Біріккен сөздер
Атабаева Сұлухан Нұралықызы
Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұгалімі
Қазақ тілі
4сынып
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: күрделі сөздер жайлы оқушыларға түсініктер беру.
Жер-су аттарын білдіретін біріккен сөздердегі қатар келген екі дауысты дыбыс сақталып жазылатынын түсіндіру.
Екі сөзден тұратын кісі аттарындағы қатар келген екідауысты дыбыстың бірі түсіп жазылатынын айту.
Дамытушылығы: ауызша және жазбаша тілдерін дамыту арқылы байланыстырып сөйлеуге , сөздік қорын, шығармашылық қабілетін арттыру.
Тәрбиелігі: оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, сауаттылыққа әрі көркем жазуға тәрбиелеу.
Түрі: ойын сабақ
Әдісі:топтау, шығармашылық сабақ, түсіндіру,сыни тұрғыдан ойлау.
Көрнекілігі. сурет,тірек сызба,ойындар,қима қағаздар.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
-Басымызды иеміз,
Билейміз,күлеміз.
Бір анда, бір мында,
Қарап ал, айнала.
II.Үй жұмысын тексеру, қорытындылау.
Ереже сұрау. 30 – жаттығу.
III.Жаңа сабақ: Біріккен сөз
1 .Күрелі сөз туралы мағлұмат беру.
Күрделі сөздер |
Біріккен сөздер Қос сөздер Қысқарған сөздер
2.Біріккен сөздерге түсініктеме беру.
Сызбаны пайдалану арқылы сөздерге мысалдар келтіру.
Біріккен сөздер | ||||
Адам аттары | Өсімдік аттары | Жер-су аттары | Ойын аттары | Аң-құс аттары |
Оқулықпен жұмыс.
Ережемен таныстыру:
Екі не одан да көп түбірден құралған сөздерді біріккен сөздер деп атайды.Олар бірігіп жазылады: алабота,балқарағай.
I ойын. «Ой шақыру»
32-жаттығу
Ала Айна
Сексен көл Жар бұлақ
Сасық Кер
аққу |
ақбөкен |
қосаяқ |
тасбака |
шаңсорғыш |
балмұздақ |
Дәптермен жұмыс:
- Ойын «Ақ сандық»
33-жаттығу
Оқушылар сандық ішінен нөмірленген асықтарды алады.Сол нөмір бойынша сұрақтарға жауап береді.Мысалы,
1 2 3 4 5
бұзаубас , Ақмарал, егеуқұйрық , Жетіқарақшы, шекара
III Ойын «Жылдам жауап бер»
34-жаттығу.
Өлеңді оқып, жылдам жаттау және жазу.Өлең ішінен біріккен сөздерді табу.
IV.Ойын «Кім тапқыр»
33-жаттығу
Аққұтан, шекара, көкжиек сөздеріне сөйлем құрап жазу.
V.Ойын «Балық аулау»
36-жаттығу
Әр балықтың арқасында аңдар, құстар, өсімдіктер, жер-су аттары жазылған. Сол атауларды өз тұсына теріп жазу.
1.Аңдар: …, … 3.Өсімдіктер: …, …
2.Құстар: …, … 4.Жер-су аттары: …, …
- «Кім шапшаң?» ойыны арқылы сабақты бекіту.
Біріккен сөздер жазу.(Сайыс түрінде үш қатарға да беріледі).
V.Қорытындылау: Не үйрендік, не білдік? Кестесін толтыру.
VI.Үйге тапсырма: 37-жаттығу
Бағалау.