Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру.
Сабақтың тақырыбы: Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: үйкеліс күшін, оның түрлерін, үйкеліс күшінің бағытын, табиғат заңдарындағы маңызын түсіндіру.
б) дамытушылық: ойлау және есте сақтау қабілетін дамыту, ой-өрісін кеңейту.
в) тәрбиелік: жауапкершілікке, еңбек сүйгіштікке, ұжымшылдыққа, ұқыптылыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: электрондық оқулық, интерактивті тақта, динамометр, білеуше.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру: (оқушылардың сабаққа қатысын тексеру; жоқ оқушылардың себебін
анықтау)
- Үй жұмысын тексеру
III. Жаңа тақырыпты баяндау
- Есте бекіту жұмыстарын жүргізу
- Үйге тапсырма §41,§42 18-жаттығу(3)
- Қорытындылау
VII. Бағалау
II
а) Дененің салмағы дегеніміз не?
ә) Дененің салмағы мен денеге әрекет ететін ауырлық күшінің арасындағы айырмашылық
неде?
б) Қандай жағдайда дене салмақсыздық күйде болады?
в) Салмақсыздықтың себебі неде?
III (Электрондық оқулық бойынша — демонстрациялар).
1) Тәжірибелерден бір дене 2-ші дененің бетімен қозғалған кезде қозғалыс жылдамдығына қарама-қарсы бағытталған және дененің қозғалысына кедергі жасайтын күш пайда болатынын көрдік.
Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады. Үйкеліс күші Fүйк әрпімен белгіленеді.
Үйкеліс |
сырғанау |
домалау |
тыныштық |
Жанасатын денелердің бір-біріне қатысты қозғалысына қарай, үйкеліс: сырғанау үйкелісі, домалау үйкелісі және тыныштық үйкелісі болып бөлінеді.
2) Үйкеліс күшінің пайда болу себептері:
а) Жанасатын денелердің кедір-бұдырлығы
б) Молекулалардың өзара тартылысы
3) Үйкеліс күшін азайту үшін:
а) үйкелетін беттерді өңдейді;
ә) үйкелетін беттерді майлайды
Үйкеліс күшін жанасатын денелердің материалдарын таңдау арқылы; және жанасатын беттерді көбірек немесе азырақ күшпен қысу арқылы да реттеуге болады.
Сонымен, үйкеліс күші жанасатын беттердің қандай материалдан жасалғандығына, олардың өңделу сапасына және бір беттің екінші бетке түсіретін қысым күшіне тәуелді.
Ғүйк күшін сандық жағынан сипаттауға болады.Ол үшін динамометрге байланған ағаш білеушені горизонталь жатқан тақтай үстімен бірқалыпты қозғалысқа келтірейік.
│ Ғ тарту│= Ғ үйк. — бірқалыпты қозғалыс пайда болады.
Дененің өзі жанасын тұрған бетке тік бағытта түсіретін күшін нормаль қысым күші деп атайды.
(N) әрпімен белгілейді, N = m • g
Ғ үйк = μ • N ; Ғ үйк = μ • m • g
μ – жанасатын беттердің күйіне және үйкелетін материалдар тегіне байланысты болады.
Үйкеліс |
пайдасы |
зияны |
Үйкелісті арттыру үшін беттердің арасындағы ілінісуді күшейту керек.
Үйкелісті азайту үшін — жанасатын беттерді тегістеп олардың арасын майлау керек; сырғанау үйкелісін домалау үйкелісімен алмастыру керек. (Подшипниктер Ғүйк күшін 20-30 есе азайтуға мүмкіндік береді).
Тақырыпты бекіту:
- Қандай күшті үйкеліс күші деп айтамыз?
- Үйкелістің қандай түрлерін білесіңдер?
- Үйкеліс қандай себептерден пайда болады?
- Үйкелісті қалай азайтуға болады?
- Үйкеліс күшін қалай реттеуге болады?
- Үйкеліс күші неге тәуелді? Ғүйк күшін қалай өлшеуге болады?
- Нормаль қысым күші деп нені айтады?
- Үйкеліс коэффициенті неге тәуелді?
- Үйкелісті арттырудың немесе кемітудің қандай тәсілдері бар?
- Подшипниктер көлікте қандай мақсатпен пайдаланылады?
11.Үйлеріңдегі қандай құралдарда подшипниктер бар?
18 – жаттығу
- Неліктен ауыр дорба көтеріп келе жатқанда, тайғанақ жолда жүру оңайырақ?
- Жалпы массасы 1т болатын жүгі бар шананы ат мұзбен сүйретіп келеді. Шана табаны мен мұз арасындағы үйкеліс коэффициенті 0,05.Ат арбаны қандай күшпен тартып келеді?
- Массасы 70кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс коэффициенті μ = 0,3.
- Массасы 50кг дене 200 Н күштің әрекетінен жазық бетте бірқалыпты қозғалып келеді. Үйкеліс коэффициенті неге тең?
19 – жаттығу
- Автомашиналардың доңғалақтарының не себептен бедерлі етіп жасайды?
- Жауыннан кейін тас жол неге тайғанақ болады?