Зертханалық жұмыс Тақырыбы: Қатты дененің массасы мен тығыздығын анықтау.

Зертханалық жұмыс №3.

Тақырыбы: Қатты дененің массасы мен тығыздығын анықтау.

1-тапсырма. Дененің массасын таразыға тартып өлшеу.

Құрал-жабдықтар: таразы, ұсақ кірлер, параллелепипед тәрізді білеуше және массасы әр түрлі кішігірім бірнеше дене.

Жұмыстың барысы.

Дененің массасын анықтау тәсілдерінің бірі таразы көмегімен өлшеу. Осындай таразылармен өлшеу кезінде оның сол жақтағы табақшасына массасы белгісіз дене, ал екіншісыне таразыны теңгеретін кірлер салынады. Дененің массасы таразыны теңгеретін кірлердің массасына тең. Ол үшін:

  1. Таразыны өлшеуге дайындаңдар. Таразының дұрыс теңгеріліп тұрғанына көз жеткізіңдер;
  2. Таразыны бұзып алмау үшін өлшенетін денені және кірлерді таразы табақшаларына жайлап қою керек.
  3. Денені кірлермен теңгеріп болғаннан кейін, таразы табақшасындағы кірлердің массасын есептеңдер.
  4. Өлшеу нәтижелерін төменгі кестеге жазыңдар:
өлшенетін денеДене массасы. гДене массасы, кг
1.
2.
3.

2-тапсырма. Дене тығыздығын анықтау.

Құрал-жабдықтар: тығыздығы анықталатын денелер, мензурка, сызғыш, жіп.

Жұмыстың барысы.

  1. Алдыңғы берілген тапсырмадағы массасы анықталатын денені алыңдар. Параллелипедтің көлемін анықтау үшін сызғышпен оның қабырғаларын өлшеңдер, содан кейін оның көлемін V=abc есептеңдер;
  2. Пішіні күрделі болып келген басқа денелердің көлемін мензурка көмегімен анықтаңдар немесе №1 зертханалық жұмыста көлемі анықталған денелерді пайдаланыңдар. Дене тығыздығын формуласымен есептеп, оны г/см3 және кг/м3-пен өрнектеңдер. Өлшеу және есептеу нәтижелерін төмендегі кестеге жазыңдар.

 

Тығыздығы анықталатын денеДене массасы,гДененің көлемі,см3Тығыздық
г/см3кг/м3

 

  1. Қорытындылау.
  2. Бағалау.