Иінді таразылар. Жай механизмдер.
Сабақ тақырыбы: §70.Иінді таразылар. §71. Жай механизмдер.
- Оқушыларға иінді таразылар, жай механизмдер және олардың жұмыс істеу принциптері туралы түсінік беру .
- Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
- Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор, иінтірек, таразылар, блоктар, жүктер
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
- Дененің механикалық энергиясы деп қандай энергияны айтады?
- Механикалық энергияның сақталу заңын қалай тұжырымдайды?
- Иіндік деген не?
- Күш иіні дегеніміз не?
- Күш моменті деген не?
- Қандай шарт орындалғанда қозғалмайтын ось төңірегінде айнала алатын дене тепе-теңдікте тұра алады?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Иінді таразылар
Иінді таразылар дененің массасын өлшеу үшін қолданылады.
Зертханалық теңиінді таразының жұмыс істеу принципін демонстрациялау.
Таразы тепе-теңдікте тұрғанда бұл күштердің күш моменттері тең болуы керек, яғни немесе
Зертханалық теңиінді таразыда күш иіндері тұрақты шама:
d1=d2
m1g=m2g
m1=m2.
Егер кір тастарының массасы өлшенетін дененің массасына тең болса, онда теңиінді таразы тепе-теңдік күйде болады.
Аса ауыр денелердің массалырн анықтау үшін қолданылатын таразылардың оң және сол иіндері әр түрлі ұзындықта жасалады.
Ондай таразының тепе-теңдік шарты:
mgℓ=MgL, мұндағы m-кір тастарының массасы, М-өлшенетін дененің массасы.
Иіндері үшін он саны еселік болып келетін таразылар ондық таразылар деп аталады.
Күшті түрлендіріп, қозғалыс бағытын өзгерту үшін қолданылатын құралдар механизмдер деп аталады.
Жай механизмдерге мыналар жатады: иіндік, блок, шығыр, көлбеу жазықтық және оның өзге түрлері: сына, бұранда.
d1-жұмысшы күшінің иіні,
d2-жүктің ауырлық күшінің иіні,
Ғ1-жұмысшының жасайтын күші,
Ғ2-көтеретін дененің ауырлық күші.
Жұмысшы күшінің иіні ауырлық күшінің иінінен неше есе үлкен болса, жұмысы күштен сонша есе ұтады.
Әр түрлі иіндіктер тұрмыста жиі қолданылады. Мысалы:
Блок дегеніміз-өз осінің төңірегінен айнала қозғала алатын, шетінде науасы бар доңғалақ тегершік.
Жүк көтергенде айналу осі не жоғары, не төмен қозғалмайтын блок жылжымайтын блок деп аталады (а-сурет).
Жылжымайтын блокты теңиінді иіндік деп қарастыруға болады (ә-сурет).
Жүкпен бірге блоктың айналу осі де көтеріліп немесе төмен түсіп отырса, ондай блок жылжымалы блок деп аталады (б-сурет).
В-суретте жылжымалы блок иіндік ретінде көрсетілген. Мұндағы 0-иіндіктің тіреу нүктесі, Р-ауырлық күшінің иіні –АО, Ғ жұмыс істейтін күштің иіні-ВО.
ВО иіні АО иінінен 2 есе артық болғандықтан Ғ күші Р күшінен 2 есе кем. Күш моменттерінің тепе-теңдік шарты бойынша Бұдан: яғни
Күштен ұту үшін жылжымалы және жылжымайтын блоктарды бірге пайдаланады (г-сурет).
- Пысықтау.
- Теңиінді таразының тепе-теңдік шарты қалай оқылады?
2.Теңиінді және ондық таразылардың жұмыс істеу принциптерінің өзгешелігі неде?
- Таразының Ай бетіндегі көрсетуі мен Жер бетіндегі көрсетуі бірдей бола ма?
- Салмақсыздық жағдайында таразы жұмыс ісьей ала ма?
- Бір ғана кір тасымен жұмыс істейтін таразы түрі бар ма? Бар болса, оның жұмыс істеу принципі қандай?
- Жай механизмдер дегеніміз не?
- Жай механизмдердің түрлері қандай?
- Жай механизмедр жұмыстан ұтыс бере ме?
- Иіндікті не үшін қолданады?
- Блок деген не?
- Жылжымайтын және жылжымалы блоктардың жұмыс әрекетінде қандай ерекшеліктер бар?
- Есептер шығару. 41ж. №1, №2.
VІ. Қорытындылау.
VІІ. Бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма: §70. §71 41 –ж. №3, №4.