Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы.

 

Сабақтың тақырыбы: Отынның энергиясы. Отынның меншікті   жану жылуы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Отын толық жанғанда бөліп шығаратын жылу мөлшерін есептеуді үйрету.

Дамытушылық: Әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойының дамуын, шығармашылық даму мүмкіндігіне жағдай жасау.

Тәрбиелік: Оқушыны алғырлыққа, жауапкершілікке, саналылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Көрнекілігі: плакат, слайд, карточкалар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сыныпты жаңа сабақ өтуге даярлау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

 «Топтастыру әдісі»

ТЕМПЕРАТУРА
Кельвин
Цельсий
ІШКІ ЭНЕРГИЯ

 

 

 

 

 

Механикалық жұмыс
Жылу берілу
ЖЫЛУ БЕРІЛУ
Жылуөткізгіштік
Конвекция
Сәуле шығару

 

Формула білемізбе?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Ертедегі адамдар өздерінің үйлерін жылыту үшін немесе тамақ дайындау үшін немесе тамақ дайындау үшін ағаш, көмір, шымтезек энергиясын пайдаланған. Қазіргі заманда отын ретінде табиғи газ, мұнай және мұнай өнімдері қолданылады.

Денелерді қыздыру үшін энергия қажет. Энергия көбінесе отыннан алынады, ол үшін, мысалы, ағаш, тас көмір, бензин жағылады. Сонда ненің есебінен энергия бөлініп шығады?

Молекулалардың атомдардан құралатыны белгілі. Мысалы, судың молекуласы оттегінің бір атомы мен сутегінің екі атомынан құралады. Молекуланы атомдарға бөлуге болады. Молекулалардың осылайша бөлінуінхимиялық айрылу рекциясы деп атайды. Молекуланы атомдарға бөлу үшін атомдардың бір-біріне тартылу күшін жеңіп, жұмыс істеу керек, яғни энергия жұмсау керек. Тәжірибелер, керісінше, атомдар бірігіп молекула құрғанда (отын жанғанда), энергияның бөлініп шығатынын көрсетеді.

Отынды пайдалану осы атомдар қосылып молекула құрағанда энергия бөлініп шығатынына негізделген . Әдеткі отындардың (көмір, мұнай, бензин т.б.) құрамында көміртегі бар. Отын жанғанда, ондағы көміртегінің атомы оттегінің екі атомымен қосылады. Осы молекула тұзілгенде энергия бөлініп шығады.

Отынның әр түрлі болады: көмір, шым тезек, ағаш отын, мұнай және табиғи газ. Отын жанған кезде оның ішкі энергиясы жұмыс атқаруға немесе жылу алмасу жолымен басқа денелерді қыздыруға жұмсалады. Отынның барлық түрлері үшін 1 кг отын толық жанғанда қандай мөлшерде жылу бөлініп шығатынын тәжірибе жасап анықтау керек.

Массасы 1 кг отын түгел жанғанда қандай жылу мөлшері бөлініп шығатынын көрсететін физикалық шама отынның меншікті жану жылуы деп аталады.

Отынның меншікті жану жылуын q әрпімен белгілейді, оның өлшем бірлігі 1Дж/кг.

Кейбір отын түрлерінің меншікті жану жылуы,

Оқ-дәрі0,38·107Ағаш көмірі 3,4·107
Құрғақ отын1,0·107Табиғи газ4,4·107
Торф1,4·107Мұнай4,4·107
Тас көмір2,7·107Бензин4,6·107
Спирт2,7·107Керосин4,6·107
Антрацит3,0·107Сутек12·107

 

Кез келген массасы m отын толық жанғанда бөлінетін Q жылу мөлшерін есептеу үшін q меншікті жану жылуын жанған отынның массасына көбейту керек:

Q=qm.

Мұнда q-отынның меншікті жану жылуы, m – отынның массасы.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

Физикалық диктант.

 

 

  1. Қорытындылау.

Кеспе қағазы бойынша оқушыларға жаңа сабақ бойынша сұрақтар беру.

№1

Отын жанғанда энергияның бөлінуін қалай түсіндіруге болады?

№2

Отынның меншікті жану жылуы нені көрсетеді? Оны қандай әріппен белгілейді? Қандай бірлікпен өлшейді?

№3

Отынның меншікті жану жылуы дегеніміз не?

№4

Массасы 15 кг тас көмір толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді?

№5

5 кг антрацит толық жанғанда қайсысынан көп жылу бөлініп шығады?

№6

Құрғақ ағаш түгел жанғанда 50 000 кДж энергия бөлініп шыққан. Массасы қандай?

№7

Көлемі 2 л керосин түгел жанғанда қанша жылу бөлініп шығады?

№8

210·108 Дж жылу алу үшін қанша тас көмір отынын жағу керек?

№9

Көлемі 4 л бензин толық жанғанда қанша жылумөлшері бөлінеді?

№10

Егер массасы 10 кг ағаш көмір жанғанда 340 МДж энергия бөлінетін болса, онда меншікті жану жылуы неге тең?

VІ. Үйге тапсырма беру

  • 11. 7 – жаттығу (6,7,8)

VІ. Бағалау