Күләш Ахметова. « Астана»

Сабақтың тақырыбы: Күләш Ахметова. « Астана»

Сабақтың білімділігі: оқушыларға ақын Күләш Ахметова ның өмірі, шығармашылығы туралы айта отырып,  өлеңнің  негізгі  идеясы туған жерді сүю, қадірлеу екендігін ұғындыра отырып, оқушылардың  өз Отанына деген  мақтаныш сезімдерін  туғызу, білім алуға талаптандыру .

Сабақтың дамытушылығы: Мәнерлеп оқу  дағдысын  қалыптастыру. Тақырып бойынша  оқушылардың  сөздік қорын  молайту.                                                      Сабақтың тәрбиелілігі: Болашағымыздың  жалғастырушы  ұрпақтардың  бойында Отансүйгіштік сезімдерін молайту, туған жерін, елін сүюге, табиғат әсемдігін таныта және оны қорғай білуге  тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрнекілік, талдау, жинақтау, ой қозғау, мағынасын ашу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс:дүниетану,математика.

Көрнекілігі:   Автордың  суреті слайдтар,сюжетті суреттер,  ребустар,интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі:

ә) оқушы қызығушылығын ояту

Мұғалім
Әрбір адам?
Әрбір сабақ?
Әрбір ісің?
Әрбір сөзің?
Балалар(хормен)
Туысым, досым, жұрағат.
Үйрену, ұғу, ұлағат.
Тірлік, тірек, адамдық.
Шындық, бірлік, адалдық.

— Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызды бастаймыз, әрбір ісімізге мұқият болайық.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

— Оқушылар, Олай болса, мен қазір сұрақтар арқылы сендердің осы тақырыпты қалай меңгергендеріңді тексеріп көрейін

 б)Сұрақ — жауап

— мәтін неше бөлімнен тұрады?

-Мәтіннен көкейіңе не түйдің?

-Өз тұрған жерің саған несімен  ұнайды?

-сонымен, бізге таныс үш кейіпкер жақсы мекен,жайлы қоныс тапты ма?

1.тапсырма 1слайд

  1. Жаңа сабақ.Ребустарды шеш.

2 .тапсырма 2 слайд

3 .Ребустардың шешуіндегі  екі қала туралы не білесің?

4.тапсырма  3 слайд

-Күләш Ахметованың  өміріне тоқталу.

5.Осы екі қаланың аттары қатар аталатын белгілі ақын Күләш Ахметованы «Астана»өлеңін оқу.

6.тапсырма 4 слайд «Сергіту сәті»

4.Кітаппен жұмыс.Оқушыларға оқыту.

Өлеңдегі ақын ойын  сызбаға сүйеніп түсіндір.

5.Ой-толғаныс.

 

Астана

«Күн шұғыласы » ойыны.Астана деген сөзді айтқанда көз алдыңа нені елестетесіңдер?

 

 

 

6.Бекіту

Сұрақтарға ауызша жауап беру.

-Өлеңнен осы сөздердің  әрқайсына қатысты жолдарды тауып, тұтастай оқы. Мысалы: Өз Астанаң өз қолыңмен  соғылған.

-Алматы мен Астана  аттары неге қатар аталады деп ойлайсың?

-82- беттегі суретке зер салып қара.Сурет сенде қандай сезім туғызады?

  1. тапсырма 5 слайд

7.Қорытындылау.

-Тәуелсіздігіміздің тірегі, еліміздің жүрегі-Астанамыз асқақтай берсін! Бұл сабақта шығармашылықпен жұмыс істедіңдер. Бұл жұмыстарды келесі сабақта жалғастырамыз. Сабаққа белсене қатысқан барлық оқушыларға рахмет!

 

 8.Үйге тапсырма. «Астана »өлеңін мәнерлеп оқу.

9.Оқушыларды бағалау.

 

№25 орта мектеп

2 «А» сынып жетекшісі:

Атамбаева Назгүл Социалқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ММ «№25 жалпы білім беретін орта мектеп»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ана тілі сабағынан ашық сабақ.

 

 

«Астана»

 

Өткізген: Атамбаева Н.С

 

 

 

abildina-dinara-Kyzgaldak-arular.doc

 

 

 

 

 

2010 жыл