Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.
Тақырыбы: Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.
Сабақ мақсаты:
- Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауды түсіндіру. Өткізгіштердің тізбектей және параллель жалғауын күнделікті өмірмен байланыстыра отырып оқушыларға жеткізу
- Оқушылардың ойлау, есте сақтау, есеп шығару қабілетін қабілеттерін дамыту,
- Оқушының ғылымға деген қызығушылығын арттыру; еңбекке, өз отанын сүйуге, өз жетістіктерін бағалай білуге үйрету ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
Диагностикалық карталар, семантикалық карталар, карточкалар, слайд , физикалық құралдар
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, талдау, баяндау, практикалық жұмыс
Сабақтың барысы
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру Сәлеметсіздер ме балалар. Бүгінгі сабағымызды бастаймыз. Сендер болашақтарыңа сенімді қадам жасауларыңа болады деп ойлаймын. Қазақстан жолы -2050 : бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Елбасының кезекті жолдауында Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына еніуінің ұзақ мерзімді басымдылықтары нақты айтылған. Жолдауда әдеттегідей білім саласына үлкен мән берілген. Бағалау жүйесімен таныстырады. . Сабақ бөлімдеріндегі тапсырманы орындаған оқушы диагностикалық картаға өзіне тиісті ұпайын қойып отырады.
ІІ .Үй тапсырмасын сұрау
- Техникалық білім беру Сұрақтар қою
1.Кернеуліктің формуласы?
2.Тоқ күшінің өлшем бірлігі?
3.Сыйымдылықтың өлшем бірлігі?
- Тоқтың қасиеттері қандай?
- Ом заңының формуласы?
- Кернеуді өлшейтін құрал?
7.Кернеудің формуласы?
8.Вольтметр тізбекке қалай жалғанады?
- Меншікті кедергі формуласы?
- Меншікті кедергісінің өлшем бірлігі?
- Кулон заңының формуласы?
- Сыйымдылық формуласы
- Алғаш рет электр тоғы түсінігін енгізген ғалым?
- Электр тоғы дегеніміз не?
- Амперметр тізбекке қалай жалғанады?
- Кернеудің өлшем бірлігі не?
- Электр тұрақтысының мәні неге тең?
- «Зияткерлік мектеп-сапалы білім деңгейі» Семантикалық картаны толтыру
Сұрақ пен дұрыс жауаптың қилысына «+» таңбасын қойыңыз. (екі сұрақтың жауабы біреу болуы мүмкін)
№ | Сұрақ | Кернеулік | Амперметр | Ом заңы | Вольт | Андре Мари Ампер | Тоқ күші |
1 | Кернеудің өлшем бірлігі | ||||||
2 | Тоқ ұғымын физикаға енгізген ғалым | ||||||
3 | мен өлшенетін шама | ||||||
4 | Бұл формула нені білдіреді. | ||||||
5 | Тоқ күшін өлшейтін құрал | ||||||
6 | Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы |
ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау «Үш тілділік» Есеп шығару
Деңгейлік есептер шығару
«5»
Көлденең қимасының ауданы 0,1мм2 , ұзындығы 8м никель сымның ұштарындағы кернеу 3,2В болса, онда оның бойымен қандай тоқ өтеді?
«4»
Радиусы 30см шарға заряды 9нКл заряд берілген. Шар бетіндегі электр өрісінің кернеулігін табыңдар?
«3»
Тоқ күші 5А болғанда, кедергісі 65 Ом болатын реостатқа қандай кернеу түсірілген?
ІV. Жаңа сабақ
Презентация арқылы көрсету
Техника және тұрмыста әр түрлі тұтынушылар: қыздыру шамдары, үтіктер, электр пештері, электрқозғалтқыштары және т. б. қолданылады.
Өткізгіштерді жалғаудың тәсілдерін қарастырайық.
1- жағдай. Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды.
Бір секундта өткізгіштің көлденең қимасы арқылы бірдей мөлшердегі еркін
заряд тасушылар өтсе, өткізгіштерді тізбектей жалғағанда,
өткізгіштердегі ток күшінің шамасы бірдей болады. Алайда өткізгіштің
ұштарындағы және кернеулері әр түрлі. Тізбектің әрбір бөлігіне
Ом заңын қолданамыз. Демек, .
екенін ескере отырып: аламыз.
Егер арқылы өткізгіштердің жалпы кедергісін белгілесек, онда
.
Тізбектей жалғанған бірнеше өткізгіштен тұратын тізбектің кедергісі жеке өткізгіштер кедергілерінің қосындысына тең.
Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең, ал тізбектегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады:
.
2-жағдай. Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштердің параллель жалғау деп атайды.
Электр тізбегінің екі өткізгіштен артық өткізгіштер түйісетін нүктесін түйін (суретте А және В нүктелері) деп атайды.
Тізбекті параллель жалғағанда, екі параллель арнаға тармақталған су ағыны тәрізді, ток өткізгіштер бойымен тармақталады.
және тармақталған ток күштерінің қосындысы тармақталмаған
бөлігіндегі токтың шамасына тең, яғни
Ом заңының негізінде бірінші өткізгіштің ұшындағы кернеу: , ал
екінші өткізгіштің ұшындағы кернеу: болады.
және бір-біріне тең, себебі, олар А және В бір ғана нүктелердің
(түйіндердің) арасындағы кернеу болып табылады, осыдан
екендігі шығады.
Жоғарыдағыны ескеріп және жалпы кедергіні
арқылы белгілей отырып, ,
формулаларын аламыз.
Бұл формулалардың оң және сол жақ бөліктерін қосамыз, сонда
немесе .
Демек, немесе .
Өткізгіштерді параллель жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергісінен кем болады.
20-жаттығу
- Суретте тізбектей жалғанған үш өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі
өткізгіштегі кернеудің төмендеуі . Кедергісі
болатын өткізгіштің кернеуін және олардың ұштарындағы кернеу 120 В болғандағы өткізгіштің кедергісін анықтаңдар.
Оқушылар өздері берілген сызба бойынша электр тізбегін құрастырады
- Жаңа сабақты бекіту
Берілгені:
Табу керек -?
Жауабы: 16 В, 480 Ом
- Суретте параллель жалғанған екі өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі
Табу керек — ?
Жауабы: 275 Ом
- Кедергілері 20 Ом және 30 Ом болатын екі резистор кернеуі 24 В электр тізбегіне жалғанған. Тізбекке екі резисторды тізбектей және параллель жалғағандағы ток күші қандай?
Берілгені:
Табу керек — ? — ?
Жауабы: 0,48 А; 2 А.
VІ. Жаңа сабақты қорытындылау
Балама тест орындату
І.Балама тесті (иә, жоқ)
- Өткізгіштерді тізбектей қосқан кезде тоқ күштері өзара тең болады.
- Ток күшін өлшейтін құралды вольтметр деп атайды.
- Өткізгіштерді параллель қосқан кезде кернеу оның жеке бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады..
- R= R1+R2+……Rn –n өткізгіштерді параллель қосу формуласы .
- Меншікті кедергінің өлшем бірлігі вольт .
- Білім беру қызметкерлері жалақысын 29% пайыз өсіруді қамтамасыз ету керек
Шамалар
ІІ.Физикалық шамалар | Белгіленуі | Өлшем бірлігі |
Ток күші | ||
Кернеу | ||
Кедергі | ||
Меншікті кедергі ІІІ. 2 топқа берілген сөздер бойынша қорытындылату |
Үй тапсырмасы:
- 41.
20 жаттығу.
№4 — №6 есептер.
Бағалау
Әркім өз тапсырмаларының бағаларын қосып тапсырмалар санына бөлеміз
Сол бүгінгі сабақтың бағасы болады