Серпімді деформацияны зерделеу.
Тақырыбы: Серпімді деформацияны зерделеу.
1-тапсырма. Серпімді элементі серіппе болып табылатын мектеп динамометрін градуирлеу.
Құрал-жабдықтар: динамометр, бір тілім қағаз, жүктер жиыны, штатив.
Жұмыс барысы:
- Динамометр шкаласын ақ қағазбен бүркеңдер. Қағаздың екі жағы резеңке сақиналардың көмегімен динамометрге бекітіледі.
- Динамометрге массалары 102 г, 204г, 306г және т.б. жүктерді іле отырып, 1Н, 2Н, 3Н т.с.с. күштерге сәйкес келетін көрсеткіш орнын белгіліеңдер.
- Көршілес сызықшалардың арасын өлшеңдер. Олар өзара тең бе? Неліктен? Осы шкалада ньютонның оннан бір үлестерін белгілеңдер.
- Өздерің жасаған шкаланы заводта градуирленген динамометрдің шкаласымен салыстырыңдар,
- Өлшеу дәлдігін бағалаңдар.
2-тапсырма. Серпімді дене мен оған әрекет ететін ауырлық күші мен оның арасындағы байланысты анықтау.
Құрал-жабдықтар: штатив, ұзындықтары 15-20 см болатын резеңке жіп, ұзындығы 35-40 см болатын бір тілім ақ қатырма қағаз, жүктер, сымнан жасалған ілгек, мектеп динамометрі.
Жұмыс барысы:
- Резеңке жіптердің бір ұшын ілмектеп байлаңдар, екінші жағын қатырма қағазбен біргі штатив қысқышына бекітіңдер. Резеңкелердің ұштары бірдей деңгейде болуына назар аударыңдар. Ол деңгейді қатырма қағазда белгіліп қойыңдар.
- Ілгектің көмегімен массалары m1=m, m2=2m, m3=3m жүктерді кезекпен кезек бір жіпке іліңдер.
- Резеңкенің созылған кездегі орнын белгілеңдер.
- Дененң ілгектің көсегімен екі жіпке қатар іле отырып, тәжірибені қайталаңдар.
- Ауырлық күші мен серпімді деформацияның арасындағы байланысты анықтаңдар. Өлшеу нәтижелерін кестеге жазыңдар. Эксперимент дәлдігі ауқымында Гук заңы орындала ма? Тексеріңдер.
№ | Резеңке саны | Жүк массасы, г | Ауыпрлық күші, Ғ, Н | Жіптің ұзаруы, мм | Жіптің ұзаруы, м |
1 2 3 4 | Біреу Біреу Біреу Біреу |
- Қорытындылау.
- Бағалау.