Дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау.
Тақырыбы: Дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау.
Тапсырма. Денелерді суға батырған кезде олардың суда жүзетінін, батып кететінін немесе қалқып шығатынын анықтау.
Құрал-жабдықтар: динамометр, суы бар ыдыс, мензурка, ішіне салынған құмдарының массалары әр түрлі бірдей үш пробирка, тығыздығы белгілі сұйығы бар ыдыс.
Жұмыстың барысы:
- Динамометр көмегімен денеге әсер ететін Ға ауырлық күшін өлшеңдер.
- Мензурканы пайдаланып, дененің көлемін анықтаңдар.
- Денені сұйыққа батырған кезде оған әрекет ететін ығыстырушы күшті есептеңдер:
Ғы=ρgVд
- Ға ауырлық күші мен Ғы ығыстырушы күшті салыстыру арқылы тапсырмада қойылған сұраққа жауап беріңдер.
- Денені берілген сұйыққа батырып, жауаптарыңды тәжірибе жү.зінде тексеріңдер.
- Кестені толтырыңдар.
№ | сұйық | Ға,Н | Vд, м3 | Ғы, Н | Ға мен Ғы қатысы | Батады, жүзеді немесе қалқып шығады |
1. 2. 3. |
- Бағалау.
- Қорытындылау.