Қылтүтіктік құбылыстар.
Сабақ тақырыбы: §62.Қылтүтіктік құбьылыстар.
- Оқушыларға қылтүтіктер, мениск, қылтүтіктік құбылыстар, сұйықтық қылтүтік бойымен көтерілуі туралы түсінік беру.
- Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
- Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.
Демонстрациялар: әр түрлі сұйықтықтардың қылтүтік бойымен көтерілуі.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
- Беттік керілу дегеніміз не?
- Беттік керілудің бар болуын дәлелдейтін мысалдар.
- Қандай жағдайда сұйық дене бетіне жұғады немес жұқпайды?
- Жұғатын сұйықты жұқпайтын сұйықтан қалай ажыратуға болады?
- Жұғу, жұқпау құбылыстарына мысалдар келтіріңдер?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жіңішке түтікшелерде сұйықтың еркін беті қисық болады. Мұндай қисық бетті мениск деп аталады.
| |||||
| |||||
|
Сұйықтық қылтүтіктен көтерілу биіктігі:
σ –қылтүтік жасалған заттың және сұйықтың тегіне байланысты болатын беттік керілу коэффициенті;
ρ- сұйық тығыздығы;
r –қылтүтік радиусы .
V.Есептер шығару.
34-жаттығу.
№1, №2 №3, №4..
- Қорытындылау.
VII. Бағалау.
VIII. Үйге тапсырма: §62.Қылтүтіктік құбылыстар.
34-жаттығу.
№5,№6.
7-сынып.
Зертханалық жұмыс №5
Су ішінде массасы 100 г денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтау.
Құрал-жабдықтар: суы бар ыдыс, массасы әр түрлі жүктер, динамометр, мензурка, жіп.
Жұмыстың барысы:
- Мензурка көмегімен жүктің Vд көлемін анықтаңдар.
- Дененің өлшенген көлем мен су тығыздығы бойынша дене ығыстыратын су салмағын табыңдар.
- Денені жіпке байлап, динамометр ілгегіне іліңдер және оған әрекет ететін ауырлық күшінің мәнін табыңдар.
- Динамометр ілгегіне ілінген жүкті түгелімен суға батырып, оның су ішіндегі салмағын анықтаңдар және ығыстырушы күштің мәнін есептеңдер.
- Ығыстырушы күш ығыстырылған су салмағына тең бе? Тексеріңдер.
- Тәжірибені басқа денемен жасаңдар.
- Тәжірибе нәтижелерін кестеге жазыңдар.
- Бұл тәжірибеде Архимед заңы қандай дәлдікпен орындалатынын бағалаңдар.
№ | Дененің Көлемі, м3 | Дене ығыстырған сұйық салмағы, Р,Н | Дененің ауадағы салмағы, Р,Н | Дененің судағы салмағы, Р1, Н | Ығыстырушы Күш, Fы, Н |
- Бағалау.
- Қорытындылау.