ең соңғы ханы кім ?(Абылай хан )
2.Тәуке ханның қазақ тарихындағы ең үлкен еңбегі қалай аталады ?
(Жеті жарғы )
- Елтаңбаның авторлары кімдер ? (ШотАман Уәлиханов,Жандарбек Мәлібеков )
- Ереулі атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай деп басталатын өлеңнің авторы кім ? (Махамбет Өтемісұлы )
4-кезең : «Асу»
- Маңғыстау облысында неше әулие бар ? (362)
- Қарақия ауданының орталығы (Құрық)
- Жер шарында неше материк бар ? (6.Азия,Африка,Солтүстік Америка,Оңтүстік Америка,Антрактида,Австралия )
- Сидней Олимпиадасында жеңіске жеткен атақты боксшы(Бекзат Саттарханов )
- Маңғыстау облысының әкімі кім ? (Бауыржан Мұхамеджанов )
- Әбу Насыр Әл-Фараби қай қалада туылды ? (Отырар қаласы)
5-кезең «Жерұйық»
1-тапсырма : «Ақымақта ар болмас» деген нақыл сөздегі ар сөзінің мағынасын ашу.
2-тапсырма : Туған жер туралы өлең шығару 1-шумақ (50 ұпай )
ІІ-топқа тапсырма :
1-тапсырма : «Шыбын да аңқаудың аузын аңдиды» деген сөйлемдегі аңқау сөзінің мағынасын ашыңыз.
2-тапсырма : «Мен бақытты баламын» деген тақырыпқа өлең шығару. ( 50 ұпай)
Сөз сынып жетекшісіне беріледі.Жеңімпаздарды марапаттау.