«Электорлиттік диссоциация» тарауы бойынша қайталау.
Сабақтың тақырыбы: «Электорлиттік диссоциация» тарауы бойынша қайталау.
Сабақтың мақсаты: 1. Тарау бойынша оқушылардың білімді меңгеру дәрежесін анықтау
- Оқушылардың жаттығу жұмысын орындау және есептер
шығару арқылы ойлау қабілетін дамыту.
- Оқушылардың топпен жұмыс орындауын ұйымдастыру және бір-
бірінің ойларын тыңдауға, пікірлесуге,ұйымшылдыққа үйрету.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ (әр аялдамада 5 оқушыдан топтасқан, әр топ
тырғанда неше грамм тұнба түзілоқушылары тапсырманы орындап, келесі топқа қосылып отырады.)
Сабақтың көрнекілігі: ерігіштік кесте,
тірек – сызбанұсқалары
Сабақтың барысы.
1.Саяхатқа дайындық: (экраннан тәжірибелерді көру, көрген
тәжірибелердің теңдеулерін «зеректер» аялдамасында жазу.)
- «Білімқұмарлар» аялдамасы (интерактивті тақтада берілген тірек — сызба белгілерін
пайдалана отырып, оқушылардың білімдерін тексеру.)
- «Зеректер» аялдамасы: (төмендегі тапсырмалар бойынша ион алмасу реакция
теңдеулерін жазу)
А/ Мына қосылыстардың диссоциациялану теңдеулерін жазу
H2 SO3 ; K 3 PO4 ; ZnCL 2 ;
H 3PO 4 ; Ba(OH) 2 ; Na2 SO4 ;
В/ Реакция теңдеулерін аяқтап, теңестіріп, толық және қысқартылған иондық
теңдеулерін жазу
Na2 SO4 + Ba(OH) 2
K2CO3+HNO3
LiOH+HCI
C/ Қысқартылған иондық теңдеулерге сәйкес молекулалық және толық иондық
теңдеулерін жазу
Cr3++3OH— Cr(OH)3
Pb2++2OH— Pb(OH)2
Ag++CI— AgCI
Химиялық лото: (бірнеше формулалар жазылып , ретсіз орналасқан карточканы ретімен орналастырып , толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазу)
2HCI Na2 SO4 BaSO4 BaCI2
Na2CO3 H2O 2HF 2NaF CO2
HNO3 H2O KOH KNO3
4 . «Химиктер» аялдамасы:
А/ Массасы 6,4 г күкірт жанғанда неше литр (қ.ж) күкірт(IV) оксиді түзіледі.
В/ Массасы 200 г темір сульфиді ерітіндісін массасы 8 г натрий гидроксидінің ерітіндісімен араластырғанда неше грамм тұнба түзіледі.
С/ Тығыздығы 1,31 г/мл , массалық үлесі 28%, көлемі 500 мл натрий гидроксиді ерітіндісі, тығыздығы 1,25 г/мл, массалық үлесі 40%, көлемі 500 мл азот қышқылымен әрекеттескенде неше грамм NaNO3 түзіледі?
5 «.Мектеп» аялдамасы: (оқушылардың білімін бағалау, үйге тапсырма беру)