Қысым тақырыбына есептер шығару
Сабақтың тақырыбы: Қысым тақырыбына есептер шығару .
Мақсаты:
1.Білімділік:Дәстүрлі емес сабақ түрінде оқушылардың белсенділігін арттырып,өз-өзіне баға беруге,өз жетістіктерін сезініп,әлсіз жақтарына сын көзбен қарауға ұйрету.
2.Дамытушылық: Осы нені білді,қандай шамалармен танысты,алған білімдерін есте сақтау мақсатында оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,ойлау қабілетін дамыту,алған білімдерін одан әрі қарай дамыту.
3.Тәрбиелік:Оқушыларды тез ойлауға,тез есептеуге,шапшаңдыққа,жинақтылыққа тәрбіиелеу,пәнге қызығушылығын туғызу.
Сабақтың әдісі: баяндау, практикалық, экспериментальтық
Сабақтың түрі: қайталау, пысықтау
Сабақтың көрнекілігі: таратпа материалдар,кроссвордтар.
Құрал жабдықтар: проэктор,динамометр,ағаш білеуше.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Сабақ жоспары.
1.Өткенді қайталау
Формуласы мен анықтамасына тоқталу
Сурет бойынша қысымның физикалық мағынасын түсіндіру
2.Есептер шығару 2 нұсқа бойынша 4 есептен
І нұсқа
- Массасы 200 кг, ал ауданы 2,5 м2 дененің түсіретін қысымын анықта
- Бетке 30 кН күш түсіріп 2 кПа қысым алсақ, ауданы қандай болған?
- Массасы 56 кг спортшы шаңғыда тұр. Әр шаңғының ұзындығы 1,85 м, ал ені 0,1 м. Спортшы қарға қандай қысым түсіріп тұр?
- Асфальт төсеуде қолданылатын машина каток тірегінің ауданы 1500 см2 , түсіретін қысымы 300 кПа екенін біліп, әрекет ететін күшті анықта.
2 нұсқа
- Егер табанының ауданы 15 м2, массасы 60 кг болса, мәрмәр бағаны топыраққа қандай қысым түсіреді?
- Массасы 6 т жер тегістегіш машина тіреуінің ауданы қандай болған, егер оның топыраққа түсіретін қысымы 3кПа болса.
- Массасы 58 кг спортшы шаңғыда тұр. Әр шаңғының ұзындығы 1,95 м, ені 0.2м. Спортшы қарға қандай қысым түсіреді?
- Вагонның барлық доңғалақтарының рельспен жанасқан ауданы 0,1 м2. Бұлвагонның массасы 300кг болса, ол жерге қандай қысым түсіреді
- Шығармашылық жұмыс: Динамометр, сызғыш көмегімен ағаш білеушенің стол бетіне әсер ететін қысымын анықтау
Басқа оқушылар тақтаға кроссвордтың жауабын шешеді.
Сабақ соңында оқушыларды бағалау, Үй тапсырмасын беру