«Химиктер қатарына қабылдау» 8 класс оқушыларына арналған үш көріністі іс — шара

«Химиктер қатарына қабылдау» 8 класс оқушыларына арналған үш көріністі іс — шара

Мақсаты : Оқушының пәнге деген қызығушылығын оятып,  санасында химияның басқа да салалармен байланыстылығы туралы білімін қалыптастыру

 

                                            Бірінші көрініс

 

1-оқушы (ұл).Бүгін сіздерді химия әлеміне қызықты саяхат күтіп тұр.

2-оқушы (қыз). Біз саяхатымызды  Ясный ауылының  №41мектебінің химия кабинетінен бастаймыз.

1-оқушы. Сенде айтады екенсің.

2-оқушы.Иә,сен қарашы дұрыстап,мынау Менделеевтің периодтық кестесі,ал мынау ерігіштік кестесі.Бақылау жұмысындағы тапсырмаларды осыларға қарап орындауға болады.

1-оқушы.Ол,үшін бұл кестелерді оқып үйренуіміз керек.Элементтердің латын тіліндегі мағынасын білуіміз керек.

2-оқушы. Қорықпа бірдеңе етіп жолын табамыз.Таба алмасақ басқа оқушылар көмектеседі.

1-оқушы.Алмынау қандай кітап (оқиды); «Ұлым менің философиялық сыныпты ал».Сандырақ.(қолын сілтейді).

2-оқушы.Бұл сен ойлағандай сандырақ емес.XIV ғасырдағы Джордж Риплидің «философиялық тас» пен «көмір эликсерін» алудың әдісі.

1-оқушы. Егер уақыт машинасына отырып,5-6ғ.кейін шегініп, ертеде оқушылардың формулалар мен теңдеулерді оңай есептеу үшін қандай әдістер қолданғанын қарасақ қайтеді.

2-оқушы.Тек екеуміз саяхатқа шыға алмаймыз.Оқушылардың бізбен баруын өтінеиік.

1-оқушы.Бізбен бірге саяхатқа  барамын деушілер бірге жүрсін.

2-оқушыЕнді танысып қоялық (өздерін таныстырады)

1-оқушы.Әзір болсаңдар, кеттік!.

 

 

                                                 Екінші көрініс.

 

Екі оқушы ,қолдарында кітап бар.Бұлар оқымысты достар.

2-оқушы (қыз).Қызық,біз қайда келдік! Мүмкін білім қоймасы болар.

1-оқушыСендер кімсіңдер?

1-оқымысты.Біз оқымысты достармыз.Түрлі кітаптарды оқығанды жақсы көреміз,сізге көптеген қызық оқиғаларды айтып бере аламыз. Бәріненде сұрақ қойғанды жақсы көреміз.

2-оқымысты. Мен қонақтарға алдымен «химия» сөзінің пайда болу тарихын айтып берейін. Бұл туралы бірнеше болжамдар айтылады.Алғаш химия ғылымы Мысыр елінде  дамығандықтан, «химия» сөзі «кеме»,яғни қара жер деген  сөзден шығуы мүмкін. Немесе «хюма» — металдар құймасы деген , сондай-ақ «ким» -алтын сөзінен де шығуы мүмкін.

1-оқушы.Алтынның қатысы қандай?

2-оқымысты. Ертеде қару-жарақтың барлығы  алтыннан жасалған. Алтын-адамдар өңдеген алғашқы металл. Бұдан кейін күмісті өңдеген,сосын темірді өңдеген.

1-оқымысты.Мен сіздерге  бір мета туралы айтайын. Ертеде бұл металды «аспан тасы» деп атаған. Бұдан жасалған өнімдер алтыннан да қымбат саналады. Мысыр пирамидаларында  бұл жұмсақ металдан  жасалған әсемдік  бұйымдар табылған. Мен қандай метал түрінде айтып тұрмын? (жауабы темір)

2-оқымыст. Ал мен бір күрделі зат туралы айтқым келеді. Бұл затты ертеде  өмір мен өлім туғызушы зат деп есептеген . Мұның алдында адамдар басын иіп  құлшылық еткен. Құдіреттің, Байлықтың және биліктің мөлшері болып есептелген. Суда пайда болады да ,суда өледі.Бұл қандай зат? (жауабы ас тұзы)

1-оқымысты.Біз қызықты кітаптарды  әр түрлі тілдерде оқимыз. Сіздерге химия тілінде қызықты сұрақтар қояйық, ал сіздер өз  тілдеріңізбен жауап беріңіздер.

Оқымысты-Жылтырдың бәрі (Аu) емес.

Оқушы-(Жылтырдың бәрі алтын емес)

Оқымысты-кальций карбонатындай  езіліп жылады.

Оқушы-(Бор сияқты езіліп жылады)

Оқымысты-Феррум мінезді.

Оқушы – (мінезі темірдей)

Оқымысты-Аз сөз –аурум, көп сөз –аргентум.

Оқушы-(Аз сөз алтын,көп сөз күміс)

Оқымысты –Көп H2O ағып кетті.

Оқушы-(көп су ағып кетті).

Сахнаға иығында қабы бар саяхатшы шығады.

Саяхатшы.Сәлеметсіздерме балалар! Жол болсын!

2-оқушы. Біз химия әлеміне саяхат жасап жүрміз

Саяхатшы.Иә мен білемін,  бұл өте ғажайып ел, бірақ адасып кетпеу үшін бұл ьелде географиялық атауларды білу керек.Қане сұрап көрейін.

  • Қандай элементтер елдің атымен аталады? Жауабы: германий,франций,полоний, рутений,геллий.
  • Қандай элементтердің буындарынан өзендердң  аттарын оқуға болады? Жауабы:радон-Дон,нилсьборий-Нил,индий-Инд,полони-По.
  • Қай элементтер еуропадағы қалаларының атымен  аталады? Жауабы:гафний-Копенгаген, гольми-Стокгольм,лютенцы-Париж.
  • Қай элементтің аты аралдың атымен байланысты? Жауабы:мыс,купрум-Кипр.

Саяхатшы.Менің барлық сұрақтарыма мідірмей жауап бергендеріңіз  үшін сіздерге  химиялық элементтер кестесін беремін.Жолдарыңыз болсын!

 

 

                                         Үшінші көрініс

Үстінде ақ халаты бар,алхимик жұмыс істеп жатыр.

1-оқушы.Міне,қызық!тағы бір жерге тап болдық!

2-оқушы.Кешіріңіз сіз не істеп жатырсыз?

Алхимик.Жанбайтын орамалмен  от жағып жатырмын.Ал сіздер бұл жерде не істеп жүрсіздер?

1-оқушы.Біз саяхатта жүрміз.Химия әлеміментанысқымыз келеді.

Менделеев.Сіздер дәл келдіңіздер. Мұнда түрлі қызықтарды көріп өз біліміңізді де көрсете аласыз.

  • Ал оқушылар, маған мына құрал-жабдықтардың не үшін керек екендігін атыңыздаршы.

Оқушылар үстелдегі құралдардың аттарын атап, қайда және не үшін қолданылатынын айтады.

Біліміңізді көрсету үшін сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Физикалық дене неден тұрады? (Заттан)

  1. Физикалық қасиеті тұрақты заттар? (Таза заттар)
  2. Химиялық құбылыс (Реакция)
  3. Құрамы мен қасиеті заттың өзімен бірдей болып  келетін заттың  ең ұсақ бөлшегі? (Молекула)

5.Атомдардың белгілі бір түрі? (Химиялық элемент)

  1. Заттар және олардың бір заттан басқа жаңа затқа айналу қасиеті туралы ғылым? (Химия)

7.Өте ұсақ бөлінбейтін бөлшек? (Атом)

8.Атомдардың белгілі бір  түрінен тұратын заттар? (Жай заттар)

9.Жаңа зат пайда болмайтын , тек заттың агрегаттық  күйі өзгеретін  құбылыс? (Физикалық)

10.Заттың құрамын,химиялық таңбалардың  және шартты бегілердің  көмегімен жазу? (Химиялық формула)

Менделеев. Өте жақсы! Сіздердің химия еліне  бірнеше жыл саяхат жасауға  мүмкіндіктеріңіз бар.Болашақта көптеген жаңа  және қызықты  нәрселермен танысасыздар.

Химиктер қатарына қабылдау үшін сідер ант берулеріңіз керек.

 

«Біз, 8-сынып оқушылары, химия сабағында  тәртіпті болуға ,қауіпсіздік ережесін бұзбауға , үнемі үй тапсырмасын  орындап жүруге , барлық сұрақтарға жауап беруге ант етеміз!»