Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы.

Сабақ тақырыбы: §§30.31. Денелердің өзара әрекеттесуі.  Дененің массасы.

Сабақ мақсаты:

  1. Денелердің өзара әрекеттесуі, дене массасы және оның өлшем бірліктері, дененің массасын анықтау тәсілдері туралы түсінік беру.
  2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.
  3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,

Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тарауды қорытындылау.

ІІІ. Жаңа тақырып.

Денелердің бір-біріне әрекет етуі өзара әрекеттесуі болып табылады.

Мысалдар:

 

 

Денелердің өзара әрекеттесу кезіндегі жылдамдықтарының өзгеру дәрежесін анықтайтын физикалық шаманы масса деп атайды.

Тәжірибе:

Екі дененің массаларының қатынасы олардың өзара әрекеттесуі кезінде тыныштық күйінен шыққанда алатын жылдамдықтарының қатынасына кері пропорционал болады:

Массасының өлшем бірліктері: килограмм, грамм, миллиграмм т.б.

Өлшейтін құрал – таразылар.

 

  1. IV. Пысықтау.
    1. Денелердің өзара әрекеттесуі деген не?
    2. Мысалдар келтіріңдер.
    3. Масса дегеніміз не? Оның бірліктерін ата.
    4. Массаны қалай анықтаймыз?
    5. V. Есептер шығару. 11- жаттығу. №1, №2.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау.

VІІІ.Үйге тапсырма: 11-жаттығу. №3, №4.