Заттың тығыздығы.
Сабақ тақырыбы: §32. Заттың тығыздығы.
Сабақ мақсаты:
- Оқушыларға заттың тығыздығы туралы түсінік беру.
- Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.
- Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,
Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үйге берілген тапсырмаларды қалай меңгергендерін тексеру:
- Денелердің өзара әрекеттесуі деген не?
- Мысалдар келтіріңдер.
- Масса дегеніміз не? Оның бірліктерін ата.
- Массаны қалай анықтаймыз?
- Есептердің шығарылуын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Заттың тығыздығы деп сол заттың көлем бірлігіндегі массамына тең физикалық шаманы айтады.
Зат тығыздығының бірлігі үшін ХБЖ-да кг/м3 алынады.
- Пысықтау.
- Заттың тығыздығы деп нені айтамыз?
- Заттың тығыздығын қалай анықтауға болады?
- Қандай тығыздық бірліктерін білесіңдер?
- Тығыздығы мен көлемі бойынша дененің көлемін қалай есептейді?
- Есептер шығару. 12- жаттығу. №1, №2, №5, №7.
VІ. Қорытындылау.
VІІ. Бағалау.
VIII. Үйге тапсырма:§32. 12-жаттығу. №3, №4, №6
7-сынып.
Есептер шығару.
Сабақ мақсаты:
- Оқушылардың дененің массасы, заттың тығыздығы тақырыптары бойынша алған теориялық білімдерін есеп шығару барысында қолдана білуге дағдыландыру.
- Оқушыларды өз бетінше ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
- Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: бекіту
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: карточкалар, В.И.Кем,Б.А.Кронгарт. есептер мен жаттығулар жиынтығы.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен формулаларды еске түсіру.
ІІІ. Есептер шығару.
№263. Екі арбаша әрекеттескенде олардың жылдамдығы 20 см/с-тан 60 см/с-ке өзгерді. Үлкен арбашаның массасы 0,6 кг. Кіші арбашаның массасы неге тең?
№264. Арбашалардың массасы 1 және 3 кг, жылдамдығы 0-ге тең. Өзара әрекеттескен кезде үлкен арбаша 15 см/с жылдамдыққа ме болды. Кіші арбаша қандай жылдамдыққа ие болады?
№279.Шөмелеуші преспен жиналған шөп теңінің массасы 40 кг және мөлшері 90х40х55см. Осы тапталған шөптің тығыздығын табыңдар.
№294. Цистернаға 2 т су сыяды. Осы цистернаға 2,5 м3 бензин құюға бола ма?
№326.Текшенің барлық жақтарының ауданы 150 см2, ал істелген заттың тығыздығы 2700 кг/м3 болса, текшенің массасы қандай болады?
№328. Массасы 200 г жез кірдің көлемін анықтаңдар. Жауабын мензуркамен тексеріңдер.
№308. Ұзындығы 30 см, ені 20 см аквариумнің 25 см биіктігіне дейін су құйылды. Аквариумдағы судың массасын анықтаңдар.
ІV. Карточкамен жұмыс жасаған оқушылардың есебін тексеру.
- Қорытындылау.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма: №265, №307, №309, №300. №3 зертханалық жұмысқа дайындық.